.
.
Теңгелер еліне саяхат Теңгелер еліне саяхат
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1427 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау арқылы төл теңгеміздің тарихымен танысу
Міндеті:
• Теңгенің тарихымен саяхат барысында оқушыларды таныстыру;
• Шығармашылығын, ойын, тіл машығын, талдау, қорытындылау дағдысын дамыту;
• Патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы, саяхат сабақ
Технология: Блум таксаномиясы, «Сын тұрғысынан ойлау», «Ойын арқылы оқыту»
Сабақтың әдісі: БББ, талдау, жинақтау, кіші сұрақтар
Көрнекілігі: АКТ (презинтация), ақшалардың суреттері, сөйлем мүшесіне талдау ережесі.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа даярлау.
Психологиялық дайындық жүргізу
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек?
Ақиқатты айту үшін!
Ал аяғың не үшін керек?
Шетте жүрсем
Туған елге қайту үшін!
Жаңа сабақтың барысы: Білу: Білетінің еске түсіру
Ендіше туған елімізге қатысты сөз жұмбақ шешейік. Ол үшін сөйлем мүшелері жайлы білетінімізді еске түсірейік.
1. 9 әріптен тұратын бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшесі қалай айтамыз? (тұрлаусыз )
2. (7 әріп) Қай кезде бастауыштан кейін сызықша қойылады? (егер баяндауыш зат есімнен жасалса)
3. «Көйлектің түсі көк» сөйлемінде Көйлектің сөзіне қандай сұрақ қоямыз? 5әріп (ненің?)
4. Сөйлем мүшесі нешеге бөлінеді? (екіге) 5әріп
5. Бастауыштың сұрағын ата? (не?)2әріп
Еліміздің ұлттық валютасы «теңге» сөзі шықты.
Биылғы жылы төл теңгемізге неше жыл толды?
Теңге жайлы не білесіңдер?
Ендіше бүгінгі сабақта сөйлем мүшелерімен бірлесе теңгелер еліне саяхатқа шығамыз.
Тапсырма: Мына елдердің валютасын атандар? Сонда саяхаттың картасы шығады.
Америка(доллар), Өзбекстан (сом), Ресей (рубль), Қытай(юань), Германия (евро), Түркия (лир),Қазақстан (теңге).
Көркем жазу: Теңге десе бірінші Отан десе екінші Бұл қайсы әріп екенін Біреу айтып берсінші (Т әріпін көрке жаз)
Бірінші аялдама «Байырғы теңгелер қалашығы»
«Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған.Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәмізде бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIVғ аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің монеті айналыста болды. XVI-XVIII ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды.Қазақтың « тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзінен шыққан. Ерте замандарда теңгелердің Түркістан, Тараз қалаларындағы арналуы шеберханаларда жасаған екен.»
Түсіну:Өз сөзімен жазу, ұсыну
Мультфильм «Алдар көсе» «Өзің қанша қаласаң сонша бере сал»
Тапсырма: Мультфилімді ары қарай жалғастырып жаз. Сөйлем мүшелеріне талда.
Рефлексия жаса. (баланың құқығы, сол кездегі теңгенің рөлі)
Екінші аялдама «Алғашқы теңгелер қалашығы»
Еліміздің тәуелсіздік алған кезінде айналымда пайдаланған ақшалармен таныстыру (1 сурет)
Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.Олар Ұлыбританияның дымқыл ауасын жұтып, үлкен еңбектерінің нәтижесін теңгені елге жеткізді.Алғашқы теңге « Харрисон Санс » фирмасында бір жыл ішінде өңделіп, басылды. Демек, теңгенің алғашқы нұсқасы Англияда шықты.Ұлттық теңгеміздің шеттері қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген.Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғалары бейнеленген. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған.
Қолдану: Адамдардың есімдерін жетекшілікке алып, сұраққа жауап беру
Тапасырма: «Қысқа сұрақтар»
1 топ
Әбу-Насыр –әл –Фараби Отырарда дүниеге келген.Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған.Түркі,парсы,араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді.Грек,латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.
1Сұрақ Әбу насыр әл Фараби неше теңгелік наминалда бейнеленген? (1тг)
Сүйінбай Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Сүйінбай халық мұңын мұңдап,үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып,әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы,адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.
2Сұрақ Сүйінбай ақын неше теңгелік наминалда бейнеленген? (3тг)
Құрманғазы – қазақтың күйші, сазгері,домбырашысы.
3Сұрақ Атақты күй өнерінің классигі қанша теңгелік банкнотта бейнеленген? ( 5тг)
2 топ
Шоқан Уалиханов қазақтың ғалымы, саясатшысы, географы, суретшісі, әдебиетшісі, тарихшысы.
