Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Қызықты  математикалық  ойындар» атты сайыс -

«Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 6786 | Размер: | Автор: Нартай4540
. 1. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін
тексеру,алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Мұндағы өлең-есептер,ертегі есептер,сөзжұмбақты
шешу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Пәнге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз
ойын еркін айта білуге қалыптастыру.Оқушыларды
ауызбіршілікке ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Туған
жерінің табиғатын сүюге,қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,көрнекілік.ізденушілік,ойын , құрастыру

Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, бейнелі сөз, викторина, интер/к ,,
тақта ,ертегі есеп, өлең есеп,слайд.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі:
-Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздер 3 сыныптар арасында өтетін «Қызықты
математикалық ойындар» атты сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырма-
ларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда өлең есептер,ертегі есептер, сөзжұмбақтар ,бейнелі
сөздер беріледі. Солардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс
айтылған жауаптарға ,Әділ-қазылар алқасы бағалап отырады.Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математиктер» номинациясына ие болады.Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Бүгінгі сайыс сабағымыз мынандай бөлімдерден тұрады:
1.Таныстыру
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Математикалық бейнелі сөз шешу
4. Ұшқыр ой ойыны.
5. Кім жылдам? ойыны.
6. Аудио ертегі сұрақ
7. Құстар тапсырмасы
8 .Бейне сұрақ
9 . Топ басшылар жарысы
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді
жұмып,мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік.(Әуен ойнайды)
«Жасыл дала,құлпырған қып-қызыл гүлдер,сарқырап аққан
мөп-мөлдір су,жайқалған ағаш,ашық аспан,жарқырап күлімдеген
күн сәулесі.»
Осы сезімге беріле отырып,көзімізді жаймен ашайық та осындай күймен есептерді, тапсырмаларды тез ұжыммен топтасып шешейік
Уа,халайық,халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып ,шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ,есеп бәрі бар
Ал,сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.-деп Бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.

«Алғырлар» тобы
1) Топ басшысы- Дүбірбек Айғаным
2) Рысқұлбек Елжан
3) Мұхаметджанова Нұрай
4) Алтай Батырхан
5) Қожабек Нұрым
6) Бақытбек Ербол
7) Боқай Асылмұрат
8) Жаңбырбаев Әнуар

«Білгірлер» тобы»
1) Топ басшысы-Рахымжан Нұртөре
2) Амангелді Сагынжан
3) Ермалақ Күсулу
4) Бейсенбек Айшуақ
5) Насыр Даулет
6) Шәймерден Самат
7) Азамат Елнұр
8)Қалиақпар Ұлағат


Әр топ өздерін таныстырмай тұрып сендердің берген жауаптарыңды, шығарған есептерінді, орындаған тапсырмаларынды бағалап отыратын әділ-қазы алқасымен таныстыры өтейін:
1.
2.
3.
1.Таныстыру бөлімі
Енді сөз кезегін топтарға берейін,өз топтарын өлең жолдары арқылы
таныстырып өтсін.
Ұран: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі жарыста алғырлықпен аламыз
«Алғырлар» Озып шығып бәйге аламыз
Аты аңызға айналған
«Алғыр» бала атанып
Бізде ғалым боламыз.

Ұран: Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске
«Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп
Таудай бірақ талабымыз
«Білгір» бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
2. «Сөзжұмбақ» шешу
уа,балалар,балалар,
Қане бері қараңдар
Сайысымызды бастайық
Сөзжұмбақты қиналмай
Лезде шешіп тастайық.

«Алғырлар» 1.Ең кіші үш таңбалы сан. Жүз
2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш. Шаршы
3.Ондықтан құралған сан. Қырық
4.Бір таңбалы сан. Үш
5.Кеміту амалы. Азайту

«Білгірлер» 1. Бір таңбалы сан Бір
2.Геометриялық фигура. Төртбұрыш
3.Бұрыш түрі Сүйір
4.Уақыт өлшем бірлігі. Ғасыр
5.Дөңгелекті басқаша қалай атаймыз. Шеңбер
Әсем табиғатымызды,суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады.Таза ауамен дем алсақ,денсаулығымыз да мықты болады.

