.
.
Дайындаған: Орал қаласының №44 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып бойынша оқу- тәрбие ісінің меңгерушісі : Қызықты есептер
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2351 | Размер: | Автор: Нартай4540Қарағойшина Гүлбану Жеңісқызы
Қызықты есептер
Наурыз дастарханына 263 дана алма даярланды. Егер наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлық балаға алма жете ме?
Оспан көшеден көп ақша тауып алды да, күніне 20 теңгеден жаратты. Бір айдан соң, одан 60 теңге қалды. Дәл бір ай алдында оның шешесі 860 теңге жоғалтқан еді. Оспанның тауып алған ақшасы анасыныкі ма, жоқ па?
Дәптердің бетінің ұзындығы 20см, ені 15см. Самат сабақта отырып, зеріккеннен дәптердің бетінің 30см2-не сурет салып қойды. Егер ол дәптердің бетін түгел дәл осындай суретпен толтыратын болса, дәптердің бетіне неше сурет сияды?
Оқушы үй жұмысын орындау үшін 2 сағат отырды. Ол 20 минут сурет салып ойнады. 40 мин оны өшірумен әлек болды. Қалған уақытта үй тапсырмасын орындады. Егер әр пәнге 20 минут уақыт жіберсе, ол неше пәннен үй тапсырмасын орындайды?
Олжас пен Жандос жасырынбақ ойнады. Олжас кәрі еменнен 12 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4 қадам солға, 11 қадам оңға жүрді. Олжас қайда тығылды?
10 жасар Арман шашын тақырлап алдырып тастады да ойнады. Егер менің шашым айына 1см өсетін болса, 20 жасқа келгенде, менің шашымның ұзындығы қандай болар еді?
Бір патшаның сұлу қызы болыпты. Ол 18 жасқа толғанда, кімнің байлығы көп болса соған қызымды беремін депті. Сонда бір жігіт келіп, менің 27360 сандық алтыным бар, оған жыл сайын 33 сандық қосылып тұрады депті. Патша жігітке 30000 сандық алтын әкелсе қызын беретінін айтыпты. Жігіт 30000 сандық алтын жинағанша қыз неше жасқа толады?
Қайрат пен Талғат бірдей бөлінгішті екі түрлі бөліндігі бөлді. Қайрат 153-ке бөліп еді, бөліндіде 612 шықты. Талғат сол санды 6-ға бөлгенде қандай сан шығаы?
Квадрат тәрізді егінжайдың периметрі – 228 м. Осы егінжайдың ауданы қанда?
Талғат ұзындығы 2м, ені 1м тәтті жеуді армандайды. Қайрат ұзындығы дәл сондай, бірақ ауданы одан 3 есе артық тәтті жеуді армандайды. Қайраттың армандаған тәттісінің ені қандай болмақ?
Ағасында 2 дәптер, інісінде 12 дәптер. Екеуінің дәптері тең болу үшін олар дәптерді қалай бөлісу керек?
Самат 12 маусымда сағат 11-де шаңғы сатып алды да, қар жауғанша күтті. Қар келесі жылдың қаңтарының 25 жұлдызында сағат 9-да жауды.Самат қардың жаууын шаңғы сатып алғаннан бастап, неше сағат күтті?
Велосипедшінің соңынан 3 адам жүгірді. Егер велосипедші 15 км/сағ жылдамдықпен жүріп, 45 км жүрген соң, 1 сағ демалуға отырса, жаяу жүгіргендер 12 км/сағ жылдамдықпен оған жете ала ма?
450 кг жүк көтере алатын лифтке 20 кг-дық екі оқушы, 30 кг-дық үш оқушы және барлық оқушының салмағынан 5 есе кем тартатын мұғалима мінсе, лифт жүре ме?
Бір патшаның үш қызы болыпты. Оның жерінің ені 60км, ұзындығы 70 км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км. Қалғанын кіші қызына берді. Ол кіші қызына қанша жер берді?
