.
.
Сабақтың тақырыбы: Зат есім (қайталау) Зат есім (қайталау)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1801 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Зат есімнен алған білімдерін
пысықтау. Зат есімнен сөйлем
ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ
қоя білуге үйрету. Сауатты, таза
жазуға дағдыландыру.
2. Дамытушылық:
Тапсырмаларды орындау арқылы
оқушылардың сын тұрғысынан
ойлауын дамыту.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды ұйымшылдыққа ,
ізденімпаздылыққа,
шығармашылықпен жұмыс істеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі суреттер,
парақшалар, жазбақағаз,
сөзжұмбақтар.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, көрнекілік, топтастыру,
галереяны аралау стратегиясы.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды берілген саны бойынша нөмірлеп, 4 топқа бөліп отырғызу.
1. Қызығушылықты ояту.
«Ой қозғау».
Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын.
Сөйлемдегі ой иесі боламын.
Не істеді? сұрағымен көркейемін,толамын.
Жұмбақты оқушылар шешеді.
Сөз жұмбақ.
Қ
О
Ш
К
Е
Л
Д
І
Ң
І
З
Д
Е
Р
1.Ақ ұлпа
2.Үй жануары
3. Тәтті шырынды жеміс.
4.Су көлігі.
5.Адамдардың жалпы аты.
6.Қой жылқы, сиыр атауы.
7.Табақ, кесе, қасық атауы.
8.Баланы оқытатын адам.
9.Жыртқыш жануар.
10.Білім бұлағы кітап.
11.Үй құсы.
12.Қазақ халқының музыкалық аспабы.
13. Білім ордасы.
14. Үй жануары.
Мына сұрақтарға жауап береді.
-Зат есім деген не?
-Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
2.Мағынаны түсіну. (мақсаты)
Әр топқа берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек.
1-топ: Кім? (әнші, ақын,оқушы, дәрігер)
2-топ:Кімдер?(балалар, күйшілер, аңшылар)
3-топ: Не? (ауыл, кітап, қоян,шелек, )
4-топ:Нелер?(дәптерлер, бақалар)
«Суретті билет » ойыны арқылы.
Әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атын атайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қалаған бір суретке шағын әңгіме жазады.
Оқулықпен жұмыс. «Ой толғаныс»
1-топ: 307- жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Зат есімдердің астын сызу. Мағынасын түсіндіру. Туыстықты білдіретін тағы қандай сөздерді білесіңдер. Соларды жазу, сұрақ қою.(тақтаға)
2-топ: 308 –жаттығу. Сөздерге сұрақ қой. Бұл сөздерге –шы, -ші жұрнағын жалға. Сонда қандай сұрақ қойылады? Неліктен?
Бағананың оң жағына кім? Сұрағына, сол жағына не? сұрағына жауап беретін сөздерді жазу. Кенші, биші, суретші, сушы, малшы.
Сөздік жұмыс. Кенші-
3-топ: 309-жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жаз. Зат есімнің астарын сыз.Олардың қандай сұрақтарға жауап беретінін айт.
Ауыл сыртында сайда,
Жатыр үлкен айна. (көл)
Қант емес-
Қатты.
Мұз емес-
Тәтті. (науат)
Сөздік жұмыс. Науат-
4-топ: 310-жаттығу. Сөздерді оқып, үлгі бойынша көшіріп жаз.
Үлгі: Табиғат құбылыстарының атаулары: жел, қар, жаңбыр, құйын, боран.
Көлік атаулары: трамвай, арба, шана, машина, автобус, велосипед.
Шығармашылық тапсырма: Қысқы табиғат құбылыстарын қатыстырып әңгімеле.
Ребус шешу. «Ой толғау»
1-топ: З 'саты' есік ' М (Зат есім)
2-топ: Е тіс 'етік (Етістік)
3-топ: ' асық' Н есік' М (Сын есім)
4-топ: Сандық ''' есік' М (сан есім)
3. Ой толғау.
Біз нені үйрендік?
Зат есім туралы не білетініңді айт?
Зат есімге мысал келтір.
Үйге: Ережені білу. 311-жаттығу.Топтастыру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.