.
.
Қайрғалиева Саулемай Уресовна Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1632 | Размер: | Автор: Нартай4540І санатты бастауыш сынып мұғалімі
М.Әуезов атындағы №2 ЖОББМ
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Сабақтың тақырыбы: Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Мақсаты: оқушыларға ана тілін құрметтеп, қадір-қасиетін ұғындыру,қазақ тілінен алған білімдерін жүйелей отырып, адамгершілікке баулу, ақылды, салмақты сөз айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр ойымен шешен сөйлеуге көңіл бөлу, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
Міндеттері: оқушыларды туған тілін сүюге, тез ойланып, тапқырлыққа, жауаптарын тиянақты жеткізуге, жүйелі еркін сөйлеуге баулу, таза сөйлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, ақын-жазушылардың портіреті, кітап бұрышы,интерактивті тақта.
Ұлағатты сөздер
1). "...Халық тілінің байлығын игеру- зор талғам, парасатты тілеитін жұмыс".
2). "Тіл- жүректіңайтқанына көнсе жалған шақпайды".
3). "Тіл дегеніміз- қай халықтың болмасын келешегі,.... тағдыры".
4). "Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болсын".
5). " Тіл жоқ жерде ұлт жоқ".
Шыңғыс Айтыматов
Барысы.
1. Ұйымдастыру. Әнұран орындалады.
Кіріспе сөз. " Тәлім- тәрбие
2. Негізгі бөлім.
"Білекті бірді, білімді мыңды жығады".
3. Қортынды.
" Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры".
1. Кіріспе сөз.
Мұғалім: Мағжан Жұмабаев атамыз "Тіл- адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның қор болғаны" деген екен. Тіл- тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлемімізлің сарқылмас бұлағы.
Тіл әрбір адамға ана сүтімен беріледі. Тіл- әрбір елдің, ұлттың мақтанышы.
Тәлім- тәрбие тілден басталады.
Олай болса, тіл- бөбектің үні, тіл- ананың әлдиі, тіл- бесік жыр. Ана тілін жырламаған ақын жоқ болар. Ана тілі- ар өлшемі. Тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Ән: "Анамның тілі" .
1-оқушы:
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін ,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
2-оқушы: Қазақ тілім - саялаған нұр бағым,
Қазақ тілім – ана тілім, ардағым.
Сен арқылы жетіп жатыр өмірге.
Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
3-оқушы: Тілім менің,
Осы тілде шежірем,жырым менің.
Асан қайығы арманы,Қорқыт күйі,
Тағдырмен тамырлас мұңым менің.
Тілім меің,,
Жауға айбарым,ұраным,туым менің.
4-оқушы: Тіл дегенім-түсіністік қүрал,
Тіл арқылы адам бәрін ұғады.
Татулық та бірлік,достық,береке,
Бәрі-бәрі осы ұғыма сияды.
5-оқушы:Тіл-сарқырамас қазына.олхаықпен бірге дамып, күнделікті қарым-қатынас ісіне, қасиетіне қарай байып отырады. Тіл – бабаның көзі, атаның мұрасы.
6-оқушы: Жанбасам да, жансам да,
Туған тілде сайраймын.
Мылқау болып қалсам да,
Туған тілде ойлаймын.
7-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
(Интерактивті тақтадан хронология көрсетіледі.)
1989 жыл 22-қыркүйек
Қазақ ССР-інің “Тіл туралы” заңы қабылданды.
1989 жыл 22-қазан
Алматы қаласында өткізілген құрылтайда Халқаралық “Қазақ тілі” қоғамы құрылды.
ІІ. Негізгі бөлім: «Білекті бірді, білімді мыңды жығар»
→
→
Республикалық “Ана тілі” газеті жарыққа шықты.
1990 жыл
22-наурыз
→
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда қазақ тілі болып бекітілді.
1993 жыл 28- қаңтар
→
2001 жыл 7-ақпан
Қазақстан Республикасының Президенті “Тілдерді қолдау мен дамытудың 2001-2010 жылға арналған бағдарламасы” №550 жарлыққа қол қойды.
→
2007 жыл 7-ақпан
Мемлекеттік тіл жылы болып жарияланды.
→
2008 жыл қыркүйек
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.
→
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлемін.
І-топ."Балдырған".
ІІ-топ."Балдәурен".
ІІІ-топ"Балауса".
Кім жеңеді жеңіске, үміт алда,
Қобалжу бар, жүректе күдік бар да,
Әділқазы алқасы атыңды ақта,
Жүректерге арман мен бақыт жолда,-дей отырып сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасын сайлап алайық.
