.
.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрі. Зат есімнің жекеше және көпше түрі.
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1777 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері туралы түсінік беріп, оларды өздігінен ажыра білуге мүмкіндік жасау, өмірмен байланыстыра алуға бағыт беру
Оқыту нәтижесі:
- зат есімнің жекеше және көпше түрін ажыратады, тиісті көптік жалғауын қосуды үйренеді; сауатты жазуға дағдыланады.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыс, СТО элементтері
Сабақтың көрнекілігі: презентация, флипчарт, сандық, микрофон, кесте
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі
1.Психологиялық дайындық
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше баламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме - деп,
Сәлемдесіп аламыз.
2. Топқа бөліну
І топ кім? сұрағына жауап беретін сөздер
ІІ топ не? сұрағына жауап беретін сөздер
ІІІ топ кімдер? сұрағына жауап беретін сөздер
ІҮ топ нелер? сұрағына жауап беретін сөздер
3. Топ ережесін еске түсіру
ІІІ) Ой шақыру
а) «Ыстық микрофон» ойыны арқылы зат есім, жалқы есім және жалпы есім тақырыптарын оқушыларға өздігінен пысықтату.
ә) салыстыру
б) Берілген сөздердің түбірін табу
кітаптар дәптерлер қояндар көйлектер
ІІІ.Мағынаны ашу
1)Бейнеролик көру
2) топтық жұмыс
Берілген қосымшаларға сәйкес сөздер жазу
І топ - лар, - дер
ІІ топ -тар, - лер
ІІІ топ - дар, - тер
ІҮ топ - тар, дер
2) «Сиқырлы сандық» ойыны. Оқушылар сандықтан сөздер алып, оларды тақтаға тиісті бағанға жазады:
Сызғыш, апа, жұлдыздар, өрік, суретшілер, көгершін, үйректер, қалам, көбелектер, оқушылар.
Жекеше Көпше
3) Сергіту сәті «Шуақты күн» биі
4) «Жұбын тап» (сәйкестендіру).
І топ ІІ топ
Ұшқыш лар құс
Шырша дер сатушы
Дәрі тар түйе
Жидек дар бүршік
Өзен лер көл
Өнерпаз тер аспаз
ІІІ топ ІҮ топ
Жылқы тер бота
Шебер дар үй
Гүл лар үстел
Бағдаршам лер құлын
Жолақ дер балық
Көлік тар мектеп
5) Шығармашылық тапсырма.
Әр топқа сурет беріледі. Сол суретке байланысты мәтін құрастырады. Мәтіннің ішінен зат есімдерді тауып, оларды жекеше-көпше түрге ажыратады.
ІҮ Қорытынды
«Ішіне - сыртына» ойыны. Барлық оқушыларға сөздер таратылады. Зат есімнің жекеше түрін сандықтың ішіне салады, көпше түрін сыртында қалдырады.
Ү. Үйге тапсырма
4-жаттығу 141 бет
ҮІ. Бағалау .
Сабаққа белсенді қатысқандарды мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.