Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Ә Табылды. “Аппақ бала” -

Ә Табылды. “Аппақ бала”

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2577 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Ә Табылды. “Аппақ бала”
Сабақтың мақсаты:
1.Мәтіннің мазмұнымен таныстыру, мәтінді
дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
2.Оқушылырдың сөздік қорын, логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Оқушылырды таза жүруге, әдептілікке, адамгершілікке, сұлулық пен әдемілікті сезініп сүйсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ , саяхат түріндегі сабақ.
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ жауап.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.1 слайд
Амансың ба, көк аспан?
Амансың ба, алтын күн?
Амансың ба, жер ана?
Амансың ба, достарым?
Сәтті өтсін сабағын!

Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:
- Оқушылыр, бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені бәріміз саяхатқа аттанамыз.
- Саяхат дегеніміз не?
- Саяхатқа біз Республикамыздың елордасы, мақтан тұтатын бас қаласы- Астанаға барамыз. Бірақ жол алыс болғандықтан, алдымызда қиындықтар кездеседі. Біз бірнеше кедергілерден өтуіміз керек. Оларға толық жауап берсек Астанаға жетеміз. Астананың көрікті жерлерін тамашалаймыз.

Үй тапсырмасын қайталау.
Үйге қандай тапсырма берілді? Тасымал
Оқушыларға қойылған сұрақтар.
1. Жазу кезінде Ернар неліктен қиналды?
2. Ернар апасына неліктен үлкен дәптер сатып әперші деді?
3. Тасымалдау не үшін керек?
Оқушылардың жауабы дұрыс болды.
Астананың көрікті жері “Астана- Бәйтерек” монументін тамашалау

“Ой –қозғау” 2 слайд
Анықтаманы қайталау.
- Тасымал - дегеніміз не?
- Тасымал- дегеніміз бір жолға сыймай қалған сөзді екінші жолға буынға бөліп тасымалдау.
Мысалы:
Мектеп мек-теп ана
Шеше ше-ше апа
Бала ба-ла өзен
Қарлығаш Қар-лы-ғаш өрік
Тасымалданбайтын сөздер: ата, апа, әже, әке, өзен, өрік, ою, аю.

Бір әріпті жолға тастап кетуге не болмаса екінші жолға жалғыз әріпті апаруға болмайды.
Астананың көрікті жері “Президент Резиденциясы”3 слайд.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 4 слайд
Бүгін балалар біз “Аппақ бала” мәтінімен танысамыз. Бұл мәтінде Асан деген бала туралы айтылады. Асан кір қожалақ, үсті басына қарамай қалай болса солай жүре береді екен. Содан ол өз бет әлпетін айнадан көріп қатты ұялыпты.
1. Автор туралы мәлімент.
2. Мәтінді мұғалімнің оқуы.
3. Оқушылардың мәтінді тізбектей оқуы.
4. Сөздік жұмыс.
Мәусек-тіс щеткасы.

Астананың көрікті жері: “Думан” ойын- сауық кешені.5 слайд.

ІV. Жаңа сабақты пысықтау.
“Мағынаны ашу”
1.Асанға анасы неге жуынып, таза жүр деді?
2. Жуынып таза жүрудің денсаулыққа қандай пайдасы бар?
3. Сымбатты болу үшін не істеу керек?
Астананың көрікті жері. “Каз мұнай газ компаниясы” 6слайд.

Суретпен жұмыс.
Екі баланың суретін салыстыру. 7 слайд.
1. Кір қожалақ бала.

Күнде бетін жумайды
Жу десен-ақ тулайды
Өз-өзінен өкпелеп
Жатып алып жылайды

2. Мектепке бара жатқан тап –таза бала.

Тазалықты сақтау үшін
Бір кісідей күресемін
Үй сыпырып мен өсемін
Кітап оқып мен өсемін

Есінде сақта: 8 слайд.
Денің сау болсын десең
1. Тұла бойыңды, ең болмағанда мойыңды, көкірегіңді, арқаңды салқын сумен күніне бір рет жуып тұр. Денеңді таза ұста, жұмасына бір рет жылы суға шомылып тұр.
2.Шомылардың алдында жалаңаш отырма, терлейсің. Терлеген дене жылдам салқындайды, суық тез тиеді
3. Ішкен – жеген сайын, ертеңді – кеш аузынды тазалап шай. Аузыңды таза ұстасаң, тіс ауруларының көбінен құтыласың.Тамақ жеген сайын тісіңді тіс тазалауышпен жақсылап тазала. Тісінді күнде жатарда тазала. Мәусегіңнің қылы тым қатты не өте жұмсақ болмасын.
Таза жүру үшін қандай заттар керек?
Топтастыру стратегиясы

Жаз: Сабын, тіс пастасы, тіс щеткасы, шампунь, тарақ, орамал.

Жаңылтпаш: 9 слайд.

Аппақ бала аппақ па?
Сатпақ бала аппақ ба?
Аппақ бала аппақ та!
Сатпақ бала сатпақ та!

Астанаға саяхат. Көрікті жерін тамашалау. 10 слайд.
Қосымша материал. Балалар, 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Біз өз Тәуелсіздігімізді 16-шы желтоқсанда 1991жылы алдық.Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Ата Заңы бекітілді.

1-бала.
Он алтыншы желтоқсан -
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәнгілік
Ел жадында қалған күн.

2-бала.
Он алтыншы желтоқсан-
Елдің ұлы мейрамы.
Жаңа шыққын көктемдей-
Жаз күніндей жайдары.

3-бала
Арымыздай тап-таза ,
Жанымыздай шуақты.
Көтерілді биікке,
Қазақстан байрағы.
Сонымен балалар, сабағымыз аяқталды. Астананың көрікті жерлерін тамашаладыңдар.
VІ. Сабақты қорытындылау:
-Сабақта өткен мәтіннің тақырыбы қалай аталады?
-Анасы Асанды қалай атайды?
-Ағалары Асанды қалай атайды?

VІІ. Үйге тапсырма:
Мәтінді оқып мазмұндау.


VІІ. Оқушыларды бағалау:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын анықтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.