Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Тіктөртбұрыштың периметрі -

Тіктөртбұрыштың периметрі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 7618 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың мақсаты; Тіктөртбұрыштың периметрін есептеу дағдыларын жетілдіру;тиімді тәсілмен есептеуге үйрету.
1.Ұйымдастыру кезеңі.сабақтың мақсатын түсіндіру.
2.Тірек білім,білік,дағдыларын белсендіру.
Сабақтың барысы;Сәлеметсіздер ме балалар!Отырыңдар
Бізде қазір математика сабағы, бізге көптеген қонақтар келіп отыр,қонақ аз отырып,көп сынайды деген сөз бар, сондықтан да қонақ алдында сынға түспей, өз білімімізді көрсете білейік.Іске сәт!
Сабағымызды бастамас бұрын әдеттегідей ортаға шығып, атып келе жатқан таңмен және де бүгінгі келген қонақтармен амандасайық.
«Қайырлы күн» деп айтамыз
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз-деп хормен айтады.
Математикадан өткен сабағымыз тіктөртбұрыштың периметрін әртүрлі тәсілмен табу. «Қайталау- білім анасы» демекші, бүгін сол сабағымызды қайталаймыз./Үй жұмысы дәптерлерін жинап алу./Әрине топқа бөлінсек жақсы болар еді.Сыныпта 3 оқушы.Сондықтан да әр оқушы өзі үшін намысқа тырысады. Бүгінгі сабағымызды біз жұлдызшалар, шаршылар ,үшбұрыштар арқылы бағалаймыз яғни жұлдызшалар жинаған бала 5 алады, шаршылар жинаған бала 4 алады, үшбұрыштар алған бала 3 алады.
Өткен сабағымызды «Бәйге» ойыны арқылы тексеріледі.
Ұяшықтардағы қалаған сандарыңды таңдайсыздар, астарында сұрақтары болады,сол сұрақтарға жауап бересіздер.
1.Өткен сабақты қайталау.
.Тік төртбұрыш деген не? (Тік төртбұрыш-барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш)
• Периметр деген не? (көпбұрыштың периметрі деп оның барлық қабырғаларының қосындысын айтады)
• Перимет рдің формуласын көрсетіңдер? Р=(а+в)*2
• Үш төбесі бар геометриялық фигура? (үшбұрыш)
• Шаршының қабырғаларының ұзындығы 20 см, периметрі нешеге тең? (80)
• Ұзындық өлшем бірліктері? (мм, см, дм, м, км)
• Аудан формуласын көрсетіңдер? S= a*в
. Көбейту амалының қасиеттерін ата.Сонымен өткен сабақты қорытайық тіктөртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен есептеу, яғни
І тәсіл (60+20)*2꞊ 80*2꞊160см
ІІ тәсіл (60+20) *2꞊ 60*2+20*2꞊120+40꞊160см
көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалана отырып шығару.
3.Оқулықпен жұмыс.Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің
числосы жазылады. № 2 1 оқушы тақтада орындайды

2.Деңгейлік тапсырмалар
1-деңгей
Қабырғасы 5 см болатын шаршы сызып,оның ауданын,периметрін есепте.
2-деңгей
Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10см,ал ені одан 2есе қысқа тіктөртбұрышты сызып,ауданы мен периметрін есепте.
3.Оқулықпен жұмыс.Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күннің
числосы жазылады. № 2 1 оқушы тақтада орындайды
4. Тақтаға роботтың аппликациясы ілінеді.Оқушылар
геометриялық фигуралар жиынтығын алады.Роботты
құрастырады.
5.Карточкамен жұмыс.
1.669-167, 1000-459.
2.(120+300)꞉7
(500-20)꞉60
720 ꞉8+200
3.Дүкенге 600 торкөз дәптер,400 жолды дәптер әкелінді.Дәптерлердің бестен бір бөлігі сатылды. Қанша дәптер қалды?
6.Сергіту сәті./ Музыка ырғағымен/
7.Тағы қандай геометриялық фигураларды білеміз?
/ тақтадағы геметриялық фигуралармен таныстыру /
Геометрия деген сөз нені білдіреді?
Жаңа ақпарат.
Геометрияның даму тарихынан үзінді
«Геометрия» сөзі гректің «ге»- жер метео-өлшеу сөзінен шыққан.Геометрия ежелгі Мысырда біздің заманымызға дейін 2000 жылы,яғни 4000 жыл бұрын болған. Египет фараоны жерді бөлді,әрбір мысырлыққа шағын жер берді,фараонға жер салығын төледі.Ніл өзені арнасынан асып,жер телімдерін су басып қалатын болғандықтан, фараон жер өлшеушілерді жіберіп, жердің қаншалықты кішірейгенін анықтатып,неше салық алу керектігін белгілеп отырған.ОсылайшаМысырда геометрия пайда болып,ол жақта басқа елге тараған.
8. Оқулықпен жұмыс.
9.Қорытынды
Тест жұмысы
1.Аудан бірліктерін тап.
а/см.дм,м с/сағ,мин,сек.
в/см,дм,м д/кг,г, т.
2.Қабырғасы 2см текшенің көлемі неге тең?
а/ 6см с/ 2см
в/ 4см д/ 8см
3.Төрттен бір бөлігі 15 мин болатын уақыт бірлігін тап.
а/ 30 мин с/1 сағ
в/ 45 мин д/40 мин
4.Шаршының периметрі 40см.Оның қабырғасының
ұзындығы нешеге тең?
а/ 9см с/6см
в/ 10см д/15см
5.Ұзындығы 32см сымнан қабырғасы 8 см болатын шаршы жасауға бола ма?
а/ иә с/ жоқ
• Сабақта не қайталадық?
• Не үйрендік? Ол не үшін керек?
• Ауданды қалай есептеп табамыз?
• Ауданның бірліктерін атаңдар?
• Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?

Үйге тапсырма;№3 есеп. Үйіңдегі кілемнің ауданын тап. Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.