.
.
Сабақтың тақырыбы: Қыс қызықтары Қыс қызықтары
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2776 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын өмірінен түсінік беру; ақынның нағыз қысқы өмірді бейнелеу шеберлігіне оқушылардың назарын аударту; Дамытушылық:өлең мазмұнын әңгімелеуге дағдыландыру; Тәрбиелілік: сұлулықты көре білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу. Табыс критерийлері: оқушылар өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуды үйрене отырып, мазмұнын талдауға дағдыланады. Өлең мазмұнына қарап қысқы ойын түрлерін бейнелейді. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, диалогтік оқыту, ойын, топпен жұмыс, постер қорғау 7 модульдің қолданылуы: СТО. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау Сабақтың түрі: жаңа сабақ Ресурстар:: қыс көрінісі бейнеленген суреттер, аққала бөліктері, А 3 форматты қағаздар
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сабақтың барысы
2. Қызығушылықты ояту
3. Үй тапсырмасын сұрау.
Сергіту сәті
4 Ой қозғау
5.Мағынаны тану
6.Ой толғаныс
7. Кері байланыс
8.Бағалау
9.Үйге тапсырма
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқау.
Қазір жылдың қай мезгілі? Кім қыс айларын атап береді? Топқа бөлу.
Үй тапсырмаларын оқыту арқылы оқушылардың бір-бірін тыңдауларына назар аудару.
Ойын: «Аққала соғу». Ол үшін аққаланың әр бөлігіне жазылған тапсырманы орындауларың керек.Қай топ бірінші орындаса, сол топ жеңімпаз атанады.
Қыста тағы қандай ойын ойнауға болады?
Енді бүгін Оразақын Асқар өлеңінде қандай қысқы ойын түрлері туралы жазған екен оқып көрейік.
Оқулықпен жұмыс
Постер қорғау
Дәптермен жұмыс
Оқулықтағы суретпен жұмыс
Суреттегі балаларға ат қойып, әңгіме құрастыр. Қай топ мәнді де мағыналы әңгіме құрастыра алады екен?
Бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Екі жұлдыз, бір тілек.
Әр топтан жеке оқушыларды шаналардың түстеріне сәйкес бағалау
Қар адамының неге күлгенін ойша қиялдап айтып келу. Өлеңнің екінші шумағы бойынша сурет салу. Оқушылар сабаққа әзірліктерін көрсетеді.
Қыс мезгілі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан Оқушылар қыс айлары бойынша топқа бөлінеді.
Жапалақтап жауған қарды сипаттап жазған бес жолды өлеңдерін оқиды. Бір-бірін тыңдап отырып ең мазмұнды жазылған өлеңді атайды.
Сергіту сәтін қимыл арқылы орындайды.
Топпен жұмыс арқылы орындайды.
Оқушылар шанамен және шаңғымен сырғанау, коньки тебу т.с.с. ойын түрлерін айтады.
Өлеңді іштей оқып болған соң дауыстап мәнерлеп оқиды.
Топпен жұмыс арқылы өлеңнің әр шумағын талдайды. Өлеңнен ақынның нағыз қысқы өмірді бейнелеу шеберлігін әр топ постер қорғау арқылы дәлелдейді.
Өлеңнің әр шумағына құрастырылған жоспардың ретін анықтап, әр оқушы өз нұсқасын жазады.
Әр топ сурет бойынша әңгіме құрастырып оқиды және салыстырады.
Топ бірін – бірі бармақ бағалау арқылы бағалайды.
Әр оқушы өзінің сабақтан алған әсері туралы және тілегін жазады.
Қызыл түсті шана –«3» көк түсті шана –«4» , жасыл түсті шана-«5»
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.