.
.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы «Топ жарған – 2014»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1205 | Размер: | Автор: Нартай4540Әйтеке би кенті №249 мектеп- лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі Қирабаева Эльмира
Күні : 5.ХІІ.2014
Тақырыбы: «Топ жарған – 2014»
Мақсаты: Балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді,
жан – жақты болуға үйрету.
Түрі : Сайыс
Көрнекіліктер: Үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта
Қатысушылар: 2 а сынып оқушылары
Құрметті ұстаздар , ата-аналар бүгінгі біздің сайысымызға ғылымның сырларын ұғынып, білім шыңына шығамын деп, ұқыптылық пен зеректікті бойына серік еткен оқушыларыма қадамдарың оң болсын деп сайыс жолында тек сәт сапар тілеймін!
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік,
Серігің болсын бойыңда
Қадамдарың оң болсын,
Сәт сапар, сайыс жолында !
Сайысымыздың сарапшыларымен таныстырып өтейін.
1. Бастауыш сынып мұғалімі Абажанова Өміргүл апай
2. Бастауыш сынып мұғалімі Күзенбаева Роза апай
3. І-топ: «Iphone» тобы
4. ІІ-топ «Wi-Fi » тобы
5. ІІІ-топ «Galaxy » тобы
Олай болса , сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары :
1. «Кім көп біледі?»
2. « Мюнстерберг »
3. «Білім - ақиқат бастауы »
4. «Талантыңмен таныл»
5. «Ұшқыр ой»
І-кезең «Кім көп біледі?»
Шарты: Әр топқа 10 сұрақтан қоямын . Тез жылдам жауап беру керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады
І-топ:
1.Кел, балалар оқылық! Өлеңінің авторы кім? Ы. Алтынсарин
2.Күйді орындайтын адам, күйші
3. Бір жылда неше ай бар? 12 ай
4. Ұя салмайтын құс. Көкек
5. 16 желтоқсан қандай күн? Қ.Р. Тәуелсіздік күні
6. Әліппенің атасы кім? А. Байтұрсынов
7. Абайдың анасының аты кім? Ұлжан
8. Тірі табиғатқа нелер жатады? Адам, өсімдік, жануар
9. 25+15 қосындысы нешеге тең? 40
10. Балалар сөзін орыс, ағылшынша қалай айтады? Ребята, children
ІІ-топ:
1. Ауаның негізгі қасиеті ? Көзге көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
2. Қоян сөзіне дыбыстық талдау жаса
3. Биыл қандай жыл? Жылқы
4. Абайдың шын аты. Ибрахим
5. Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал? Тұсбағдар
6. 30+25 қосындысы нешеге тең? 55
7. Сау болыңыз орысша, ағылшынша қалай айтамыз ? Досведания
8. Бір жылда қанша күн бар? 365-366 күн
9. Жуан дауысты дыбыстарды ата а,о,ы,ұ
10. Тұңғыш президент күні. 1 желтоқсан
ІІІ-топ
1. Атақты суретші? Әбілхан Қастеев
2. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
3. Сөйлемнің соңында нүкте қойылады.
4. Кітап сөзін орыс, ағылшын тілінде қалай айтамыз? Книга,
5. 85-60 айырмасы қаншаға тең? 25
6. Өлі табиғатқа нелер жатады? Құм, тас, су, ауа, т.б
7. Мәтін дегеніміз не, түрлерін ата?
8. 1 сағатта неше минут бар? 60
9. Сұлба дегеніміз не? Бір заттың үстінен қарағандағы көрінісін айтамыз.
10. Ұзындық өлшем бірліктерін ата? Мм,см,дм, м, км
11. С. Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінде өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені? Құрбақаның
ІІ -кезең « Мюнстерберг » әдістемесі
Мақсаты : Әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады .
Нұсқау : Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар .Сіздің міндетіңіз :тез оқып отырып ,сол сөздердің астын сызуыңыз керек .Жұмыс уақыты -2 минут
Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны ,қатеге байланысты бағаланады .
Аашпгоппартаивнртерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптер
Рахмет .Сіздер жылдамдықтарыңызды көрсете білдіңіздер және сөздерді
таба білдіңіздер
Талқылау :Ең көп сөз құраған қай топ болды ?
