.
.
«Ынтымақты отбасы» сайысы «Ынтымақты отбасы» сайысы
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1630 | Размер: | Автор: Нартай4540Мақсаты: Ата – аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт – дәстүрі туралы білімдерін байқау. Ән – би, қолөнер тәрізді халықтық өнерден танымын анықтау.
Сайыстың барысы:
Жүргізуші: Атамыз қазақ «Бала адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Болашақ баланың жақсы азамат болып өсуі, жан – жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты.
Құрметті ата – аналар, балалар! Бүгін біздің «Ынтымақты отбасы» сайысы өткізілгелі отыр. Бұл сайысқа 4 отбасы қатысады. Сайысымызды бастамас бұрын сіздерді әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін. (Аты-жөндері аталады).
Ал, енді сайысымыздың шартына тоқталайық:
«Ынтымақты отбасы» сайысы 5 бөлімнен тұрады.
1. Сұрақтарға жауап беру (ұлттық тәрбиені меңгеруді байқау)
2. «Күштілер, ептілер, батылдар» сайысы
3. Өнерпаздар сайысы (ән айту, күй тарту, би билеу...)
4. Қолөнер сайысы:
а) әкесі қамшы өреді, баласы көмекші болады
ә) Анасы ою ояды, қызы көмекші болады.
5. Ас дайындау
Сайысымыздың шартымен таныстық, енді сайысымызды бастайық. Әр топтың басшысы қалаған сұрағын алсын. Сұраққа бірігіп жауап беруге болады.
1 тапсырма
1. Қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіз? Тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.
2. Құрт қалай жасалады?
3. Жатқа бір жыр айтып беріңіз (бесік жыры, тұсау кесу, төрт түлік ...)
4. Мақал – мәтел айтыңыз (5)
2 тапсырма
1. Қазақ халық ертегілерін атаңыз (3). Біреуінің тәрбиелік мәнін ашыңыз
2. Жаңылтпаштар айтыңыз
3. Қазыны қалай айналдырады?
4. Жұмбақ шешу
3 тапсырма
1. Киіз үй жиһаздарын атаңыз
2. Шешендік сөздің тәрбиелік мәнін мысалмен дәлелдеңіз
3. Зергерлік бұйымдарды атаңыз
4. Қандай сандарды киелі дейміз, неге?
4 тапсырма
1. Төрт түлік малдың пірлерін атаңыз
2. Бірнеше жұмбақ айтып беріңіз
3. Халықтық педагогика дегенді қалай түсінесіз?
4. 7 қазынаны атаңыз.
Сайыстың қалған бөлімдері де алдын ала дайындық бойынша өтті. Сайыс соңында әділ қазылар алқасы қорытынды шығарды. Жеңімпаз отбасыларға сыйлықтар тапсырылды.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.