.
.
Тақырыбы: Ұстаз Тақырыбы: Ұстаз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2259 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты:
1.Ұстаздың білім берудегі орны,білімділігі жайында оқушылар ұғымын кеңейту;
2.Оқушылардың ақыл-ойын,дүниетанымдарын,шығармашылық қабілеттерін дамыту;
3.Ұстаздарды құрметтеуге,үлгі ете білуге тәрбиелеу;
Типі:жаңа білімді меңгерту;
Түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:нақыл сөздер,слайд,әндер.
Әдісі:сұрақ-жауап,топтастыру,әңгімелесу,сын тұрғысынан ойлау элементтері
Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу,музыка,тіл ұстарту.
Барысы.
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан жағымызға қарап ап,
Аздап күліп аламыз.
Сабақты біз жақсы оқып,
Кілең бестік аламыз.
-Балалар,біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өткелі тұр.Себебі,біз сиқырлы тақтасы бар сыныпқа қонаққа келіп отырмыз.Көңіл-күйлерің қалай?Бәрі де өз қолымызда.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
*Мектептегі білім күні. /әңгімелеу/
* “Мен біріншіге барған күн.” /1-сыныпқа алғаш барған күндерін естеріне түсіріп,қағаз бетіне жазу./
-Ұстаз деп кімді айтады?
-Ол қандай қасиеттерімен ерекшеленеді?
-“Ұстаз”туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер ме?
ІІІ.Жаңа сабақ.
-Олай болса,балалар, мен сендерден ұстаз туралы неге сұрап отырмын?Себебі,бүгінгі өтетін тақырыбымыз “Ұстаз” деп аталады.
Ұстаз деген кім?
-Ұстаз-алғаш қолыңа қалам ұстатып әріп танытып,болашағыңа жол сілтеуші,аса құрметті тұлға
-Ұстаз-жақсы мен жаманды,обал мен сауапты үйретіп,адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіруші.
-Ұстаз-шәкірттердің жанашыры,әрі ақылшысы.
Демек,білім арқылы адамның көзін ашқан,дұрыс өмір сүрудің жолын үйреткен,адамгершілік пен әдептіліктің не екенін үйреткен ізгі ниетті,жақсылық жасаудан, “үйретуден жалықпайтын”кең жүректі ұстаздарды құрметтеу керек.
Бір ғұлама артына мынадай өсиет қалдырған екен: “ұстазына құрмет көрсетеген адам мынадай 2түрлі кесірге ұшырайды:
1.Басына білім қонбайды.
2.Азын аулақ білгендері болса,ол көпке бармайды.
Сондықтан шәкірттің ұстазға деген құрметі төмендегіше болу керек:
*Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу.
*Ұстаздың алдында отырғанда әдеп сақтау.
*Сұрақтарға қолын көтеріп жауап беру.
*Ұстаз айтқан ақыл-кеңестерге мұқият құлақ қою.
*Ұстазға жол беру.
*Ұстаздың берген тапсырмаларын мүлтіксіз орындау.
*Ұстазды үнемі құрметтеу.
*Ұстазының алдында киімінің жинақылығына көңіл бөлу.
*Ұстаздың алдында берекетсіз күлмеу,жан-жағындағыларға жалтақтай бермеу.
*Ұстазды сабақтан тыс уақытта да құрметтеу.
Мысалдар келтіріп оқу.Міне бұл мысалдар ұстазға деген құрметтен,ұстаздың қадіріне жетуден туса керек.Әрбір ересек парасатты адам өз ұстазына деген құрметін ешқашан жоғалтпауы тиіс.
Даналар деген екен:
*Ұстаз бәрінен де қымбат,өйткені ұстаз мектептің жүрегі./ Ы.Алтынсарин./
*Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін,әжемнен өмір алсам,ал ұстазымнан өмірімді жақсы,мағыналы өткізу туралы білі алдым. /Б.Момышұлы./
-Балалар,сендер ұстаздықтың қыры мен сыры ұстаздықтың құдіреті туралы ұғындыңдар деп ойлаймын.Осы менің айтқандарыма қосымша оқулықта не бар екен білейік.
ІҮ.Оқулықпен жұмыс.
*“Ұстаз” мәтінін оқып түсіндіру.
*Тапсырмаларды орындау.
1.Неліктен барлық адамдар алғашқы ұстаздарын қмытпайды?
2.Өз мұғалімің саған несімен ұнайды?
3.Сыныптағы бір оқушы туралы әңгімеле.
Ү.Дәптермен жұмыс.
Өзіңнің алғашқы мұғалімің туралы әңгіме жаз немесе өлең шығар.
ҮІ.Сергіту сәті.
Жұмбақжасыру./ мектебіміздегі мұғалімдер туралы/
“Бұл қай мұғалім?”
Мектепті біздің басқарып,
1.Ұстаздықты да атқарып жүрген кім?
2.Мектебіміздегі оқу ісінің меңгерушісі кім?
3.Қазақ тілі пәнінің мұғалімдерін ата.
4.Тарих пәнінің мұғалімін ата.
5.Мектебіміздің биологы.
6.Бастауыш сынып мұғалімдерін ата.
ҮІІ.Бекіту.
Сұрақ:
-Ұстаз туралы тақырып сендерге ұнады ма?
-Олай болса,сабақтың басындағы топтастыруларыңды сабақ бойына қандай мәлімет алдыңдар сонымен толықтырыңдар.
*5жолды өлең құрау.
*Сыр сұхбат.
Алғашқы ұстазыңыз кім?
Ұстаз болу бала күнгі арманыңыз ба?
Ұстаздық еткеніңізге неше жыл болды?
Ұстаз болу қиын ба?
Бірінші сыныпқа барған күніңіз есіңізде ме?
ҮІІІ.Үйге:
“Мен ұстаз болсам...” деген тақырыпта эссе жазу.
ІХ.Бағалау.
Назым Фатихқызы
ІІсанатты бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Сатыбалды орта жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
3-сынып
Темірғалиева Н.Ф.
2011/2010о.ж.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.