.
.
Сабақтың тақырыбы: Туған жер. Туған жер.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1650 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды «Туған жер» өлеңімен таныстыру. Оқушыларды жазушылардың туған ел, туған жер туралы жырларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы..
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,
көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс, ойын.
Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар. «Жазушылар» топтамасы
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Үй тапсырмасымен жұмыс:
Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.
Жаңа сабақ.
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Шығармның авторымен таныстыру.
«Туған жерім─тұғырым, Өскен елім─өзегім»
Пікірлесу: «Туған жер» деген сөзді қалай түсінесің? (Тақтамен жұмыс).
1. Картамен жұмыс.
Картадан Қазақстанды тапқызу.
2. Қазақстан – егемен мемлекет. (Буклетпен жұмыс)
3. Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін шыңдау. Сұрақтар:
-Мемлекетік рәміздерді ата.
-Елтаңба авторларын ата.
-Тудың авторларын ата.
-Гимнің авторларын ата.
Оқулықпен жұмыс «Туған жер»
- Мәнерлеп оқып беру.
- Мазмұнын түсіндіру.
- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.
Сұрақтар мен тапсырмаларларды орындау.
1. Ақын өлеңді еліне арнағанын қайдан білдің?
2. Елі ақынға қандай үміт артты деп ойлайсың?
3. «Көңілге медеу санайсың» дегенді қалай түсінесің?
4. Ақын елін қалай бағалайды? Оны өлеңнің қай жолдарынан байқадың? 5. Ақын еліне ризашылығын өлеңнің қай жолдарында, қалай білдірген?
1. Өлеңнің бірінші шумағының соңғы екі жолының мәнісін түсіндір. 2. Ақынның еліне
берген уәдесін білдіретін жолдарды тауып оқы. 3. Өлеңді жаттап ал. 4. Осы өлеңді өзің жалғастырып көр.
Сергіту сәті.
1. Өлеңді іштей дұрыс, түсініп оқы.
2. Өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді ата.
3. Өлеңнің ұйқасы төмендегі қай кестеге сай келетінін тап.
4. Өлеңге сай ырғақты таңдап ал және өлеңнің ырғағына ұйқастың әсер етіп тұрғанына мән бер.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.
Үйге тапсырма: . «Туған еліме» жаттау. «Туған жер» мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.