Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Туған ел деп жырлап өтем!» -

«Туған ел деп жырлап өтем!»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1715 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Ш.Батталова атындағы орта мектебі



Өткізген:
Жандильдина А.Е.
2011-2012 ж.

Тақырыбы: «Туған ел деп жырлап өтем!»
Мақсаты :Оқушылардың туған ел туралы ,Қазақстан Республикасының рәміздері,Ата заңы,тілі,салты туралы дербес мемлекет екендігін түсіндіру.
Ұлтжандыққа ,патриотизмге ,туған елге деген сүйіспеншілдікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Мемлекеттік рәміздер,ұлы тұлғалардың портреті,мерекелік плакаттар, ұлағатты сөздер,гүл,шар,техникалық құралдар.
Сабақ барысы:І.Кіріспе сөздер (сынып жетекші)
Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз.Көрсең көзің тоймас ,асқар шыңды таулары ,айдын шалқар көлдер ,сылдырай аққан өзендері,ормандары бар.Осының бәрі Алтай мен Атырау,Ақжайық пен Алтаудың аясында құлаш жайып,жайнай түрленіп,жасанып жатыр.
Отанымызды сүйіп ,аялау үшін еліміз,туған жеріміз,оның тарихын,өткені мен бүгінгі жайлы жақсы біліуміз қажет.Сондықтан да «Туған ел деп жырлап өтеп» атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.
Уа, халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Ел дәстүрін жалғамақ,
Ер намысын қорғамақ,
Ұландар шықты ортаға!
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім,
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам, әнұраным!
Хор: «Менің Қазақстаным».
-Балалар,біз қандай мемлекетте тұрамыз?Біздің ұлтымыз кім?Қай тілде сөйлейміз?Мемлекеттік тіліміз қандай тіл?

Әйнегі -күн,шатыры –аспан,
Кең дала төсі толқыған егін
Көлдері көкке күмістен шашқан
Қазақстан Республикам менің!

Абай туған,Сәкен туған,
Құрметте достым қазақтың жерін
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан Республикам менің!

Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға бермей намысты елін,
Төлеген ,Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан Республикам менің!

Мен қазақпын,қаныммен,сүйегіммен,
Сән –салтанатсалтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам басына моланың да
Мұрагермін бүгінге иемін мен.

Мен қазақпын,белдімін,байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге ,қайта келдім,
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Хор : «Қазақстаным». «Отан».
Біздің мемлекетіміз-дербес мемлекет.Бүгінде Қазақстан елі дүниежүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатыныс орнатқан, әлемге танымал елге айналды.Біз өзіміздің рәміздерімізбен мақтана аламыз.Бұл туралы оқушылар не білесіздер?
Әнұран асыл қазынамыз.Әнұранның сөзін жазғандар:Жұмекен Нажмединов,Нұрсұлтан Назарбаев.Сазын жазған:Шәмші Қалдаяқов.

Әнұраным-жаұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам, әнұраным!

Елтаңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Неткен көркем әдемі
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.

Елтаңбаның авторлары:Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлібеков

«Найзасыз ер болмайды,
Таңбасыз ел болмайды.»

Аспан түстес көгілдер
Тік бұрышты матаның
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған
Қыран құстың қанаты.
Азат елдің шалқыған,
Көңілі деп білерсің.

Сол жағында матаның
Сары түсті жолақ жолақ тік.
Мұратындай атаның,
Әсем өрнек-ол ұлттың.
Туымыздың авторы:Шәкен Ниязбеков.Мен туған Республикамды-Қазақстанымды жанымдай жақсы көремін.Жаңа Астанамыз алып астанаға айналатынына сенемін!
«Астана» деп қандай қаланы айтады?
-Еліміздің бас қаласын «Астана»- дейді
Біздің астанамыз қай қала?
Астана ,астана,
Көркем бұл жас қала,
Өркенде бас қала,
Астана , Астана , Астана!

Қазақтай халқы бар,
Кеңпейіл салты бар,
Әлемге даңқы бар,
Астана , Астана , Астана!

Ән «Астана».

Біздің мақтанышымыз Ата Заңымыз бар.
Не көрмеді ,бұл халқым,не көрмеді.
Сан ғасыр теңдік таппай сеңделгені ,
Ән салып жастарымыз,жалындаған.
Қуанар,ел тірегі қариялар.

Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз-тіліміз.
Қасиетті ана тіл,аз ба сенің
Өзің барда ескірмес,тозбас елім
Сен болмасаң,ұлы Абай ақын болып,
Мұқағали отты өлең жазбас еді.

Жетер енді ,әркімге бір ермейік ,
Қазақ болып құлашты бір сермейік ,
Қанға сіңген қазақ тілін халқым- ау,
Шұбарлауға ешқашан жол бермейік.

Ән «Ананың тілі»

Біздің Елбасымыз ,өз Президентіміз бар.Ол –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Шықты тарап ой данадан
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар президенті.

Ол да аямай жанын салды ,
Жету үшін мұндай сыйға,
Президентің Нұрсұлтанды,
Көгіңдегі тудай сыйла.
Ән «Туған ел»
Қазақстан жүз ұлттың Отаны де,
Боздамайды бозінген боталы де,
Тілі,діні,салты бар,дәстүрі бар
Еңбек сүйген ұлдары жоталы де

Қазақ аты береке ,бірлік дер ем,
Қазақ аты бірлікті ,тірлік деген.
Сахараға бүгін де шықты қазақ,
Тәуелсіз бар тағалы жүйрікпенен.
Хор «Егеменді елім менің».

Мақал-мәтелмен жұмыс.

-Кім Отан ,туған жер туралы мақал-мәтел айтып береді?

Ер туған жеріне,ит тойған жеріне.
Ер елінде,гүл жерінде.
Жат елде сұлтан болғанша,өз елінде ұлтан бол.
Туған жердей жер болмас,туған елдей ел болмас.
Отан оттан да ыстық.
Отан от басынан басталады.
Туған жердің намыс ,бөтен қолда кетпесін.
Сағынған елін аңсайды ,сарала қаз көлін аңсайды.

Қимыл-қозғалысқа мақал ойлау.
Мысалы:Барлығы бірігіп тұрады-Бірлік болмай,тірлік болмас.Бір оқушы кетіп қалса-
Бөлінгенді бөрі жейді.
-Болашақта Қазақстан еліміздің қандай болғаның қалайсыңдар?
Оқушылар пирамида жасайды,ең жоғарыдағы оқушы көк туды желбіретеді.
-Болашақта еліміз биіктен көрінсін, көк туымыз желбірей берсін -деп,қалаймыз!
-Отан деген не? Алақан тренинг.


ОТАН
Отбасы достар
Бейбітшілік

мектеп
Қазақстан тыныштық

Қорытынды.
Әр баланың өз арманы ,тілегі болады.
Оқушылардың арман тілегін «Бала тілегі» әнімен жолдаймыз.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.