(Математика,қазақ тілі,ағылшын тілі,орыс тілі,география,биология пәні мұғалімдері).
Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең: "Бәрін білгім келеді?".
2-кезең: "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте".
3-кезең "Жалғасын тап".
4-кезең."Ырыс алды - ынтымақ".
5-кезең."Сөз тапқанға қолқа жоқ".
Жарыста озып шығар жүйріктері,
Әрқайсысы бақтарынан көрер енді,- дей келе оқушыларға сәттілік тілеп сайысымызды бастайық
1-кезең.
Бұл кезеңде әр пән бойынша сұрақтар беріледі. Берілген сұраққа бірінші болып қол көтерген топ мүшесі дұрыс және нақты жауап беруі керек.
Сұрақтар:
1).Сөз табының неше түрі бар? (9түрі).
2).Абайдың неше қарасөзі бар?(45 сөз).
3).Ішің ауырса тиым салатын асқорыту мүшесі. (Ауыз).
4).Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қай жылы қабылданды ? (1993 жылы 28-қаңтар).
5).Дүниенің неше бұрышы бар? (4 бұрышы ).
6).1 жұмыртқа 4 минутта піседі ,ал 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (4 минутта).
7). Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту,Елтаңба,Әнүрән)
8)Бейжің олимпиадасының жеңімпазы ? (Илъя Илъин )
9) Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді және ата.(4. Хабарлы сөйлем,Лепті сөйлем,Бұйрықты сөйлем,Сұраулы сөйлем.)
10) "Бидай мен қаңбақ" мысалының авторы кім? (Асқар Тоқмағамбетов)
2-кезең.
Бұл кезеңде жұмбақ жасырылады.Жауабы 3 тілде айтылуы керек.
1) Үндемес серік, ақылы берік. (кітап-книга-book)
2) Бесікте тентек бала шырылдайды,
Көтерсең құлағыңа сыбырлайды. (телефон-telephone)
3) Толып келіп бос кетеді (қасық-ложка-spoon)
4) Жемге ауыз салса – ұтылғаны,
Айналып өтсе- құтылғаны.(балық-рыба-fish)
5) Екі бала үстінде,
Орын бермес ешкімге.
Бара жатыр ерні жырық қояндай.(түйе-верблюд-саmеl)
6) Тұмсығымен қозғалар,
Соңында аппақ із қалар. (бор-мел-сhаlk)
3-кезең: “Жалғасын тап”
Мақал-мәтелдер сайысы
1) Оқу-білім бұлағы... (Білім-өмір шырағы)
2) Тілтас жарады ... (Тас жармаса ,бас жарады)
3) Батаменен ер көгерер... (Жаңбырменен жер көгерер)
4) Атадан ұл туса игі... (Ата жолын қуса игі )
5) Ел даусыз болмас... (Ер жаусыз болмас )
6) Ашу- дұшпан, ақыл дос... (Ақылыңа ақыл қос )
7) Еріншекке іс тапсырсаң... (Өзіңе ақыл айтады )
8) Тіліңмен жүгірме... (Біліммен жүгір )
9) Отан-елдің...(анасы)
10) Ел іші-...(алтын бесік)
4-кезең: “Ырыс алды ынтымақ”
Бұл кезеңде әр топ (яғни үйден дайындап келген)
2 жаңылтпаштан бір-біріне қояды.
5-кезең“Сөз тапқанға қолқа жоқ”
Бұл кезеңде әр топ басшысы әріп таңдайды. Бізге берілген мына
әріптер: А,Ш,С
Сұрақтар беріледі, жауабы алған әріптерінен басталуы керек.
1) Қай қалада тұрасың?
2) Сенің сүйікті әншің?
3) Қандай тағамды ұнатасың?
4) Сыныптағы досыңның аты .
5) Мінез-құлқың қандай?
6) Қандай мамандықты қалайсың?
7) Кімге ұқсағың келеді?
8) Соңғы оқыған шығарманың аты.
9) Жазғы демалысыңды қайда өткіздің?
10)Қандай гүлді ұнатасың?
11)Мектепке немен келесің?
12)Күзде ауа райы қандай?
Қортынды.
“Тіл тағдыры-барша қазақ халқының тағдыры”.
Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым дара тілім.
Тіл – ата-бабамыздың аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру –баршамыздың парызымыз. Тіл тағдыры-барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге, бесік жыры арқылы сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.
Табылар білім болса бар асыл да,
Кезек келді қазалардың бағасына,- дей келе сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.