3. «Математикалық бейнелі сөз» шешу , Яғни ребус шешесіндер

, Қаз Ай Ту (Азайту) Мысық ,Етік, Р (Метр)

4. «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған коипьютерге 1- ден, 9 ға дейінгі сандарды жазындар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі танбалы сан қолдануға болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9=12+3+4+56+7+8+9=99
1,2,3,4,5,6,7,8,9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9
Қане балалар жазып болсақ , топ басшыларын оқып шықсын.
Ендеше тақтаға қарайық. (Дұрыс нұсқасын көрсетемін немесе дұрыс орындаған топтың тапсырмасын үлгі ретінде көрсетемін)

5.«Кім жылдам?» ойыны.
Ойын шарты: Шаршыдан 2 ұшбұрыш 2 төртбұрыш шығатындай екі түзу сызық сыз

6.Аудио сұрақ . Шарбану Батталова орта мектебінің жоғарғы сынып оқушысы Рахат.Бақытжан сендерге ертегі есеп жасырады.
Ал қане тыңдайық:
«Ұрылар мен кемпір» ертегі есеп.
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен ,панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты.Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді.Кемпір:-«Бұлар менің жалғаз сиырымды нысанаға алмақ болған екен,мен де бұларды алдайын»,-деп ойлайды.Сөйтіп жалман –жан бір шелексуды сапырып отырып ,мынадай өлең айтыпты:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер»,-деген екен.Мұны естіген ұрылар:-«Қой мұнымыз болмас үй» толы кісі ,әрі бізден екі есе көп,кетейік»,-деп кетіп қалыпты.Кемпір тапқырлығымен ұрылардыосылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу? Жауабы:10 адам
7. Құстар тапсырмасы
Балалар білесіңдерма?, бізге қонаққа құстар келіпті, жылы жаққа кетіп бара жатқан құстар екен. Сендердің білімдеріңді тесеру барысында бірнеше тапсырмалар ала келіпті өздерімен. Қалай балалар тапсырмаларын орындап, білімдеріңді көрсетуге дайынсындарма?
Ендеше қонаққа келген құстарымызды шаұырайық
Құстар біздің досымыз
Біз қамқоршы боламыз
Құстарға ұя саламыз
Жем су беріп жаз бойы
Балапанын бағамыз.

1-құс «Аққу» тапсырмасы
Математикалық викторина.
үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр.




2 –құс «Кептер» тапсырмасы.
Екі топқа ортақ өлең есеп оқылады .
Қай топ оқушыларының ойлары жүйрік екендігін анықтау.
-Кел балалар ,ойнайық
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Ал,тыңдаңдар,тыңдаңдар.
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық дегенге.
Бөгеліп те тұрмаңдар.
Математикалық өлең есеп
Көлден ұшты 50 қаз
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз

Аулада 60 үйрек, 11 түйе,бес жылқы.
Қорада 20 үйрек, 2 сиыр,бір ешкі
10 үйрек тығылды 2 қоян,үш түлкі,
10 үйрек жығылды, Болды сонда нешеуі? (24)
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Айтшы сонда нешеуі
Болады неше алма? (60 алма)
3-құс Торғайдың тапсырмасы
Қызықты тапсырмалар.
1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он.Аулада
неше тауық ,неше бұзау болуы мүмкін?(2 бұзау, 1 Тауық)
2. Ағаш басында 2 балық отыр еді.Оларға тағы 2 балық ұшып келді.Барлығы
неше балық болды? (Балықтар ұшпайды)
3. Аулада тұрған әртүрлі көліктердің (жеңіл машина велосипед)
дөңгелектерінің саны-он болады.Аулада неше жеңіл машина,мотоцикл,
велосипед тұр?
4. Қайыңда 6 алма өсіп тұр еді, 2-уі түсіп қалды. Ағашта неше алма қалды.
3-құс Қаз тапсырмасы
Суретте неше ұшбұрыш, неше төртбұрыш бар?

1.

2.

8. Бейне сұрақ.
Сендерге бейне сұрақты осы мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Күміс апай қояды. Қане мұқият тыңдайық.
Әр бөлікте бір қара фигура болатындай етіп, суретті тең төртке бөл



Енді ең сонғы капитандар жарысы:
«Алғырлар»
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4 .Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7 . Азайту амалының компаненттерін ата?(азайғыш,азайтқыш,айырманыі мәні)
8. 3 пен 9-дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)

1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қоссамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7-нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)


Математика
Сонау-сонау алысқа,жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа , ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика-
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
- Осымен ,балалар «Қызықты математикалық ойындар» атты сайыс сағатын
аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап
«Жас математик»номинациясын беріп , ұпайды аз жинаған топ белсенді қатысқаны үшін « Алғыс хатпен» мадақтап марапатталады.

Сау, болыңыздар!
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.