Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
« Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары » -

« Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары »

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3281 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ордабекова Меруерт
Шымкент қаласы № 23 көпсалалы лицей мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: « Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары »
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушылардың тау жайлы алған білімдерін тереңдету,
теориялық және практикалық білімдерін шыңдай түсу.
Тәрбиелеу: Тау жайлы түсіндіре отырып эстетикалық, экологиялық тәрбие беру, табиғатты қорғауға, аялауға үйрету, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке үйрету.

Дамыту: Оқушының ойлау қабілетін, іскерлік дағдысын, есте сақтау, ой-өрісін, қабілетін дамыта отырып жылдамдық, көрегендік қасиеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс. Кубизм, ЭССЕ. Бес жолды өлең.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
II. Үй жұмысын тексеру, сұрау
III. Жаңа сабақ.
Ендеше, бүгінгі сабақта таулы жер өсімдіктері мен жануарлары туралы мәтінді оқып үйренеміз.
Стратегия: Ой қозғау.
1. Балалар тау туралы не білесіндер ?
а) Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді.
ә) Таудың басында қар жатады.
б) Тауда барыс, бұғы, бүркіт т.б. тіршілік етеді.
в) Тауда демалыс орындары салынады.
г) Тау басында маса, сона болмайды т.б

Тауды қандай ірі-ірі топтарға бөлуге болады, балалар дей отырып тақтаға « Тау » сөзі жазылған плакат ілінеді.
Стартегия: Топтастыру әдісі.
Оқушылар тақтаға шығып өздері жазады.

Оқушыларды 6 топқа бөліп ( топ « өсімдік », 2 топ « тастар », 3 топ « құстар », 4 топ « жыртқыш аңдар », 5 топ « ағаштар », 6 топ « жануарлар» отырғызамын. Әр топқа өз аттарын плакатқа жаздыра отырып қорғату.

1 топ 2 топ 3 топ
Қызғалдақ әктас бүркіт
сарғалдақ тау пиязы құр тазы қара
гранит қырғи

жаужапырақ рауаш мәрмәр ұлар жапалақ

4 топ 5 топ 6 топ
Қарағай барыс елік
итмұрын мойыл түлкі сілеусін тауешкі жабайы шошқа
долана
тобылғы шырша доңыз аю қасқыр бұғы арқар

Әр топ өз аттарын жазып болған соң көршілес топпен ауыстырып, бір-бірімен алмасып толықтырады. Әр топ өз аттарын жазғанын қорғайды жұппен талқылайды.
Яғни « Тау » дегенде көз алдымызға өсімдіктер, тастар, құстар, аңдар, ағаштар, жануарлар елестейді екен дей отырып топтастырып аламыз.
Мәтінді оқып, мазмұнын ашамын.
Бейнефильмнен үзінді көру.
Стратегия. « Кубизм »
Алты қырында алты тапсырма берілген кубикті қолданамыз.
1. Суреттеңіз « Құстар » ( түсі, формасы, пішіні, көлемі, салмағы т.б.)
2. Салыстырыңыз « Тау » ( бірнеше затпен салыстыру, неге ұқсайды, қандай басым ерекшеліктері бар?)
3. Зерттеңіз « Тастар » ( қалай жасалған, құрал неден тұрады, қашан пайда болған, қандай мақсатта пайдаланылады ? )
4. Ойыңызбен байланыстырыңыз « Жануарлар » ( осы затқа, құбылысқа қарағанда ойыңызға не келеді?)
5. Қолданыңыз және іске асырыңыз « Өсімдік » (өзінің жеке қызметінен басқа тағы да қандай салада, тұрмыстық қай жағында пайдалануға болады?)
6. Қарсы шығыңыз немесе қолданыңыз « Ағаштар » ( осы заттың немесе құбылыстың келтірер пайдасы немесе зиянын ажырату).

Оқушылар топ бойынша кубизм стратегиясымен жұмыс жасайды. Оны әр топ өздері лидер сайлап, өз сұрақтарына жауап беріп, дәлелдейді.

Сергіту минутын өткізу.
Ой толғаныс. Стратегия.
Сабақты қорыту: Бес жолды өлең

Зат есім:-
Сын есім:--
Етістік:---
4 сөзден құралған сөйлем
Балама сөз:-

Стратегия: ЭССЕ жазу. ( оқушының жеке көзқарасын білдіру етіп шағын шығарма жазу)
Тақырыбы: « Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары»
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма:
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жөнінде қосымша мағлұматтар іздеу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.