.
.
Ақмола облысы Зат есімнің септелуі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1661 | Размер: | Автор: Нартай4540Зеренді ауданы
Симферополь орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Айтенова Б.Б.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі.
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды септіктердің сұрақтарымен, жалғауларымен таныстыру.
2) Оқушылардың ойын, сөздік қорын, тілін дамыту.
3) Қазақ тілі пәніне сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, жинақылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенті тақта
Сабақтың түрі: ертегі
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс істеу.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.
- Балалар, бір-біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын,
Жан дүниемде күн нұрлы.
Жылуым мол бойымда,
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
2. Өткенді пысықтау. Зат есім нені білдіреді? Оның сұрақтары қандай? Зат есімнің жекеше және көпше түріне мысалдар келтіру.
3. Жаңа тақырып. – Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымыз ертегі желісінде өтеді.
Ерте, ерте, ертеде Білімімен жаныпты.
Мінезі суық қаталдау Қазақ тілдің ұрпағы
«Қазақ тілі» атанған Әкесіне сеніпті.
Хан патшасы болыпты. Жетеуіне қаз-қатар
Киіз үй тігіп жайлауға Жеті үй тігіп беріпті.
Қыр басына қоныпты Қатаң тәртіп қағида
Септік деген атаның Білімсізді жойыпты.
Жеті ұлы болыпты. Сұрақтар мен жалғауын,
Жетеуі де ер жетіп, Жабыстырып қойыпты.
- Біз Септік атамен бірге 7 ұлының ауылына саяхат жасаймыз.
Сандарды кему ретімен орналастыр.
І т т е с е к п р
532 263 774 237 983 821 326 792 105
Интербелсенді тақтамен жұмыс: Кестеде жазылған септіктермен таныстыру.
Септік түрлері Сұрақтары Жалғаулары
1.Атау
2.Ілік
3.Барыс
4.Табыс
5.Жатыс
6.Шығыс
7.Көмектес
Кім? не?
Кімнің? ненің?
Кімге? неге? қайда?
Кімді?нені?
Кімде? неде? қайда?
Кімнен?неден?қайдан?
Кіммен?немен?
-
- ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің.
-ға,-ге,-қа,-ке
-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті,
-да,-де,-та,-те
-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен
-мен,-бен,-пен
Жалғау бермей әйтеуір Тұңғыш ұлы Атауға
Атауды дара бөліпті Кім? не? сұрағын беріпті.
Кең дүниені бөледі, Барыс болса жарқылдап
Екі сұрақ ұсынып Үш сұрақпен қалыпты
Кімнің? Ненің? дегені. Кімге? Неге? Қайда? деп
Жұлдыз болып жаныпты.
Оқулықпен жұмыс. 1 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Табыс болса байыппен -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті, деп
Кімді? Нені? ұсынам. Жалғауым көп деп қысылам.
Жаттығу жұмысы. 2-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Септік жалғауында тұрған сөздердің астын сыз.
Бұғы – жануарлардың үлкен тобы. Олар қатал табиғатқа бейімделген . Бұғылар қыста қарға батпай жүре алады. Өйткені олардың жалпақ тұяқтары қарда, батпақта, сазда еркін қозғалуға мүмкіндік береді.
Жатыс болса бүгінде -да,-де,-та,-те боп
Кімде?неде? сұрағы Осы жалғау тұрады.
Шығармашылық тапсырма. Берілген суреттегі сөздерді септіктерге қойып, жалғауларын белгіле. Кірпі, доп, ағаш.
Кімнен?неден? сұраймын -нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен, деп
Сол жалғауға құраймын. Сендерге ғана ұнаймын.
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Сай-саланы аймалады, Күннен – бөркі,
Жоталардан жел есті. Гүлден - көркі,
Көк қарағай Тау тамаша, тау алып.
Көп баладай
Күбір-күбір кеңесті.
Кенжесімін бүгінде
Кіммен?немен? жүремін
-мен,-бен,-пен жалғауым
Осы болды таңдауым.
Сабақты қорыту: Ассоциация құру.
Септік
Үйге тапсырма: 84-бет, 5-жаттығу.
Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.