.
.
«Тапқыр достар» сайысы «Тапқыр достар» сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1369 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.
2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ;
Әдісі: көрнекілік, ойын, сұрақ–жауап.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер , қабырға газеті ,кестелер ,сөзжұмбақтар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің атын,ұранын айтады.
2 –кезең: «Жұмбақ есептер»
3-кезең: «Ой қозғау » ойыны.
4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.
5-кезең: «Сөзден сөз жаса »
6-кезең:«Аяқтай біл »
1-кезең Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.
«Алғырлар» - тобы. Ұраны. «Қандай сынақ болса – дағы беріспе
Әрқашанда үміткер бол жеңіске»
«Тапқырлар» тобы. Ұраны: «Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар »
2-кезең «Жұмбақ есептер»
1-топ
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)
2-топ
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)
3-кезең: «Ой қозғау» ойыны.
Қайталанып келген әріптерді алып тастау арқылы жасырынып тұрған сөзді табу.
1-топ 2-топ
СҰСЯСЛСЫС СТСЕСЛСЕСФСОСНС АКАОАМАПАЬАЮАТАЕАРА
Жарайсыңдар, олай болса мен сендердің осы екі ұғым туралы не білетіндеріңді көрейін. Ол үшін алдарыңда берілген схеманы толтырыңдар!
Түсіндіру:
Ұялы телефонның пайдасы ең негізгі әрі тиімді байланыс құралы болып табылады. Бұл пайдалы жағы болса, сонымен қатар зиянды жағы да қатар жүреді. Ұялы телефонды он жылдан бері ұстап жүрген адамдар қатерлі ісік ауруына шалдығады. Қазіргі уақытта осы құрылға арқылы науишник арқылы әуендер тыңдайды. Ол адам ағзасына өте зиянды, әсіресе есту мүшесі-құлақ. Құлақтың сыртқы бөлігі қабынады, сонымен қатар миға да зақымын тигізеді. Ұялы телефонды денеңе жақын ұстауға болмайды. Себебі, денеңе улы ултракүлгін сәулелер шашырап, сол жерге түрлі жаралар мен қатерлі ісік ауруына шалдығады.
Компьютер арқылы біздер жазу жаза аламыз, сурет сала аламыз, музыка, кино көре аламыз. Сонымен қатар балалардың жақсы көретін ойындарын ойнай аламыз. Тышқанның қолдың бұлшық еттеріне әсері бар. Компьютердің әр бір құрылғысының зиянды жақтары бар. Мысалы, монитордан шыққан ултракүлгін сәулелері көзге, кеудеге зиянын тигізеді. Балалар күніне компьютер алдына 20-25 минут қана отыру керек.Сондықтан балалар компьютер алдында ұзақ уақыт отырмаңдар!
4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы. Төртбұрыштың орнына сан қойып,мақалды оқу.
1-топ І1-топ
Ер .......рет өледі, ....рет өлшеп,
Қорқақ ....рет өледі. ....рет кес.
......құзғын таласса, .......кісі қазған құдықтан,
.......қарғаға жем болар. ......кісі су ішеді.
....тістен шыққан сөз, Білгенің бір ....
.....рулы елге тарайды. Білмегенің .......
5-кезең: «Ізденіс – жеміс кепілі» » әр топ 1 минутта сөзтудырым жасайды.
1-топ І1-топ
ТАПҚЫР ДОСТАР
6-кезең:«Аяқтай біл » Суретті аяқтау.
Осы екі бетте аяқталмаған кескіндер салынған. Егер оған сызықтар қосса, онда қызық заттар немесе суреттер пайда болады. Бұл тапсырманы орындауғы 10 минут беріледі. Басқа ешкім ойластыра алмайтын етіп, суретпен оқиға табуға тырысу керек7. Сурет үшін қызықты атты ойлап тауып, оны суреттің төменгі жағына жазып қою.
ІІІ. Қорытынды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.