.
.
Ашық сабақ 4 «б» сынып Қазақ тілі Қыстырма сөз
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3393 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөз 189-192 жаттығу
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі;
Оқушыларға қыстырма сөз туралы түсінік беру. Сөйлем ішінен
қыстырма сөздерді таба білуге үйрету.
ә) дамытушылығы;
Баланың логикалық ойлау қабілетін жаттығулар орындау арқылы
дамыту. Шығармашылық қабілетін,байқағыштық қабілеттерін,сөздік
қорларын дамыту.
б) тәрбиелігі;
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,тірек сызба,топпен жұмыс,логикалық тапсырмалар.
Сабақтың құрал-жабдықтары, көрнекілігі:
Интерактивті тақта,тірек сызбалар,түрлі-түсті фишкалар.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың барысы:
I Кіріспе бөлім: а) Ұйымдастыру кезеңі; (Сәлемдесу)
Хормен: Жақсы оқып сабақты
Әдеп сақтау сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге
Бас иіп бүгін бәріміз.
ә) Психологиялық дайындық;
б) Сабақтың топтық сайыс түрінде өтетінін хабарлау;
II Үй тапсырмасын сұрау: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері 188-жаттығу
1) Ереже сұрау
2) Мысал келтіру,сөйлем құрау.
III Үй тапсырмасын қорытындылау: (Тірек сызба)
Жеке-жеке тоқталып мысал келтіру.
188 – жаттығуды тексеру.
IV Жаңа сабақ: а) Мюнстенберг әдісі бойынша жаңа сабақты хабарлау.
Ж К У Қ Ы С Т Ы Р М А К Р Е С Ө З Ж П Н
ә) Жаңа сабақты түсіндіру. Сөйлем талдау арқылы.
Ертең , қансонар болғалы тұр.
б) Тірек сызба.
Қаратпа сөз Одағай сөз
в) Оқулықпен жұмыс 189-жаттығу. Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып,оқу.
- Не байқадың?
Құрамында сөйлем мүшесі емес сөздерді табу.
г) Дәптермен жұмыс 190-жаттығу. Топтық тапсырма:
I топ: 1,2-сөйлем
II топ: 3,4-сөйлем
III топ: 5,6-сөйлем
р б «қысқасы» сөзінен сөз тудыру.
Сол сөзтумаларға қыстырма
е ә сөз қосып сөйлем құрау.
і с
Сөз құра,сөзден сөйлем
құра.
191-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу. Шарты бойынша ауызша орындау.
Шығармашылық тапсырма: Өлеңді қара сөзге айналдырып, шағын мәтін жазу.
III Қорытынды бөлім: Жаңа сабақты бекіту.
Пысықтау сұрақтарын беру.
- Қыстырма сөз дегеніміз не?
- Қыстырма сөз сөйлемнің қай жерінде келеді?
- Қыстырма сөзді алып тастаса сөйлемнің мағынасы өзгере ме?
(мысал келтір)
IV Үйге тапсырма беру: Ереже жаттау,192-жаттығу.
V Оқушылар білімін бағалау:
Үш топтағы конверттерден жиналған фишкаларды санау арқылы топтың ұпайын шығару.
Қызыл -5, көк -4, жасыл -3
а) Жеке оқушыларды бағалау.
ә) Топтық сайысқа баға беру,марапаттау.
б) Оқушылар пікірін тыңдау, әрқайсысының қарсылас
тобына талдау жасау.
№19 орта мектеп
Қазақ тілі
4 «б» сынып
Ашық сабақ
Мұғалім: Сатаева Жанна Үсейінқызы
2010-2011 оқу жылы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.