.
.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім Зат есім
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1525 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Зат есім туралы ұғымдарын кеңейту, дүние танымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту. Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың ана тілін сүюге, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру, белсенділікке, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Пән аралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу, дүниетану.
Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, түртіп алу, бес жолды өлең, эссе.
Сабақтың көрнекілігі: Қағаз, маркер, сөзжұмбақ, суреттер, мәтін.
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту кезеңі:
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Психологиялық дайындық:
Қаның, жаның – тіліңде,
Арың,нәрің тіліңде.
Ұмтыл оны білуге
Тілден алып ғибрат
Құлшынасың білімге - дегендей бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр, сондықтан бүгін сабаққа қатысып, өз білімдерінді қонақтарға көрсете білулерің керек.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен.
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым - демекші дәптерлерінді ашып, бүгінгі күнді жазамыз және көркем жазуға Қадыр Мырзалиев ағамыздың өлеңінен үзіндіні көркем етіп жазу.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
ІІ. Жаңа сабақ
1) Сұрақ - жауап:
- Енді бәріміз туылған күндерімізді есімізге түсіреміз.
- Қыс мезгілінде туғандар бірінші топ болады.
- Жаз мезгілінде туғандар екінші топ болады.
- Мінекей туған күндеріміз арқылы жаңа жұмыс тобын құрдық, осы топтар бойынша жұмыс жүргіземіз.
2) Сөзжұмбақпен жұмыс:
Қазір сөзжұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтайық.
Мен сөзжұмбақтың сұрағын оқимын, сендер жауабын жазыңдар.
1. Көру мүшесі (Көз)
2. Әліппенің атасы (Ахмет)
3. Сөздің бөлінбейтін негізгі бөлігі (Түбір)
4. Суретші ата (Қастеев)
5. Азайту амалына кері амал (Қосу)
6. 1925 жылы Парижде бүкіл дүние жүзілік жарыста қазақтың атын шығарған әнші (Әміре)
7. Жылу сүйгіш өсімдік (Мақта)
К Ө З
А Х М Е Т
Т Ү Б І Р
Қ А С Т Е Е В
Қ О С У
Ә М І Р Е
М А Қ Т А
- Қандай сөз шықты?
- Зат есім
ІІІ. Мағынаны тану.
- Зат есім туралы не білеміз деп ойлайсыңдар?
1. Зат есім туралы не білетінімізді топтастырып, жазайық.
Дара Ережесі Сұрағы
Негізгі Туынды
Көпше Жекеше
Жалпы Жалқы Күрделі
2. Суретпен жұмыс
Суреттегі заттың атын атап, оған сұрақ қою, қандай зат есім екенін айту.
Астана, қасқыр, ата, қарбыз, терезе, аралар, Абай, оқушы, тырна, көбелек
3. Оқулықпен жұмыс:
Суреттегі құстардың атын атау, сұрақ қою және сол сөзбен сөйлем құрастырып, тақтаға жазу және дәптерге жазу.
4. Топппен жұмыс (288- жаттығу)
І топ – Малдың төлдері:
ІІ топ – Аңдар:
5. Ауызша жұмыс (290 - жаттығу)
Өлеңді мәнерлеп оқу, жалқы есімдерді табу. (Картадан Алтай мен Атырау арасын көрсету)
6. Түртіп алу әдісі бойынша мәтін таратылып, жұмыс жүргізу (291 - жаттығу)
۷ Білемін -Білмеймін +Жаңа ақпарат ?Таңқалдырады
слёт – халық өнерпаздарының жарысы.
Дина Нүрпейісованың суретін көрсетіп, ол кісі туралы оқыған шығармасы туралы еске түсіру.
7. Дәптермен жұмыс.
І топ – жалқы есімдерді тауып жазу.
ІІ топ – зат есімнің көпше түрін жазу.
ІV. Ой толғаныс кезеңі.
І топ – Дина сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
ІІ топ – Дина Нүрпейісоваға эссе жазу (3-4 сөйлемнен).
V. Бағалау
VІ. Үйге тапсырма:
Көркем әдебиеттен төрт сөйлем жазып, зат есімді табу, сөз құрамына талдау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.