.
.
Математика 2 «А» сынып Теңдеулерді шешу
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3924 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Теңдеулерді шешу
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Теңдеу шешуді қалыптастыру
1. Білімділік: Мемлекеттік білім стандарты деңгейде білім, білік және дағдыларды игеру, теңдеу ерекшеліктерін түсіну және білімдерін тереңдете түсу.
2. Дамытушылық: Салыстыру дағдысын, қорытынды жасай білу, негізгі ойды ажырата білу, өз пікірін қысқаша жеткізуді дамыту;
3. Тәрбиелік: Сыныптастарын сыйлай білуге, айналасындағыларды тыңдай білуге тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдіс - тәсілдер: көрнекілік, ойындар, венн диограммасы.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, қима қағаздар
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
1,2,3
Сынып іші тып-тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Балалар жылдың қай мезгілі? Қай ай? Аптаның қай күні? Алда қандай мереке келе жатыр? Қыста жер бетін не басады? Қардан не жасаймыз?
II.Білімдерін тексеру.
Кел, ойнайық! Аққалаға қалпақ кигіз .
100 78 29 35 33
10 20 15 1 2
5 7 5 20 20
14 6 80 14 56
Логикалық есептер шешу.
1. 4 қойдың неше аяғы бар? (16)
2. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут керек? (3мин)
3. Бөлмеде 4 мысық отыр. Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4)
4. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50 кг)
5. Адамның 10 қолында неше саусақ бар? (50)
Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде жер бетін не басады? Қардан не жасаймыз?
Ш. Үйге берілген тапсырманы сұрау. Есептерді оқыту.
«Математикалық сөзжұмбақ шешу»
Әріптерді жауаптың өсу ретімен орналастыру.
11-3= ң 6+8= е 18-9=д
12-7= т 7+8=р 7+6=л
15-9= е 6+6=у 9+2= е
5 6 8 9 11 12 13 14 15
Т е ң д е у л е р
IV. Жаңа сабақ
Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Теңдеулер шешу:
Сұрақтар: Теңдеу дегеніміз не?
- Белгісіз саны бар теңдікті теңдеу дейміз.
- Белгісіз сан немен белгіленеді?
- Теңдеуде белгісіз сан латын әріптерімен белгіленеді.
- Теңдеу шешу дегеніміз не?
- Теңдеу шешу дегеніміз - теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу. Белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі немесе теңдеудің шешуі деп аталады.
Қызығушылықты ояту
Санды өрнек пен теңдеуді салыстырыңыздар: 20+50=70 х+50=70
Венн диаграммасы
Мағынаны тану. Бірлесе іздеп, талқылау
А) Ертегі оқу
Сандар мен белгілер патшалығы қайғыға тап болыпты! Өрнек отбасының бір ханшасы жоғалып кетіпті. Ханшадан еш хабар болмапты. Сонда патша жар салыпты: Кімде - кім белгісіз ханшаны тапса, соған ханшаны әйелдікке беремін және жарты патшалығымды сыйға тартамын. Көптеген патша балалары мен серілер ханшайымды тапқысы келіп іздейді, бірақ біреуі ғана ханшаны тауыпты. Ол қалай тапты екен? Қане, сіздер де тауып көріңіздер. Таба аласыңдар ма?
№2,3 есептерді шешу жолдарын түсіндіру және ханшаны табуға көмектесу.
76-х=6
х=76-6
х=70
Теңдеулерді шеш:
57 - х=7 64- х=4
х=57-7 х=64 - 4
х=50 х=60
Т:57-50=7 Т: 64-60= 4
7=7 4 = 4
Сергіту сәті
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам аламыз,
Көркем етіп жазамыз.
Дәптермен жұмыс.
№3 есепті тақтаға оқушыларды шығарып теңдеуді шешкізу.
64-х=4 53+х=56 81-х=80 х+70=100
Х=64-4 х=56-53 х=81-80 х=100-70
Х=60 х=3 х=1 х=30
«Ойлан, тап» бекеті
1. Көлден ұшқан 15 қаз
Қайтып қонды 9 қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қәне, кім тез шешеді? (6)
2. Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа
Сонда қалды неше алма? (4)
3. Бір –бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан.
Екі қоян, бір түлкі,
Бәрі нешеу кім білді? (8)
№4 Есепті қысқаша жазу..
Қалам -60 тг
Дәптер -?, 20 тг кем
60+ (60-20) =100(тг)
Жауабы: барлығы 100 теңге
Қалам -60 тг
Дәптер -?, 20 тг арзан
60-20=40
Жауабы: дәптер 40 тг тұрады.
IV. Білімді бекіту
№7 есепті ойын түрінде ұйымдастыру.
Кім зерек?
9+8=17 17-8=9
19+8=27 27-8=19
29+8=37 37-8=29
39+8=47 47-8=39
VI. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен таныстыңдар?
Теңдеу деген не?
Белгісіз сан немен белгіленеді?
Теңдеуді шешу деген не?
VII. Үйге тапсырма: №5,6 есеп 105-106 бет
VIII. Оқушылар еңбектерін бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.