.
.
Шумекеева Балжан Ы. Алтынсарин. Өнер, білім бар жұрттар.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4457 | Размер: | Автор: Нартай4540Жаңаөзен қаласы
№9 бастауыш мектеп
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Өнер,білім бар жұрттар.
Сабақтың мақсаты:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі,шығармалары туралы білімін кеңейту.
Өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.
2.Оқушылардың сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру.
Балалардың жазу,оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
3.Оқушыларды білімділікке,өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Ыбырай Алтынсарин портреті,нақыл сөздер,суреттер,сызба.
Әдісі:сұрақ-жауап,ассоциация,ТРИЗ технологиясы
Түрі:аралас сабақ
Стратегиясы:оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушыларға тілек тілеу.
Ауылға келген мұғалім. М.Жұмабаев
(мәтіннің мазмұнын әңгімелеу)
ІІІ.Өткен сабақты қорыту.
Сұрақ-жауап.
-Мағжан Жұмабаев кім?
-Қандай шығармалары бар?
ІҮ.Жаңа сабақ..
1.Қызығушылықты ояту.
Жұмбақ айту,жауабын табу.
Дүниеде бір құдық бар беті қатқан
Бетінде бетегесі шығып жатқан
Қараса сол құдыққа көз жетпейді
Құр қалмас сол құдықтың дәмін татқан. /білім/
2.Мағынаны тану.
Жаңа тақырып: Өнер,білім бар жұрттар. Ыбырай Алтынсарин.
Сұрақ..
-Ыбырай Алтынсарин кім?
Ыбырай Алтынсариннің қандай шығармалары бар?
3.Ассоциация құру.
ұстаз Ыбырай ұйымдастырушы
жазушы ағартушы аудармашы
4. «Өнер,білім бар жұрттар» өлеңін оқу,түсіндіру.
Оқушыларға іштей оқыту,мәнерлеп оқыту.
5.Инсерт әдісі бойынша жұмыс(таныс емес сөздерді белгілеу,мағынасын түсіндіру)
6.Сергіту сәті.
7.Проблемалық сұрақ.
-Өлеңнің негізгі идеясы қандай?
-Өнер,білім неге жеткізеді?
-Балаларға қандай өсиет айтады?
8.Өлеңнің құрылысын талдау.
Өлең неше шумақ,неше тармақ,неше бунақтан құрылған?
9.Сипаттау.
Теңізге жүзді балықтай Айшылық алыс жерлерден
Дүниені кезді жалықпай...-(кеме) Жылдам хабар алғызды ...–(телефон)
Аты жоқ құр арбаны Мал істейтін жұмысты
Мың шақырым жерлерге От пен суға түсірді
Күн жарымда барғызды...(пойыз) Отынсыз тамақ пісірді...-(газ)
10.Компьютерде пиктография тәсілі бойынша кескіндеу.
І топ- пойыз,кеме.
ІІ топ-телефон,газ.
11.Ой -толғау.
Топтық шығармашылық жұмыс.
І топ.Өлең құрастыру (өнер,білім )
ІІ топ.Мен 20 жастамын.(эссе жазу)
12.ТРИЗ технологиясы бойынша жұмыс.
І топ. Машина немесе пойыз
ІІ топ. Телефон немесе газ (жақсы,жаман жақтарын айту)
Ү.Сабақты қорыту.
Өнер,білім туралы мақал айту.
-Ыбырай кім?Шығармаларын атаңыз.
-Өнерлі,білімді болу үшін не қажет?
ҮІ.Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау.
ҮІІ. Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.