.
.
Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау. Өткенді пысықтау.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1563 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1)Өткенді пысықтау, қайталау. Оқушылармен қосындыдан санды азайтуға байланысты тапсырмалар орындау, ауызша тапсырмаларды жылдам қатесіз орындау.
Есептің мәнді белгісіне берілген санды пайдаланып, есепті тұжырымдау. Жаттығуларды ойын арқылы орындауға қалыптастыру.
2) Оқушылардың таным қабілеттерін, зейіндерін, белсенділіктерін дамыту.
3) Өз елін, жерінің тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: кіріктірілген сабақ.
Әдісі: Сұрақ-жауап, жаттығу,
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, музыка.
Көрнекілігі: ауызша тапсырмалар, тақырып бойынша слайд-флипчарттар, Батыс Қазақстан картасы, батыстың біртуар азаматтары жөнінде қосымша мәліметтер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық. Оқушылар бір-біріне жақсы күн, еліміздің амандығын тілеп тілек айтады.
Нұрлы күн тілеймін
Ашық аспан тілеймін !
Әр күн қуаныш әкелсін!
Халқым аман болсын! Еліміз тыныш болсын !
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. ( 6-тапсырма Тексеріледі.)
Сынақ сатысы.
Флипчарт арқылы ауызша тапсырмалар беріледі.Тапсырмалар толық дұрыс шешілгенде құрастырмалы сурет шығады, ол сурет астында Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласының көріністері шығады.
-Оқушылар тақтадағы суреттер жөнінде не айта аламыз? (Орал қаласының көріністері.)
--Қазақстан Республикасында неше облыс бар? (14)
-Біздің облысымыз қалай аталады? (Батыс Қазақстан облысы)
-Орталығы қай қала? (Орал қаласы)
-Қай жылы құрылды? Жер көлемі қанша? ( 1613 жылы батыстан шығысқа дейін-585км, солтүстіктен оңтүстікке дейін-425км. Жер көлемі облыс бойынша 8-орында)
-Неше аудан бар? (12 аудан бар)
-Біз қай ауданға қараймыз? (Зеленов ауданы)
Интерактивті тақта арқылы Орал қаласының көрінісі бейнематериал көрсетіледі.
ІІІ. Негізгі бөлім.
-Бүгінгі сабағымыз өз облысымыз жөнінде болмақ.
Күн, ай атын дәптерге жазу.
-Оқушылар Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген қазақтың біртуар ұл-қыздарын атаңыздаршы?
-Құрманғазы Сағырбаев, Дина Нүрпейісова, Мәншүк Мәметова, Қадыр Мырза-Әли т.с.с
-Дұрыс оқушылар, сонымен қатар қазіргі Ақжайықтың ақын қыздарымен ақын ұлдары туралы да қосымша мәлімет бергім келеді.
Айтыскер ақын Тілші
«Үміт» лингвистикалық
гимназиясының басшысы
1954 ж Орал қаласында дүниеге келген
Ақын 1944ж. Ақжайық ауданында дүниеге келген
«Ақжелең», «Ақ шағала», «Сүмбіле» т.с.с ТМД елдері ақындарының өлеңдерін
атты кітаптары басылып шықты қазақшаға аударған
әнші
Айтыс ақыны
1952жылы Казталов ауданында
Мәдениет қайраткері дүниеге келген.
-Балалар, ақын апаларымыз бен ағамыз сіздерге өз тапсырмаларын алып келген. Сол тапсырмаларын орындайық.
Флипчарт арқылы әр ақын тапсырмаларын орындалады.
1-есеп
Асханаға 50кг ақ нан және 40кг қара нан әкелінді.
30кг-ы жұмсалды. Асханада неше килограмм нан қалды?
Әкелінгені-50кг және 40кг
Жұмсалды-30кг
Қалғаны-? кг
Шешуі: 1)(50+40)-30=60(кг)
2)50-30+40=60(кг)
Жауабы: Қалғаны-60кг
2-есеп
Қоймада 60 қап күріш және 30 қап жарма болды. Асханаға 20 қап жөнелтілді. Қоймада неше қап қалды?
Болғаны -60қап және 30 қап
Жөнелтілді-20 қап
Қалғаны-?
Шешуі: 1)(60+30)-20=70
2) 60-20+30= 70
Жауабы: Қалғаны-70қап
3-есеп
Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр
Ұн-50кг
Күріш-?, 20кг кем
Барлығы-?
Шешуі:(50-20)+50 = 80(кг)
Жауабы: барлығы-80кг
Сергіту сәті. ( флипчарт арқылы орындалады.)
Сол аяқ,
Оң аяқ.
Қақпаға дәлдеп,
Қане доп теп.
Футбол!
Гол! Гол!
Оқулықтағы 5-тапсырма Фигуралардың периметрін тап.
Р=2см+4см+2см+4см=12см (тіктөртбұрыш)
Р=1см+2см+1см+2см+1см+2см=9см (көпбұрыш)
Р=2см+2см+3см=7см (ұшбұрыш)
Р=6см+1см+6см+1см=14см (тіктөртбұрыш)
Р=1см+1см+1см+1см=4см (шаршы)
«Гүлдер жинау» ойыны.
флипчарт арқылы тапсырманы орындалады, гүлдерді жинайды.
Оқулықтағы 7-тапсырма уақытқа есептеліп ауызша орындалады.
ІV. Сабақты бекіту.
- Біз қай облыста тұрамыз? (Батыс Қазақстан облысында.)
-Біздің толық мекен жайымызды атаңыз. ( Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Өркен ауылы)
Логикалық есептер.
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды,
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? (6)
Атам, ағам, әжеммен
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,
Енесінің бөлесі,
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім,
Саны қанша айта ғой,
Үйдегі бар кісінің? (10)
Әділет 12 қабатты үйдің жоғарыдан санағанда 9 қабатында тұрады. Әділет үйдің нешінші қабатында тұрады?
12-9=3
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады, олардың
әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (4 сағат)
VІ Қорытындылау.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Туржанова Шынар Жақсылыққызы.
Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданы
Өркен ауылы
Степнов орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.