.
.
Қарағанды облысы Құтты қадам
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1798 | Размер: | Автор: Нартай4540Шет ауданы
Ақшоқы ауылы
Қызылтау орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Асқарбаева Зеркул Спановна
Тақырыбы: Құтты қадам
Мақсаты:
1) Мектепке келген балалардың өмірімен т олығырақ таныстырып, оқушылардың оқу мен білімге деген ынтасын арттыру
2) Оқу құралдарын күтіп ұстау, оқушы ережесімен таныстыру.
Көрінекілігі: мақал-мәтел, гүл, шар, бор.
Барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, бүлдіршіндер! Табалдырық аттап оқушы болғалы екі айдай уақыт болды. Осы балалардың «Құтты қадам» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Міне, балалар, сендер жаңа оқу жылын білім ордасы-мектеп табалдырығын аттап, алғашқы қоңырау соғылғалы екі ай уақыт өте шықты.
Еліміздің ертеңі-сендерсіңдер! Елдің тізгінін мықтап ұстап, сапалы білім алып, өнегелі азамат болып өсе беріңдер.
-Біздің Отанымыз қай ел?
-Қазақстан
-Қазақстанның астанасы қай қала?
-Астана қаласы
-Біздің рәміздерімізге не жатады?
-Елтаңба, Ту, Әнұран.
(Әнұран айтылады).
Мұғалім: Айналайын, балалар,
Алдарыңда мектеп-ана бар.
Өздеріңнен өседі,
Өнерлілер, даналар.
Өтті қызық көп күндер,
Алты жасқа жеттіңдер.
1-ші сыныпқа келдіңдер,
Бір белестен өттіңдер.
Өсті, міне, бойларың,
Өсті ақыл, ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
-балалар, сендер даярлық тобында қандай пәндерді өттіңдер?
-сауат ашу, математика, сурет, музыка, дене шынықтыру, жапсырма.
Арай: Сәлем, гүлдей балғыедар,
Даярлықтан тәлім алдыңдар.
Ержеткен достар ақылды,
Енді мектеп шақырды.
Үлгеріңдер әр іске,
Үйретемін білімге.
Әліппені сүйеміз,
Әдеппен бас иеміз.
Нұрсұлтан: Қуантуға елімді,
Қуантуға жерімді.
Қуантуға жүректі,
Қуантуға түлекті
Мектепке мен барамын.
Томирис: Елдің атын жазамын,
Жердің атын жазамын.
Туған тілге тазамын,
Батаңды бер, әжетай,
Мен мектепке барамын.
(Томиристің әжесінен бата алу).
Хор: Мектеп-ана.
-ал, балалар, біз «Білім еліне» келіп жеттік. Білім алу үшін бізге ең қажетті оқу құралдар болмақ. Олай болса, оқу құралдарымен танысайық.
Танысу
Әліппе-Арай: Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен,
Бауыржан да, Мәлік те.
Дәптер-Фариза: Ел құрметтеп бағалар,
Достық бар, ол-тазалық.
Кел, дәптерге, балалар,
Тап-таза етіп жазалық.
Қалам-Дәулен: Құтты болсын қадамың,
Құтты болсын қаламың.
Жаңа келген мектепке,
Мен де өзіңдей баламын.
Биік білім шыңына
Өзіңмен бірге барамын.
Әліппе-Айғаным: Таныстырып әріптермен,
Білімге жол салып берген.
Кем көрмейтін анамнан мен,
Айналайын Әліппеден.
Дәптер-Елдар: Мекендеген портфелімді,
Беттері аппақ-ақ көңілді.
Қызартатын қатем үшін,
Кірлетпеймін дәптерімді.
-ал, балалар, енді тақтамен жұмыс жасап, екі ай ішінде алған білімімізді көрсетейік.
(оқушылар өз білімдерін көрсетеді).
-Міне, қадірменді қонақтар, бүлдіршіндер және ата-аналар, бүгінгі 1-сынып оқушыларының білімің тамашалап, өз бағаларыңызды бердіңіздер. Сөз кезегін мектеп директоры Тусупбекова Рымтай Әмірбекқызына береміз.
(мектеп директоры тілегі)
-«Құтты қадам» атты 1-сыныптың ертеңгілігі осымен тәмам. Келіп тамашалағандарыңыза рахмет!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.