.
.
Пәні : Ана тілі сыныбы: 2 «Қыс» Міржақып Дулатов
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1396 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ тақырыбы «Қыс» Міржақып Дулатов
Жалпы мақсат Оқушыларға қыс мезгілі туралы түсінік бере отырып, мәтін мазмұнын ашу, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, өз көзқарасын білдіре білуге үйрету.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғап, оған қамқор бола білуге, достыққа адал болуға, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қиялын, ой-өрісін арттыру, сөздік қорын молайту.
Дерек көзі Оқулық , тәжірибе жұмысының ережелері
Нәтиже • Қажеттілік туралы толық мағлумат алды.
• Топпен жұмыс істеу тәртібін түсінді
Негізгі идея
Тапсырмалар 1. «Үнсіз тілек»
2. «Білімді қонақ» стратегиясы
3. Сурет жұмбақ
4.Мәтінмен жұмыс. ДЖИГСО әдісі
5.Топтық тапсырмалар.
6.Рефлекция
Кейінгі тапсырма Үйден тақырыпты мазмұндап үйреніп келіңіздер.
Мұғалім жазбасы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
1).Оқушыларды түгендеу, жоқтарын журналға тіркеу. Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайын тексеру. Назарларын сабаққа аудару.
2).Сыныпты түстер арқылы топтарға бөлу. Әр топ өздерінің орындарына отырады.
3).Психологиялық жағымды ахуал туындату.
«Үнсіз тілек» сыныптағы оқушыларға бір-біріне іштей ойлап, қимыл арқылы бір-біріне жақсы тілектер білдіруді ұсыну.
4)Бағалау критерийімен таныстыру. Өздерін өздері бағалау
2. Үй жұмысын тексеру.
Өткен тарау б/ша ақын жазушылардың шығармаларын еске түсіру
І. Қызығушылықты ояту.
1)Оқушыларға слайдтар арқылы суреттер көрсету .
2) Өтетін сабақ мақсатын айқындаймыз
3) Тақырыпты айқындау.
ІІ. Мағынаны тану.
ДЖИГСО әдісі арқылы оқушыларға мәтінді оқуды ұсынамын. Оқушылар отырған орындарында түстер арқылы бөлініп, әр оқушы өзіне тиесілі мәтіннің төрт бөлігін оқиды.
Құрал жабдығы: Оқулық. Бағалау парағын пайдалану, формативті бағалау, өзін-өзі және сыныптасын бағалау.
Сабақ барысы : Сергіту сәті
ІІ. Өткенді қайталау
1. Балалар, біз өткенде қандай тараумен таныстық?
-Неткен сұлу , неткен көркем , осы менің туған өлкем .
2. Ол тарау не туралы айтылған ?
-Бұл тарауда отан , туған жер туралы айтылған.
3. Қандай ақын-жазушылардың шығармаларымен таныстық?
-Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожаның туған жері»
- Жақан Смақовтың «Отан»
-Сәкен Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы»
-Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем»
4. Бұл бөлімнен қандай ой түйдің?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Топқа бөлу (топ басшыларын сайлау , топ басшысына бағалау парағын беру, топ ережесін еске түсіру)
1 .Сөзжұмбақты шешу
Жұмбақтар
1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2. Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып.
3. Отқа жанбас , суға батпас
2. МҰ-ҰЗ ҚА-АР
Дауысты дыбыстарды созыңқырап, сөздерді дұрыс оқыңдар.
-Көз алдыңа не елестеді ?
Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ деп ойлайсыңдар ?
Қыс
Сабағымыздың мақсатын айқындап алсақ ?
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгеріс болады?
> Қыс мезгілінде қандай қызықтар бар?
- Қыс мезгіліндегі тіршілік ?
Қыс мезгіліні туралы әңгімені айтуға Міржақып Дулатовтың төмендегі әңгімесі көмегін тигізеді .
Міржақып Дулатов (1885-1935) Қостанай өңірінде туған Ақын, жазушы «Оян, қазақ» кітабын жазған
Біз топтың ережесін білеміз ,топқа ат қою
Бүгінгі біз Міржақып Дулатовтың «Қыс» әңгімесімен танысамыз.
«Қыс» мәтінімен жұмыс
* іштей оқу;
* жұппен талдау;
* топпен талдау.
* түсінгенін басқа топқа барып айту
* әр топтан бір оқушы шығып түсінгенін айту
Сөздікпен жұмыс
Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар:
1. Қыс мезгілі жөнінде не делінген?
2. Қыс мезгілі жануарларға қалай әсер етеді?
3. Мәтінге сүйеніп жылқышы еңбегі жөнінде әңгімеле.
Сөздік жұмысы
Бапсыз – жайсыз
Бек қиын – өте қиын
Жалтаң аяз – үскірік , суық аяз
Қарыған – үсіткен
Сергіту сәті.
Балалар, қазір біздің алдымызда бөгеттер тұр екен.
Осы бөгеттерден өтсек, қызықты «қыс еліне» келіп, ойын ойнаймыз.
1. «Қалың қар» бөгеті.
6 ойлау шляпасы
*Ақ - фактілер , мәліметтерді нақты
(қыста күн суық болады . Қар жауады , боран соғады қыста адамдар жылы киім киеді )
*қызыл – ішкі сезім , эмоция , интуицияны білдіру
*қара – негативті ойлау
*көк жоғары деңгейдегі жалпы көзқарасты , қорытындылайды
2. «Қарлы бұрқасын» бөгеті
Мына әріптер ұшып барады.
Бұл әріптерден сөз құрастырып, сол сөзбен сөйлем құрауымыз керек. Қане, жинап алайық.
Қар, қыс, аяз, шана, боран, аққала, мұз.
Екі бөгеттен өтіп, қызықты «Қыс еліне» де келдік.
Постер құру
1 топ
2 топ
3 топ
3. «Мұздық» бөгеті
Берілген ұйқас бойынша өлең шығару.
… балалар,
… тебейік.
… жауып тұр,
… көрейік.
1. Жыл мезгілдерін ата. Қазір қай мезгіл?
2. Қыс айларын ата.
3. Қысқы ойындарды ата.
4. Қыс туралы өлең оқып бер.
Рефлекция. Не білдім? Не үйрендім? парағын толтырып, жапсыру.
Үйге мазмұндауды үйреніп келу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.