Екі бала 5 м/сек жылдамдықпен бір-біріне қарама-қарсы жүгірді. Егер жолдың ұзындығы 100 м болса, олар неше секундтан кейін кездеседі?
Қоян қорқынышты түс көрді. Оның түсіне түлкі сағатына 154 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па?
Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар?
Екі адам төрт сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнаған?
Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
Сағат 12-де Алматыдан Талғарға қарай 80 км-сағ жылдамдықпен жеңіл машина жолға шықты, сол мезгілде Талғардан Алматыға қарай 40 км-сағ жылдамдықпен жүк машинасы шықты. Олар тоқтамастан жүріп отырды. Кездескенде екі машинаның қайсысы Алматыдан қашығырақ болған.
Бір жанұяда бес ұл бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар?
Үш тауық үш күнде үш жұмыртқа салады. 12 тауық 12 күнде қанша жұмыртқа салады?
Үш метрлік 60 бөренені жарты метрлік шөркелерге арамен бөлу керек: Қанша рет аралап кесу керек?
Үйдің 6-шы қабатына дейінгі басқыштың ұзындығы 2-ші қабатқа дейінгі басқыштың ұзындығынан неше есе ұзын?
Екі адам базарға алма сатуға барды. Әрқайсысының 30 алмасы бар еді. Біреуі екі алманы 1 теңгеден, екіншісі үш алманы 1 теңгеден сатпақшы болды. Бірақ сауда жасар алдында біреуін үйіне шақырып алды, сондықтан ол екінші сатушыға өзінің алмасын сатуға тапсырып кетті. Ол адам 5 алманы 2 теңгеден сатты. Егер ол жеке-жеке сатса, табыстары 10 теңге және 15 теңге, яғни 25 теңге болар еді, 5 алманы 2 теңгеден сатқандықтан, олар 24 теңге алды. 1 теңге қайда кетті.
Кітаптың құны 1 теңге және кітаптың құнының жартысына тең. Кітап қанша тұрады?
Екі дәптер және бір қарындаш 94 тиын тұрады. Екі қарындаш және бір дәптер 80 тиын тұрады. Дәптер мен қарындаштың қайсысы қымбат және қанша қымбат?
Бір айда бес жексенбі бола ала ма?
Қандай да бір айдың үш жексенбісі жұп күндерге тура келді. Осы айдың 20 жұлдызы аптаның қай күніне келеді?
Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шапталдан ауыр. Қайсысы ауыр – алмұрт па әлде шаптал ма?
Қаламсап дәптерден қымбат, ал қарындаш қаламсаптан арзан. Қайсысы қымбат – қарындаш па әлде дәптер мен?
Арман, Ерлан, Нұркен және Мырзатай төртеуі балық аулады. Мырзатай балықты Нұркенге қарағанда көп ұстады. Арман мен Ерланның ұстаған балықтарының саны Нұркен мен Мырзатайдың ұстағандарымен бірдеу. Арман мен Мырзатай Ерлан мен Нұркеннің ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.
7 қарындаш 8 дәптерден қымбат тұрады. Қайсысы қымбат – 8 қарындаш па әлде 9 дәптер ме?
6 табан 10 траннан ауыр, бірақ 5 алабұғадан жеңіл; 10 табан 8 алабұғадан ауыр. Қайсысы ауыр – 2 табан балық па әлде 2 тран балық па?
Әділ мен Арман А-дан В-ға қарай бір мезгілде жолға шықты. Әділ велосипедпен, ал Арман одан жылдамдығы 5 есе артық жеңіл машинамен шыққан еді. Орта жолда жеңіл машина сынып, қалған жолды Арман жаяу жүрді, оның жылдамдығы велосипедтің жылдамдығынан екі есе кем. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетті?
