.
.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №4 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тілекова Назгүл Ақатқызы Тіктөртбұрыш және шаршының ауданы. Санның квадраты
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2802 | Размер: | Автор: Нартай4540Математика 3- сынып
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш және шаршының ауданы. Санның квадраты
Сабақтың мақсаты: фигураның ауданы туралы түсінік беру, фигураның аудандарын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру.
Пәндік нәтиже: оқушылар «аудан» ұғымын және оның өлшем бірлігі шаршы см туралы біледі. Палетканың көмегімен ауданды табу ережесін үйренеді.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есептеу, жаңа тақырыпты меңгерту, топпен жұмыс жасау, топта талдау.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, бейнелеу, дүниетану.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта. үлестірмелі топшамалар, кесте.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:
Психологиялық тренинг. (оқушылар шаңырақ құру арқылы, бір біріне тілек айтады.
2. Білімдерін белсендіру және оқу іс – әрекетіндегі қиындықтарды анықтау.
3. Жаңа тақырып.
Ой қозғау.
Фигуралардың қиындылары үлестіріліп беріледі. Артындағы жасырылған өрнекті шешу мақсатында. Фигураны табады. Сол фигураның периметрін табады.Тақтада берілген фигураның қабырғаларын санай отырып. Ауданын табуды үйренеді.
Периметрмен ұзындығы мен ені белгілі затты табуға болады. Ал ауданмен кез – келген фигураның, партаның, үйдің, тақтаның ауданың табуға болады.
Шаршының ауданың табу үшін оның ұзындығын өзіне – өзін көбейту керек.
S =a*a=a2
Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне көбейту керек.
S =a*b
Оқулықпен жұмыс
№ 1. Берілген тіктөртбұрыштардың периметрі мен ауданын тап.
№2 Кесте бойынша үш есеп құрастыр және оларды шығар.
Тік төртбұрыштың ұзындығы Тік төртбұрыштың ені Тік төртбұрыштың ауданы
9см 3см ?см2
?см 4см 28 см2
10см ?см 30 см2
№3 (Палетканың көмегімен орындау) Толық шаршылардың сана, толық емес шаршыларды санап оны 2- ге бөлу арқылы. Фигураның ауданын тап.
№4 Көбейтінділерді көбейткіштердің квадратына ауыстыр
3*3 6*6 8*8 9*9 7*7 5*5 2*2
№5. Суретте қанша үшбұрыш және төртбұрыш бар? Қарындашты фигурадан алмай және бір сызықты 2 рет бастырмай, осындай фигура сызып шыға аласың ба?
Қорытынды.
Сөйлемдерді жалғастырып ережені толықтыр.
1-топ: Шаршы ауданын табу үшін оның ұзындығын өзіне – өзін_________ керек.
2-топ: Тіктөртбұрыштың ауданын табу үшін, оның ұзындығын еніне _______керек
3-топ. Шаршының ауданын жаз
4-топ: Тіктөртбұрыштың ауданын жаз.
Үйге тапсырма.
№ 6, №7
Бағалау, мадақтау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.