.
.
ШҚО Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп Тік төртбұрыштың ауданы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1648 | Размер: | Автор: Нартай4540Камзина Гүлза Сайлауғалиқызы, бастауыш сынып мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы.
Сабақтың мақсаты:Тік төртбұрыштың ауданын табу ережесімен таныстыру.
1.Тік төртбұрыштың ауданын табуды үйрету.
2.Ойлау,сөйлеу,есеп шығара білу қабілеттерін дамыту.
3.Таза,әдемі жазуға жолдастыққа,достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,флипчарт,слайдтар.
Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3.Ауызша есептеу.
4.Жаңа тақырып.
5.Кітаппен жұмыс.
6.Қорытынды.
7.Бағалау. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: -сәлеметсіңдер ме, балалар? Біздің бүгінгі математика сабағымыз ерекше болып өтейін деп тұр.Өйткені,біздің бүгінгі сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Барлық күш-жігерімізді салып , білімімізді көрсете білейік.Ендеше сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жақсы тілектер айтып,көңіл-күйімізді көтеріп алайық.
1-слайд. «Күн шуағы». Тақтадағы тілектерді оқып шығайық.
-Өте тамаша.Енді үй тапсырмасына шолу жасайық. 2-слайд.
Х+46= 215 х-92=120
Х =169 х=212
-Жақсы.Бүгінгі сабағымызды ауызша есептеуден бастайық.(2-слайд)
-Біздің бүгінгі тақырыбымыз «Тік төртбұрыштың ауданы» деп с\аталады.(слайд 4)
Аудан туралы не білесің?Бір фигураның ауданын білу үшін фигураны келесі фигураның үстіне қойып,үлкен-кіші екенін білеміз.
Мысалы:1)Үшбұрыштың ауданы дөңгелектің ауданынан үлкен.
2)Тік төртбұрыштың ауданы үшбұрыштың ауданынан үлкен.
3)Дөңгелектің ауданы тік төртбұрыштың ауданынан үлкен.
-Ауданның өлшем бірлігі не? Ауданның өлшем бірлігі квадрат сантиметр.
-Тамаша.Енді тақтаға назар аударайық.(слайд 5). Не көріп тұрсыңдар?(тіктөртбұрыш).Тіктөртбұрыш неше шаршыдан құралған? Неше қатар бар? Неше баған бар?Қалай тез есептеуге болады? Ендеше,осыдан мынандай ереже шығаруға болады:Тік төртбұрыштың ауданын табу үшін ұзындығы мен енін көбейтеміз. Яғни, Ауданы ұзындығы *ені. Мысалы,тіктөртбұрыштың ұзындығы 3 см,ені 5 см болса,оның ауданы қанша болады? 15см кв.Қазір мына кестеге назар аударайық. Флипчарт 1.№2
.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы Тіктөртбұрыштың ені Тіктөртбұрыштың ауданы
9 см 3см ? см кв.
? см 4 см 28 см кв.
10 см ? см 30 см кв.
Флипчарт 2. №3.
Тіктөртбұрыштың ұзындығы Тіктөртбұрыштың ені Тіктөртбұрыштың ауданы
6 см 4 см ? см кв.
? см 3 см ? см кв. бірдей
6 см ? см ? см кв.
-Көп рахмет.Енді №6 есепке назар аударайық.. Флипчарт 3. №5.
24:4+6*3 =24 500:5-50*2= 0 90*5-900:3 =150
200*4:8-50= 50 30*8+16-200= 56 40*2+20+100 =200
Флипчарт 4. №6.
Ұзындығы-4 м
Ені-?,2 м қысқа
S-?
Шешуі: 4-2=2(м, ені)
4*2=8 м кв.
Жауабы: Тұскиіздің ауданы 8 м кв.
-Сонымен тік төртбұрыштың ауданын табу үшін не істейміз?
-Ұзындығын табу үшін не істейміз?
-Енін табу үшін не істейміз?
-Қазір сабақты қалай меңгергенімізді тест арқылы тексерейік.
Сұрақтары: 1.Егер тіктөртбұрыштың ұзындығы 4 см ,ал ені 2 см болса, оның ауданы неше кв. см болады? А) 6 см кв. б) 8 см кв. в) 10 см кв.
2.Егер шаршының қабырғасы 3 см болса, оның ауданы неше см кв. болады?
А) 6 см кв. в)7 см кв. с) 9 см кв.
3.Егер тіктөртбұрыштың ауданы 15 кв. см болса, ал ұзындығы 5 см болса, оның ені неше см болады? А) 3 см в) 5 см с) 4 см
4.Егер тіктөртбұрыштың ауданы 12 см кв., ал ені 3 см болса, оның ұзындығы неше см болады? А) 4 см в) 6 см с) 2 см
5.аудан бірлігін көрсет. А) дм в) см кв. с) м
-Өте тамаша. Енді тіктөртбұрыш пен шаршының қасиеттерін Венн диаграммасы арқылы еске түсірейік.
Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.