.
.
Сабақтың тақырыбы:Зат есімнің тәуелденуі.(4 сағ) Зат есімнің тәуелденуі.(4 сағ)
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1714 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты:1) Оқушылардың тәуелдік жалғаулар туралы алған білімдерін пысықтау,яғни заттың, қандайда бір нәрсенің біреуге тән,соның меншігі екенін білдіретін, үш жағы болатынын ұғындыру, жаттығулар орындау.
2) Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын, тілін, шығармашылығын дамыту, қызығу-шылықтарын арттыру.
3) Әдептілікке, мейірімділікке, татулыққа, жылдам ойлау-ға, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Түрі:аралас сабақ, жаттығу. Әдісі: пысықтау,сұрақ-жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс, топтық жұмыс. Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану. Көрнекілігі: суреттер,тірек сызба, слайдтар,интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:1-слайд. Психологиялық дайындық
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған
ІІ. Өткенді сабақты пысықтау:2-слайд.Зат есім.
ІІІ.Ой қозғау.Тірек сызбамен жұмыс.3-слайд.
ІV.Дәптермен жұмыс: 4-слайд.Көркем жазу. Қ қ қыс қар аққала
V.Оқулықпен жұмыс:5-слайд.1-жаттығу.Өлеңді көшіріп жаз.Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздердің астын сыз. Бейбіт өмір - тілегіміз, Бауырмалдық - салтымыз. Қамқорымыз,тірегіміз - Ынтымақты халқымыз. Көпше түрдегі тәуелдік жалғауы жалғанған сөздер жекеше түрде қалай тәуелденеді? VІ.Сергіту сәті:6-слайд. Бір, екі тұрамыз, Алақанды ұрамыз. Саңырауқұлақтай отырып, Емендерше тұрамыз. Отырамыз,тұрамыз. Орнымызға жайғасамыз.
VІІ.Шығармашылық жұмыс:7-слайд.2-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын жалғап,жұмбақты көшіріп жаз. Ине... жоқ, жіб... жоқ, Өрмег... жоқ, тіл... жоқ, Бірақ шілтер тоқиды. Сөздерде қандай өзгеріс болды?
VІІІ. «Сыңарын тап»ойыны.8-слайд.4-жаттығу.Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестір.(сәйкестендіру) Олардың қолғабым біздің ауласы менің мұғалімдерің сендердің мектебіміз
ІХ.Топтық жұмыс:9-слайд. Суреттегі заттардың атын ата. Оларды үш жақта тәуелдеп жаз.
Х.Жеке оқушылармен жұмыс: (үлестірмелі парақшалар беру)
ХІ.Ойлан, тап.10-слайд.5-жаттығу.Жаңылтпашты оқы,көшіріп жаз. Тұмсығы балғаға айналар, Балғасы қайлаға айналар, Қайласы қайыңға қайралар Тоқылдақ тоғайлы сайда бар. Тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып,сөз құрамына талда.
ХІІ.Сабақты қорыту:11-слайд. «Біз не үйрендік?»
ХІІІ.Үйге тапсырма:12-слайд.3-жаттығу.
ХІV.Бағалау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.