.
.
Сабақтың тақырыбы: Табиғат- әсемдік әлемі Табиғат- әсемдік әлемі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1681 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: «Табиғат», «сұлулық», «адамгершілік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Көрнекі құралдар: Табиғаттың суреттері, плакат, қоржын, қима суреттер, доп, мәтіннің мазмұнына сай суреттер, үнтаспа, бейне ролик, стикерлер.
Қайырлы күн құрметті қонақтар және оқушылар!
Шөліркемей гүл тұрсын! (сол қолын жайып көтереді)
Жерім жайнап құлпырсын! (оң қолын жайып көтереді)
Нұрын сыйлап біздерге (екі қолын жоғары көтереді)
Көкте мәңгі күн тұрсын! (екі қолын төбесіне көтереді)
Сабағымыз ерекше болмақ, яғни біз әр түрлі мекендерді аралаймыз.
Олай болса бірінші мекеніміз «Топтасу» мекені.
Балалар, әдеттегідей сабағымызды бастамас бұрын топқа бөлініп алайық. Топқа бөліну үшін мен 2 түрлі кәмпиттер әкелдім. Қазір әр бала өзіне ұнаған кәмпитін алып қай үстелдің үстінде осы екі кәмпиттің түрі жатқан үстелге барып отырады.
Өте тамаша! Енді осы отырған екі топ өздеріне ат қояды. «Жануарлар» және «Құстар» тобы атанды.
Келесі мекеніміз «Бейне жазба» мекені. Бұл жерде сендерге бейне ролик көрсетіледі. Сендер мұқият қарап отырып келесі сұрақтарға жауап бересіңдер (бейне ролик тамашалау).
- Бейне жазба не жайлы?
- Көріп отырғанда қандай сезімде болдыңдар?
Мұғалім сөзі:
Дұрыс, айтасыңдар бейне жазба табиғат жайлы болды. Ендеше біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Табиғат - әсемдік әлемі»
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз – деп сабағымызды бастайық.
Табиғат – бізді қоршаған дүние: аспан мен жер, тау мен су, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына
тамсанған, таңданған, қуанып, шабыт алған және қамқорлық жасаған.
Ислам
Көктем келді, көктем келді сағынта,
Бүршік атты алма ағаштар бағында.
Біздің үйге ұя салды, алақай!
Былтыр кеткен қарлығаштар тағы да.
Арсен
Дала гүлге оранады,
Түрлі түске боянады.
Нұрлы көктем келген кезде
Табиғат та оянады.
Рауан
Көктем келді, көктем келді далама,
Қуанып жүр ата-ана да,бала да.
Қарымыз еріп, жылғалардан су ағып,
Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.
Арнур
Табиғат-ол анамыз
Табиғатқа баламыз.
Құшағында ойнаймыз,
Шаттық әнге саламыз.
Әлішер
Жазда аралап тауын да,
Барамыз біз бауына.
Өзеніне шомылып,
Жүгіреміз жауында
Ендігі мекеніміз «Суреттер мекені». Көрсетілген суреттер жайлы не айтуға болады?
Келесі мекен «Табиғатпен біргеміз!» (коллаж жасау) шығармашылық тапсырма. Табиғат көріністерінен, сурет қиындыларынан құрастыру. Әр топ көшбасшысы шығып таныстырып өтеді. (оқушылардың жұмыстары смайликпен марапатталады, ал оқушылар шапалақпен ынталандырылады)
Табиғат жайлы тақпақтар айту Ұлпан, Жалғас, Диана.
«Көрініс мекенінде» біз «Күн мен гүлдер» деген көріністі тамашалайық.
Ендігі кезекте ойын ойнап алайық «Жер, су, ауа, от».
Ойынның барысы: Балалар дөңгелене тұрады.
Кез келген ойыншыға «Жер!», «Су!», «Ауа!», «От!» деген сөздердің біреуін айтып қолымдағы допты лақтырамын.Допты тосып алған бала «Жер!» десем кез келген жер беіндегі тіршілік иелерін, жан-жануарларды, «Ауа!» десем құстардың атауын , «Су!» десем балықтардың атауын(жайын, сазан, шортан, бекіре, табан, алабұға, жылын балық…т.б) айтып допты қайта лақтыруы тиіс. Ал енді «От!» сөзді естігенде дотпы ұстап алып, үндемей, арқасымен бұрылуы тиіс.
Проблемалық сұрақтар қойылады
- Табиғат аясындағы демалысқа бардыңдар ма?
- Қай жерлерге бардыңдар?
- Жер бетіндегі табиғат неше топқа бөлінеді?
Дұрыс айтасыңдар! Жер бетіндегі өлі және тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты, өзара үйлесімді тіршілік етеді. Осы тіршіліктегі тепе-теңдік бұзылса, табиғат апатқа ұшырайды. Осыған дәлел «Арал» теңізі. Олай болса «Аралдан ұшқан аққулар» деген әнді тыңдайық. Ортаға Нұратты, Аружанды, Ажарды, Дамирді шақырайық.
Ендігі кезекте «Ментальді картамен» жұмыс жүргізейік. «Жануарлар» тобы «Тірі табиғат», ал «Құстар» тобына «Өлі табиғат» жайлы жазу тапсырылады. (смайлик беру және қошемет көрсету)
«Құстар» мекеніне де келіп жеттік. Балалар жыл құстары өз жерлеріне оралып жатыр емес пе? Осы құстардың біреуі бізге тапсырмалары бар қоржын әкеліпті.
1 тапсырма. Тіршілік иелерінің атынан хат жазу.
2 тапсырма. Табиғатта неге ұқсағың келеді? (смайлик, қошемет)
Сергіту сәті.
Біраз шаршаған шығармыз. Олай болса «Бурундуки» деген сергіту сәтін жасап біраз серігіп алайық.
«Клоуэ» тестіне кезек берейік.
Бұл тесттің барысы: өлеңнің кей бір жолдарының сөздері жоқ. өлеңді есте сақтап, жатқа жазу керек.
Дала гүлін жинаған,
Жазып ерлік дастанды.
Аталарым сыйлаған,
Бізге ашық аспанды.
Дала ------------ жинаған,
Жазып ерлік --------------
------------------ сыйлаған,
Бізге ------------- аспанды.
Аты-жөні:--------------------
Рефлексия «2 жұлдыз, 1 тілек»
Рефлексияны стикерлерге жазу. Сабақ барысында ұнаған жерлерін 2 жұлдызға жазу, ал 1 тілекке бүгінгі күнге, бір-біріне немесе ұстазға тілек жазу.
Тау мен тас
Өзен мен көл бұлақтар,
Мөлдір ауа, ал қызыл гүл жайнаған.
Жер бетінде сыбдырласқан құрақтар,
Аман болғай, ақ сәулелер ойнаған- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Ақжал негізгі мектебі
Ашық тәрбие сағат
Тақырыбы:
(3 «Ә» сыныбында өткізілді)
Өткізген: Жиенбаева Г.Қ.
2013-2014 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.