Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Өткен сабақты қайталау. -

Өткен сабақты қайталау.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1956 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ақжал негізгі мектебі.

Қазақ тілінен ашық сабақ:
Тақырыбы:



4 – сыныбы.


Өткізген: Ибрахимова К.И.

2011 – 2012 оқу жылы.

Сабақтың тақырыбы: Өткен сабақты қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Дыбыстар және мәтін туралы алған білімдерін тиянақтап көрсете білу, бекіту.
Тәрбиелік мақсаты: Мәдениетті сөйлеу білуге, жылдамдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Ой-өрісін, сөздік қорын, дүние танымын, белсенділігін дамыту.
Өткізу әдістері: Ойын түрінде, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: «Сөзтізбе» ойыны, «Кім тауып оқиды?», ті-рек сөздер, бағдаршам суреті.
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім.
Абай, Мұқтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2. Үй жұмысын тексеру.
169-жаттығу. Өлеңді оқи отырып, қоянға жазған сипаттамасын оқу. Қандай мәтін оқыдың? Мәтіннің қандай түрлері бар?
3. Кітаппен жұмыс.
170-жаттығудағы мәтінді оқу.
- Не оқыдың?
- Мәтін екенін қайдан білдің?
- Мәтін не жайында айтылған?
- Мәтінге қандай ат қоюға болады?
- Барыс қандай аң?

3. Біз мәтін жаза білеміз бе?
а) Тақырыбы: «Көше тәртібі».
Тірек сөздер: бағдаршам, көше қиылысында, қызыл, сары, жасыл, көшеде жүру, балалар, білу керек,, қажет,әрі орындалуы.
ә) Мәтіннің қандай түріне жатады?
5. Сергіту сәті «сөзтізбек» ойыны.
6. Қандай мамандық атаулары шығады?
а) т, ұ, з, а, с ш, ы, т, с, а, у

ш, ы, қ, ұ, ш е, р, д, ә, г, і, р

ә)Шыққан сөздерге дыбыстық талдау жасау.

7. Кім тауып оқиды?
Дөңгелекке мақал жазылған. Сағат тілінің бағыты бойынша екі әріптен қалдырып оқысаң, табасың.ОЛ не деген мақал?



Өнер алды қызыл тіл.
8.Үйге тапсырма: «Ашық сабақ» тақырыбына мәтін құрау.
9. оқушылардың білімін бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.