.
.
Ойын сабақ «Тапқыр болсаң, тауып көр».
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1532 | Размер: | Автор: Нартай4540№19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ноғайбаева Раушан, Семей қаласы
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Тапқыр болсаң, тауып көр».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Математика сабағында алған білімдерін тексеру және тереңдету.
Дамытушылық: Тез ойлауға, жылдам есептеуге баули отырып, ой-өрістерін кеңейту.
Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Кеме, су сылдыры жазылған үнтаспа, кеспе сандар, кестелер, балықтың суреті, үлестірмелер.
Сабақтың түрі: Ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (1,5 мин).
2. Математикалық диктант (2 мин).
3. «Ұшқыр ойдан ұтымды жауап».
4. Ойлан, тап.
5. Ой толғау.
6. Ой қозғау.
7. Қорытынды.
Ұйымдастыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ. Себебі, бүгінгі сабаққа көп қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз қазір мына кемеге отырып, білім теңізі арқылы «математика» еліне саяхатқа шығамыз! (Үнтаспадан теңіз суы толқып кеменің, қозғалысы естіледі). Іске сәт! Бір-бірімізге мейірім, сәттілік тілейік. Сабақ 7 кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Бақытты сәт» деп аталады. Себеі, біз қазір үлкен кеменің ішінде ашық теңізде кетіп барамыз. Алдымен 3 топқа бөлініп, каютаға жайғасып отырып алайық.
1-топ. «Алғырлар».
2-топ. «Ойшылдар».
3-топ. «Талаптылар».
Білім теңізінде жарысып көрелік. Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазайық.
Көркем жазу минуты 5 жазамыз.
Математикалық диктант.
1. Бір қолыңда неше саусақ.
2. Біп аптада неше күн бар?
3. 7 мен 9-дың арасында қандай сан?
4. Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?
5. 1-қосылғыш, 7-екніші қосылғыш 2 қосындысының мәні неше?
6. 1 жылда неше ай бар?
7. Азайғыш 8, азайтқыш 3 айырманың мәні?
8. 10-ның үлкен алдында қандай сан?
9. Ең үлкен 1 таңбалы сан?
10. Ең кіші 1 таңбалы сан?
Қорытынды. Тексерейік, қол шапалақтау арқылы. Жауаптары: 5,7,8,42,9,12,5,9,9,10.
2-кезең. Ұшқыр ойдан ұтымды жауап.
Үш топтың оқушыларына 1,2,3,4,5 сандарын беремін. Осы сандарды пайдаланып, тігінен де, көлденеңінен де қосқанда шығатындай етіп орналастыр.
Қорытындысын шығарамыз. Жылдам тапқан топқа жұлдызша беремін.
3-кезең. Ойлан, тап. Оқулықпен жұмыс. Кітабымыздың бетін ашайық, суретке қарап есеп құрастырайық. Қорапта 4 қарындаш, столда 2 қарындаш. Барлығы неше қарындаш?
Мұғалім: Есеп не туралы?
Оқушы: Қарындаш туралы.
Мұғалім: Есептің шарты бойынша не белгілі?
Оқушы: Қорапта қарындаш, столда 2 қарындаш жатқаны белгілі.
Мұғалім: Есепте нені сұайды?
Оқушы: барлығы неше болғанын сұрайды.
Жақсы, барлығын табу үшін қандай амал қолданамыз?
-Барлығы деген ұғым тұрғандықтан қосу амалын пайдаланамын№
-Есептің шешуін айта ғой.
- 4+2=6
Тақтаға жазып көрелік.
Қ – 4қ ? қ
С – 2қ
4+2=6 (қ). Жауабы 6 қарандаш.
Сонымен, есеп шығу үшін алдымен біз несін білуіміз керек?
Есеп шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.
Сергіту сәті (1 мин).
Тақтаға 3 топтан кезек-кезек шығып есеп шығарады.
4-кезең. Ойтолға.
Балалар, біз қандай геомтериялық фигуралармен таныстық. Ендеше тақтаға қарайық. Мына фигуралардан неше үшбұрыш, неше төртбұрыш көріп отырсындар?
- 7 үшбұрыш, 4 төртбұрыш.
- Өте жақсы, енді 1-топтағы оқушылар ұзындығы 3 см болатын кесінді сызады. 2-топ 3 см-ден 1 см кем болатындай етіп, кесінді сызады. 3-топ 3 см-ден 1 см артық кесінді сызады.
5-кезең. Ой қозғау.
Балалар, мына тақтадағы берілген сандарды таңдау арқылы сұраққа жауап беріп көрелік.
Сол жақтағы 20-6 санының құрамы. Ортадағы 10-6 бәтеңкені неше адам киеді. Оң жақтағы 5-9-бен 6-ның қайсысы артық.
Оң жақтағы 4 үшбұрыш деп қандай фигураны айтамыз?
Ортадағы 10 – 10 санының құрамы.
Сол жақтағы 10 азайту амалының компоненттерін айт.
Сол жақтағы 10 – 10-ның 5-тен нешеуі кем?
Ортадағы 5-10-нан бастап кему ретімен сана.
Оң жақтағы 20- қосу амалының компоненттері ата.
Қорыту: Дұрыс және тез жауап берген оқушыларға жұлдызша беремін. Ал енді қолдарында сан және әріп жазылған оқушылар тақтаға келіңдер. Қолдарындағы сандардың кему ретімен тұрыңдар.
9 8 7 6 5 4 3 2 1
Ж А Р А Й С Ы Ң !
Оқушылардың білім теңізінде көрсеткен, дәлелденген білімдерін бағалайық. (Тақтаға тағы бірнеше оқушы шығады).
Мұғалім: «1» дегенім жаман баға,
Алады оны нашар бала.
«2» дегенім нашар баға,
Алады оны жаман бала.
Ерлан, сен нашарлама,
«3» дегенім орта ғана,
Сапасы да орта ғана.
«4» дегенім» жақсы баға,
Алады оны жақсы бала.
«5» тек үздік баға
Оқимыз тек үздік қана!
Өте жақсы, ендеше білім теңізіне «Математика» еліне саяхатымызды аяқтайық. (Судың сылдыры, кеменің жүзуі үнтаспадан естіледі.).
Барлығына көп рахмет. Сабақ аяқталды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.