1Сұрақ Қазқтың жас ғалымы Шоқан Уалиханов қанша теңгелік банкнотта көрсетілген? (10тг)
20 теңгелік банкнотта қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы бейнеленген.
2Сұрақ Қазақтың ұлы ақыны,сазгер,философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы кім? (Абай)
3 топ
Әбілқайыр кіші жүздің ханы. Қазақ жастарының қолбасшысы.
1Сұрақ Күшімен, айласымен,батылдығымен, шабуылды ұйымдастыра білуімен даңқы шыққан қазақтың ханы неше теңгеде бейнеленген? (50тг)
Оның азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр.Оған Төле би « Сабалақ » деп ат қойыпты.Өсе келе ұрыстарға қатысып « Абылайлап » ұран салады.
2Сұрақ Жүз теңге наминалында кім бейнеленген? (100тгАбылай хан)
(2сурет Алғашқы теңгелер)
Сергіту жаттығуын орындау «Бурундуки»
Үшінші аялдама «Кәзіргі теңгелер қалашығы» ( 3 cурет Кәзіргі теңгелер)
Бұл теңгелер жайлы не білесіңдер?
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда №2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
Талдау: Дәлелдеп, сұрақ қою арқылы сөйлем мүшелерін айыру.
Тапсырма: Берілген өлеңді сөйлем мүшелеріне талдап жаз.
Теңге, теңге, теңгелер, Теңге адамға дем берер. Тіршіліктің арбасы, Теңгеменен дөңгелер. Теңге, теңге теңгелер, Теңгеге не тең келер? Баққан малың қорада, Теңгеменен жемделер.(тақтамен жұмыс)
Теңгенің симвлымен танысу, артынан жаңа жиырма мың теңгенің суретімен таныстыру.
Жинақтау: Ойларын жинақтап айту, жазу
Тапсырма: Алдарындағы қағазға топпен ақылдасып 20000 теңгеге арнап тілек не өз пікірлерінді жазыңдар.
«Адасқан сөздер» ойыны
«Теңге- ұлттық табыстың кепілі». (Неліктен сызықша қойылғандығын дәлелде)
Бағалау: топ басшылары өз топтағы топ мүшелерін бағалайды. Себебі....
Бағалау: сабақтан нені түйгенің пайымдап айту
Қорытынды: БББ стратегиясы бойынша қорытынды жасату.
Үйге: Теңге жайлы әңгіме құрап, сөйлем мүшесіне талда.
Өзіндік талдау
«С. Сейфуллин атындағы гимназия» КММ бастауыш сынып мұғалімі Л.А. Абдурашид 3 «Б» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Сөйлем мүшелері» тақырыбында өткізген сабағының өзіндік талдауы.
Оқыту формасы: Саяхат сабақ
Сабақтың түрі: бекіту сабақ
1. Заманауи білім беру парадигмасына сәйкес сабақтың мақсаты: Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдау арқылы төл теңгеміздің тарихымен таныстыру.
Мұндағы менің рөлім фасилитатор (ұйымдастырушы) болу еді.
2. Сабақ кезінде оқушылардың танымдық іс әрекетін теңгенің түрлерімен, оның тарихымен таныстыру арқлы дамыттым.
3. Оқушылардың өз бетімен іс әрекеттері сөз жұмбақ шешуде, өлеңді сөйлем мүшелеріне талдауда, әңгімені жалғастыру кезінде байқалды.
4. Сабақта оқушылардың комуникативтік өзара байланысы қысқа сұрақтарға жауап беру кезінде, жиырма мың теңгеге пікір жазу барысында жоғары байқалды.
5. Мен өз сабағымда Алдар көсенің мультфильмінен үзінді көрсеттім. Ондағы мақсатым әңгімені өз ойымен жалғастыру арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту еді.
6. Сабақтың әр кезенінде бағалау мен рефлексия жүрді. Сабақ соңында топ жетекшілері топ мүшелерін бағалап, себебін түсіндіріп берді. Тек сабақты қорытындылау кезінде менің жіберген кемшілігім «БББ» әдісін жүргізгенде уақыт тапшылығына байланысты асығыстық жасап, оқушылар өз ойын толық жеткізе алмады деп ойлаймын.
7. Сабақты Блум таксаномиясының алты бөлімі бойынша құрып, «Сыни тұрғыдан ойлау» технологиясының «БББ», «қысқа сұрақтар» әдісін және оқушылардың логикалық ойын дамыту мақсатында «Адасқан сөздер» ойының қолдандым.
8. Қорытындылай келгенде сабағыма қойған мақсатыма жеттім, бірақ өзіме түйгенім топтық жұмыс жүргізгенде оқушыларды өз ойларын топта талқылап барып жауап беруге дағдыландыруым керек. Себебі әлі де болса кейбір оқушылардың бойындағы «мен» қағидалары топтық жұмыста көрініп отырды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.