.
.
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы Уақыт. Нәтиже сабақ.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2476 | Размер: | Автор: Нартай4540«С. Сейфуллин атындағы гимназия» ММ
3 «А» сыныбы, кіріктірілген сабақ
Өткізгендер: Дүйсен Л.Б қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абодовская Ю.А. музыка пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Уақыт. Нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың уақыт мезгілдері туралы білімдерін тексеру, өткен материалды қайталау,сұраққа дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық. Нақты мысал келтіру арқылы оқушының сөйлеу дағдысын дамыту, қисынды ойлау қабілетін қалыптастыру.
3.Тәрбиелік: Уақытты үнемдей білуге баулу, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, ойын.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, интерактивтік тақта, суреттер, сағат.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа дайындау. Сабақтың мақсатын айту – Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сабағыңды жөндеп
Әзірленсең-еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Жеті ұл»өлеңін жаттап келу, әнімен айту
3. Пысықтау сабағы.Сұрақтарға жауап беру
Уақыт мезгілдерін қалай білуге болады? /Күнтізбе, сағат/
Суретпен жұмыс . Электрондық, механикалық сағат
Сағаттың неше тілі болады?
Ұзын тілі-минутты,қысқа тілі –сағатты, ал жіңішке тілі- секундты көрсетеді.
4.Сандарды сөйлет.
60
24
7
4
12
365
Бір жылда 365 күн , 12 ай бар. Бір айда 4 апта бар. Бір аптада 7 күн бар. Бір тәулікте 24 сағат бар.
Бір сағатта 60 минут бар. Бір минутта 60 секунд бар.
5.Сергіту кезеңі. /Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Сол аяқ, оң аяқ
Жаттығу оңай-ақ
6 Күн тәртібі. Слайд./ Владиславтың күн тәртібі./
Сағат нешеде? Қашан?
1. 9:00 Оянды,жаттығу жасады,жуынды
2. 9:30 Таңертеңгі тамағын ішті
3. 10:00 Би үйірмесіне барды.
4.11:00-12:30 Сабақ оқыды
5.13:45 Мектепке келді
6. 14:00 Сабақта отыр./ асханадан түскі тамақ
7. 18:30 Мектептен шықты.
8. 19:00 кешкі тамағын ішті.
9. 19:30 Әкесімен шахмат ойнады
10. 20:30 ертегі тыңдады.
11. 21:00 жуынды, ұйықтады
Сергіту кезеңі:
7«Кім жылдам?» шармен ойын
3Топтан үш оқушы шығады.
1-топ апта күндері
2-топ ай аттары Қыс, көктем айлары.
3-топ ай аттары Жаз ,күз айлары
8 Шығармашылық жұмыс
Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер?
9 «Бала мысық» көрініс
Үйдегі біздің бала мысық
Бірде тұрды көзін қысып,
Ас үйдегі тамақтан
Екіде жеді шұжықты,
Ыдыста тұрған қаймақты
Үште ішіп құнықты,
Төртте тұрып жуынды
Бесте аунап кілемде
Біраз ойнап жылынды.
Сағат алты болғанда
Балық жеді қутыңдап.
Сағат жеті болғанда
Тышқанмен ойнап ,тығылмақ,
Сағат сегіз болғанда
Көзін қысты қуланып,
Сағат тоғыз болғанда
Ертегі тыңдап, қуанып.
Сағат онды соққанда
Ұйқыға кетті тек сонда
Өйткені ол тұрмақшы.
Уақыт бірді соққанда.
10Қорытынды Балалар, Бала мысық уақытты қалай өткізді?
Уақыт мезгілдеріне байланысты бір-бірімізге қандай жақсы тілектер айтамыз? Қайырлы таң! Қайырлы күн! Ас дәмді болсын! Қайырлы кеш! Кеш жарық! Қайырлы түн!
11.Үйге тапсырма: Жазба жұмысна дайындалып келу.
Сергіту сәті
Сандарды сөйлет.
Рөлдік ойындар арқылы оқушыларды қазақ тілінде еркін сөйлеуге дағдыландыру
«Уақыт» Нәтиже сабақ
«Уақыт» / қазақ тілі мен музыка/ кіріктірілген сабақ
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.