.
.
Тақырыбы: Вв дыбысы мен әрпі В в дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2006 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: 1. В дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп,
Балаларды в дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына көңіл бөлу,
байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау
Қабілетін, қиялын, зейінін дамыту.
3. Шыдамдылыққа, ептілікке, ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Түрі: біріккен сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, ертегі ретінде
Көрнекілігі: В дыбысының баспа және жазба түрі, әріп кассасы, әріптер,
суреттер, ертегіге қатысты суреттер
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы күн, қайырлы!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілінің айларын ата.
- Бір аптада неше күн бар, бугін қай күн?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дауысты және дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?
- Дыбысты – естиміз, әріпті – жазамыз, көреміз, оқимыз.
Сабақты ертегі ретінде өткізу.
- Балалар мына тақтада көріп тұрған қандай ертегі?
- Шалқан ертегісін кім айтып береді?
- Ендеше біз мына шалқанды бақшадан алуға көмектесеміз бе? Ол үшін сендер олардың тапсырмаларын орындауларың керек.
Атаның тапсырмасы. Өткенді қайталау.
- Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?
- Һ
- Һ дыбысы қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс.
- Һ дыбысы кездесетін сөз айтамыз
- Жиһаз, айдаһар, қаһарман (буынға бөлу)
- Һ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
Мына буындардан сөз құрап оқыңдар.
А – на, та, ға, ю, сық.
Ба – ла, ға, тыр, уыр, лық.
- Сендер атаның тапсырмасын дұрыс орындадыңдар, ендеше атаны шалқанға апарамыз. Ата шалқанды бақшадан суырып ала ма?
- Ендеше көмекке кімді шақырамыз?
Әженің тапсырмасы. Жұмбақтар шешу:
1. Темір тайым,
Тебінсем тоқтамайды.
Мінсем дайын,
Тамақты еш жоқтамайды. (велосипед)
2. Үй ішінде бөлме,
Бөлме іші көлде.
Түрлі ұсақ балық,
Жүзді сайран салып. (аквариум)
Велосипед, аквариум сөздерін буынға бөлу.
- Балалар мынау ненің суреті?
- Ваза, вагон буынға бөлу
- Осы сөздерде бізге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр?
- В дыбысы – дауыссыз дыбыс, көк түсті текшемен белгілейміз. (тақтаға В дыбысының көрнекілігін ілу)
- Баспа түрі қай жерде кездеседі?Ал жазба ше?
- В дыбысы 3 элементтен тұрады. В дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.
Немересінің тапсырмасы.
- Ваза, вагон, вокзал сөздеріне дыбыстық талдау жаса.
Сергіту сәті.
Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
Иттің тапсырмасы. Оқулықпен жұмыс.
Балаларға оқулықтағы сөздерді оқыту.
Дәптермен жұмыс.
Дәптерімізді ашамыз,
Қолға қалам аламыз.
Көлбеу қойып дәптерді,
Әдемі етіп жазамыз.
- Кәне балалар В әрпін бірінші ауада жазып көрейік.
- Ал енді дәптерімізге жазамыз. (дәптермен жұмыс ережерін айту)
Мысықтың тапсырмасы.
Мына суреттерге сөйлем құрау. (ваза, аквариум, велосипед)
Тышқанның тапсырмасы. Ойын: Балапандарды ұясына апару.
1. В дыбысы қандай дыбыс?
2. Вокзал сөзін буынға бөл.
3. Вагон сөзіне сөйлем құра.
4. В әрпін тақтаға жаз.
Қорытынды.
- Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстыңдар?
- В дыбысы (кассадағы әріптерді оқытқызу)
- Балалар сендер ата және оның отбасына шалқанды бақшадан алуға көмектестіңдер, олар сендерге рахмет айтып, риза болып, мынадай жұлдызшалар таратуды тапсырды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.