.
.
Қазақ тілі 3 сынып Зат есімнің тәуелденуі Зат есімнің тәуелденуі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3443 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ тақырыбы : Зат есімнің тәуелденуі
Сабақ мақсаты : а) Тәуелдік жалғаудың мағынасын байқату, яғни заттың , қандайда бір
нәрсенің біреуге тән , соның меншігі екенін білдіретін қосымша
тәуелдік жалғау деп аталатынын түсіндіру;
ә) Сөйлеу дағдыларын жетілдіру, тілін дамыту, қызығушылықтарын
арттыру;
б) адамгершілік тәрбие беру, таза ,әдемі жазуға баулу.
Типі : жаңа білім беру
Әдісі : түсіндіру, талдау, ішінара ізденіс.
Көрнекілігі :Әмбебап тақта, карточка, кесте, әр оқушыға арналған жеке психологиялық тапсырмалары бар парақтар,
Сабақ барысы
Қызығушылықтарын ояту
Әр оқушыға тапсырмалары бар парақтар үлестіріледі. Ол парақтардан әр оқушы өз үйін тауып, белгілейді.
- Өткенге шолу (сигналдық белгілерін ұстап отырады, сол арқылы көрсетеді)
-Иә, біз сонымен өткенге шолу жасадық
-Енді, төмендегі кестені толтырайық
- Ал, қайсың тақтаға шығасың?
- Балалар тақтада сөзжұмбақ тұр, шешіп көрейік:
Ортада тәуелдену деген сөз шықты. Бұл зат есімнің тәуелденуі . Зат есімнің жаңа бір қасиеті. Мақсатымыз зат есімді тәуелдеп үйрену
Оқулықпен жұмысы
311- жаттығу
Оқыту, ауызша талдату
Дос-ым, қарындас-ың ...
Кестемен жұмыс ( тақтада ілулі тұр)
Сол үлгіге қарай отырып, берілген сөздерді тәуелдейміз
Түбірлері мен қосымшаларын ажырату.
-Бұлар қосымшаның қандай түрі?
Сонымен бұл жалғаулар заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады екен.
-Кестеге назар аударайық.
Тәуелдік жалғаулары оңаша, ортақ тәуелдену болып та бөлінеді екен.
Жеке оқушылармен жұмыс (карточкалар беру)
№1 Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жазыңдар
Жайлау... бір біздің,
Қыстау... бір біздің,
Әже... ндей Алатау
Қазақ пенен қырғыздың.
№2 Балам, бала... , жаны... , бала ...!
Құлағ... сал , сөйлейді ана...
Сені өсіріп, бөбег... деп
Аппақ сүт...н емізді ана... .
№3 Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып көшір
... жолдасым, ... кітабым
... табысымыз, ... тәрбиешіміз
... мектебің , ... кітабың
... баласы, ... тапсырмасы
Дидактикалық ойын :
Әр жұмбақтың шешуін ауызша тәуелденеді.
Соңғы жұмбақты дәптерге жаздырып, «ит» сөзін тәуелдеу
313- жаттығуды талдатып, ауызша орындату
Сабақты қорыту Бағалау
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.