.
.
Сабақтың тақырыбы: Қызықты математика. Қызықты математика.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1948 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін тексере отырып, ақыл, ой – өрісін жан – жақты дамыту.
Топпен жұмыс істеулерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Білім негіздерін өмірде пайдаланудың маңызын түсіне білуді сезіндіру. Бірлікке, ынтымақшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, логикалық есептер, слайд.
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Бүгін бізде «Қызықты математика» сайысы. Сайыс екі топтың арасында өтеді. Сайыста сендерге әр тұрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. Сендер сайыста тәртіпті сақтап, берілген сұрақтарға ойланып, тез жауап беруге тырысуларың керек.
Қазір біз осы уақытқа дейін үйірменің үйретері көп дегендей «Қызықты математика» үйірмесінде алған білімімізді ортаға саламыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі кім жүйрік ойға, сол алда дегендей, сайысымызды бастаймыз.
Сайысымыздың реті:
1. Таныстыру.
2. Жаңылтпаштар сайысы.
3. Топ басшыларының сайысы.
4. Математикалық мақал –мәтелдер сайысы.
5. Топ мүшелеріне тапсырмалар.
6. Санамақтар.
Таныстыру.
1 –топ: «Білімділер тобы»
Бір сыныпта оқимыз,
Оқимыз бәріміз де.
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге,
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз,
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге!
Топтың ұраны: «Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні – кәріп»
2 –топ: «Ойшылдар» тобы
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп,
Ойламаңдар, қорқып бізден қашар деп.
Біз дайынбыз жарысуға достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Топтың ұраны: «Оқу – білім азығы,
Білім – ырыс қазығы».
2. Оқушылар өздері жаттаған жаңылтпаштарын айтады. Келесі топтың оқушылары оны жаңылмай қайтлаулары керек.
3. Топ басшыларының сайысы. Берілетін тапсырмалар оқылады. Олар тез арада жауаптарын айтуы тиіс.
1) Айжан мен Маржан Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан жас кіші болса,бұл қыздардың әрқайсысының әкелері кім?
Жауабы: Айжан –Мұраттың қызы, Маржан –Асқардың қызы.
2) Аулада 7 шымшық отыр еді, оған тағы бесеуі қосылды.бір мысық жайлап келіп бір шымшықты ұстап алды. Сонда неше шымшық қалды.
Жауабы: мысық ұстап алған 1 шымшық қалды. Қалғандары ұшып кетті.
3) Бозторғайлар 9 болса, сарышымшықтардың олардан 3–і артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті?
Жауабы: 7 құс.
4) Спорт залында арқан ілулі тұр. Бала сол арқанмен 3 м биіктікке көтерілді. Бұл арқанның төрттен бір бөлігі деген сөз. Сонда арқанның ұзындығы неше метр болады?
Жауабы: 12 метр
5.Топ мүшелеріне кезек –кезек тапсырма беру.
1. 1 –топ мүшелерінің біреуі шығып бір мезетте оңқолымен үшбұрыш, сол қолымен шаршы салу керек.
2 топтан бір бала шығып оң қолымен төрт бұрыш, сол қолымен дөңгелек салуы керек.
2. 1) Жұмбақтар шешкізу.
1-топқа:
1) Доп емес, дөңгелек емес,
Ұқсап бірақ достарым,
Фигура ол негізі,
Дәл жауапты қостадым (шеңбер)
2) Шаршының периметрі 20 см болса, бір қабырғасының ұзындығы неше см болады? (5 см)
3) 3-тің кубын тап (27)
4) 8 санының квадратын ата.
5) Қораптың ұзындығы 9 см, ені 5 см, биіктігі 1 см. Қораптың көлемін тап (45 см).
6) 4 үйрек 1 үйректің алдында келе жатыр. 1үйрек 4 үйректің артында келе жатыр. 1 үйрек 4 үйректің ортасында келе жатыр. Барлығы неше үйрек келе жатыр? (5үйрек. 5 үйрек бірінің соңынан бірі келе жатыр).
2 топқа.
1) Үлкен –кіші сандысенғ
Ажыратқың келсе егер,
Қандай таңба қояр едің,
Қане, ойлан, куәгер (теңсіздік)
2) Шаршының ауданы 16 см болса, оның қабырғаларының ұзындығы нешеге тең болады? (4 см).
3) 4-тің кубын кім табады? (64)
4) 81 қай санның квадраты (9)
5) Қораптың ұзындығы 8 см, ені 5 см, биіктігі 2 см. Көлемін тап. (80 см)
6) Ардақ алма ағашынан 9 алмұрт, Гүлдана 12 алмұрт жұлып алды. Қыздардың қайсысы көп алмұрт жинады. (Ешқайсысы алмұрт жинаған жоқ, себебі алма ағашында алмұрт өспейді).
6. Санамақтар сайысы.
Қорытындылау. Әділқазылар алқасы жеңімпаз топты анықтайды. Жеңімпаздарға сыйлықтар беру.
Оңалбаева Ағилаш Ізбасарқызы –
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Батыс Қазақстаноблысы, Қаратөбе ауданы,
Шөптікөл орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.