ІІІ – кезең «Білім –ақиқат бастауы»
(Әңгімедегі керекті сөздерді суретпен көрсет) І топ
Қыс
Қыс келді. Күн суытты. Далада аппақ қар жауды. Балалар шанамен ойнады.Қардан аққала жасады.Аққалланың басына шелек кигізді. Қолына күрек пен сыпырғыш ұстатты. Мұрнын сәбіз – ден жасады.Қыс мезгілі балаларға қызықты болды.
КӨРЕРМЕНДЕР КӨЗЙЫМЫ
Сұрақтар қою :
1. Мектептің мекен-жайы?
2. Балаңыз қай блокта оқиды?
3. Балаңызға орыс тілі пәнінен беретін мұғалім кім?
4. Асханадағы гамбургер бағасы?
5. Сәрсенбі күннің сабақ кестесі?
6. Балаңыздың сыныптастарыңыздың жасы нешеде ?
7. 5-ші сабақ нешеде аяқталады ?
8. Мектебіміз неше қабаттан тұрады?
9. № 249 мектеп-лицей неше жаста?
10. Дүйсенбі күннің сабағы?
ІУ – кезең «Талантыңмен таныл »
Нұсқау: Әр топ берілген тапсырманы орындайды.
І топ - Т әрпінен келетін сөздер айту
ІІ топ – «Менің елім » әні
ІІІ топ – «Табиғатты аялайық » көрінісінен үзінді.
У – кезең «Ұшқыр ой »
Нұсқау : Әр топқа 10 сұрақтар беріледі жауапты «Я» немесе «Жоқ» айтады.
І топ
1. Қазақ тілі мемлекеттік тіл? – я
2. А дыбысы дауыссыз дыбыс - жоқ
3. Дыбыс екіге бөлінеді? – я
4. Ы.Алтынсарин дала жұлдызы ? – я
5. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар? Жоқ
6. Күн сөзі бір буынды сөз – я
7. Жер су аттары бас әріппен басталып жазылады – я
8. Ұя сөзінде екі дыбыс бар – жоқ
9. М дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс – жоқ
10. Сөйлем бас әріппен басталып жазылады – я
ІІ топ
1. Біздің ана тіліміз қазақ тілі – я
2. Қазақ тілінде 42 әріп бар – я
3. Дауысты дыбыс созылып айтылады – я
4. О дыбысы жуан дауысты дыбыс – я
5. Б дыбысы ұяң дауысты дыбыс – я
6. Сөйлем кіші әріптен басталып жазылады – я
7. Аю сөзі екі буынды сөз – я
8. Жан жануарларға қойылатын аттар кіші әріптен басталып жазылады – жоқ
9. Ата сөзі үш дыбыстан тұрады – я
10. Мәтіннің екі түрі бар – жоқ
ІІІ топ
1. Біз қазақ тілінде сөйлейміз – я
2. Қазақ тілінде 42 дыбыс бар - жоқ
3. Дыбыс үшке бөлінеді – жоқ
4. С дыбысы дауыссыз дыбыс – я
5. Р дыбысы жуан дауысты дыбыс – жоқ
6. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен бөлек жазылады – я
7. Кітап сөзі үш буынды сөз – жоқ
8. Қою сөзінде екі дыбыс бар – жоқ
9. Адамның аты жөні бас әріппен басталып жазылады – я
10. Ш дыбысы дауыссыз ұяң – жоқ
Ән: «Қыздарай» әні Рахаттың орындауында
Қорытынды : Міне балалар 5 кезеңнен тұратын сайысымыз аяқталды. Осы сабақтан алған әсерлеріңді көңіл күйлеріңді берілген шарға / смайлик / көрсетіп сурет саласыңдар. Әділ қазылар шешімін айтады.
Кездескенше күн нұрлы болсын. Озық, ойлы шәкірттеріміз көбейе берсін.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!
№ 249 мектеп-лицей
Тақырыбы:
«Топ жарған -2014 »
/2 «А» сынып оқушыларымен сайыс/
Бастауыш сынып мұғалімі : Қирабаева Эльмира Амандосқызы
Әйтеке би кенті
2014-2015 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.