Бөлменің төбесінен тік төмен қарай қабырғаны бойлай екі шыбын жорғалап төмен түсті. Еденге түскен соң олар қайтадан жоғары қарай жорғалады. Бірінші шыбын екі жағдайда тұрақты жылдамдықпен жорғалады, ал екіншісі жоғары қарай біріншіге қарағанда екі есе баяу көтерілгенмен, төмен түскенде еке есе жылдам жорғалады. Олардың қайсысы төбеге бұрын жетеді?
Үйден мектепке дейін Буратино жаяу барды, қайтқанда сол жолмен жүрді, бірақ жолдың бірінші жартысын ол итке, екінші жартысын тасбақаға мініп келді. Буратиноның мектепке жаяу барғандағы жылдамдығынан иттің жылдамдығы төрт есе артық, ал тасбақаның жылдамдығы одан екі есе кем. Буратино қай жолы уақытты көп жұмсады – үйден мектепке дейін бе әлде мектептен үйге дейін бе?
Екі жолаушы бір мезгілде А-дан В-ге қарай жолға шықты. Бірінші жолаушы жолға жұмсалған уақыттың алғашқы жартысын 5 км-сағ, содан кейін 4 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Ал екіншісі жолдың бірінші жартысын 4 км/сағ, қалғанын 5 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олардың қайсысы В-ға бұрын жетеді?
4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді – қара ма әлде сары ма?
Ініне жету үшін тышқан жолмен 20 адым жасауы, ал мысық сол жолмен тышқанға дейін 5 рет секіру керек. Мысық бір секіргенде тышқан 3 адым жасап үлгереді, мысықтың 1 секіргендегі ұзындығы тышқанның 10 адымына тең. Егер тышқан түзу бойымен мысық пен іннің арасында тұрса, мысық тышқанды қуып жете ала ма?
Бірдей үщ сақинаның біреуі басқаларынан біршама жеңілдеу. Табақшалы таразымен бір рет қана өлшеу арқылы ол жеңіл сақинаны қалай табуға болады?
27 монетаның біреуі жалған және ол басқалардан ауырлау. Табақшалы таразымен гірсіз үш рет өлшеу арқылы жалған монетаны қалай табуға болады?
Бірдей 75 сақинаның біреуі салмағы жағынан қалғандарынан сәл өзгешелеу көрінеді. Ол сақинаның басқаларынан жеңіл немесе ауыр екенін табақшалы таразымен екі рет тарту арқылы қалай анықтауға болады?
Қанша тәсілмен 50 санын он екі бүтін санның қосындысы түрінде келтіріп жазуға болады?
10 санның төрт тақ цифрдің қосындысы түрінде келтіруді неше тәсілмен орындауға болады?
6 санын тақ сан қосылғыштардың қосындысы түрінде неше тәсілмен келтіріп жазуға болады? (1,2,3 есептерде қосылғыштардың орындарымен ғана өзгешеленетін келтіруді беттескен, яғни бірдей деп есептейік)
Жеті теңгеден артық кез келген бүтін ақшаның 3 және 5 теңгемен төлеуге бола ма?
Ұзындығы 102 см сымды ұзындықтары 15 см және 12см болатындай бөліктерге бөлу керек, сонда қиындылар қалмайтын болсын. Осыны қалай орындауға болады? Есептің неше шешімі бар?
Үш таңбалы сан ойланған. Оның 543, 142 және 562 сандарының кез келгенімен разрядтарының бірі дәл келеді, ал қалған екеуі дәл келмейді. Қандай сан алынған?
а) 133; ә) 343; б) 13132 сандарының цифрларының орындарын алмастыру арқылы қанша әртүрлі сан алуға болады?
Шахмат турниріне 7 адам қатысқан. Әрқайсысы бір-бірімен бір партиядан ойнаған. Неше партия ойналған?
Шахмат турниріне қатысқан үш шахматшы барлығы 6 партия ойнаған. Әрқайсысы бірдей сан партия ойнаған. Қанша?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.