Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебі

Қазақ тілі

4 класс

Тақырыбы: Өткен шақ
Бастауыш сынып мұғалімі: Абуталипова Баян Асанқызы

Шымкент қаласы
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға етістіктің өткен шағын меңгерту. Етістік туралы білім, білік, дағдыларын кеңейту.
Дамытушылық: Сауатты жазу дағдылырын, тіл байлығын және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Құстар суреті,
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Психологиялық дайындық
Мұғалім сұрағы: Оқушылар жауабы
- Әрбір адам? - Досым, сыныптасым
- Әрбір сабақ? - Үйрену, оқу, іздену
- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық
- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық
3. Үй жұмысын тексеру.
29-жаттығу. Екеуара жұмыс.
Етістіктің осы шағын қайталау.
ІІ. Ой қозғау
Көңілді санамақ (2-екі)
Баласына ж2ріп,
Ұрысып жатыр к2лік.
«Алып қапсын 2лік,
2ншідей 2ңді,
Көрсетпе»- деп ж2ді.
- Етістіктерді тап, сұрақ қой.
- Осы санамақты көркем жаз.
ІІІ. V – нені білемін?


дара күрделі
болымды болымсыз
негізгі туынды
жіктеледі 3 шақта өзгереді

IV. Жаңа сабақ
1.Ынтымақсыз іс бітпес
1-топ: Өтті күндер боранды,
Аязды күн жоғалды.
2-топ: Көктемді ертіп соңына,
Жыл құстары оралды.
3-топ: Қар көлкіді су болып,
Сулар ұшты бу болып.
4-топ :Аязды күн өтті енді,
Шуақты күн жетті енді.
5-топ:Жауқазынмен қаулаған,
Қарсы алдық біз көктемді.
Тапсырма: сөйлемді көшіріп жазу, етістіктерді табу,сұрақ қою.
Етістіктер қашан болған істі білдіріп тұр.
2.Оқулықпен жұмыс
31-жаттығу
Ауызша орындау.Мағлұматты оқу,есте сақтау.
V.Жаңа сабақты бекіту
1.Адасқан буындар ойыны.Өзіндік жұмыс.32-жаттығу
Мен биле ді Біз биле діңіздер
Сен биле дім Сендер биле ді

Сіз биле дің Сіздер биле дік
Ол биле діңіз Олар биле діңдер
2.Тездет, бірақ қателеспе.Жұппен жұмыс.34-жаттығу
Аяжан атасының ауылына келді.Жолда оған Ораз кездесті.Ол Аяжанды атасының үйіне дейін апармақ болды. Аяжанның ауыр чемоданын көтеріп алды.
VI.Білімдерін тиянақтау
1.Шығармашылық жұмыс.33-жаттығу
2.Венн диаграммасы

Өткен шақ Осы шақ
Не істеді? Не істеп жатыр?
Дара ЕТІСТІК Күрделі
Бұрын болған іс- Қазір болып жатқан іс-
Әрекет әрекет
VII.Сабақты қорытындылау
+ - Нені үйрендім?
Бағалау.
Үйге тапсырма:35,36-жаттығу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.