Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Заттардың жеке атауын ата. -

Заттардың жеке атауын ата.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2029 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Шаяхмет А.К.
А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясының мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Заттардың жеке атауын ата.
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты меңгерту.
Білімділік: Жеке заттардың атауларын білу, оның ішінде жеміс атауларымен таныстыру. Оларды не үшін пайдаланамыз, олар қайда өседі ? Олардан не жасалатынын денсаулыққа адам ағзасына әсері қандай екенін атап түсіндіру. Буындық дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау , ой-өрісін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Әр заттың аталуын есте сақтау. Тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Айналадағы заттарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Жаттығулар орындату барысында ұқыптылыққа, ойындар ойнату, ребустар шешкізу арқылы жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жеке суреттер, себетке салынған жемістер, ребус.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, түсіндіру.
I.Ұйымдастыру. а) амандасу ә) оқушыларды түгендеу б) зейіндерін сабаққа аудару.
IV. – Бүгін, балалар, біз заттардың жеке атауымен танысамыз және жазу жазамыз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.
V. Жаңа сабақ.
а) – Қазір жылдың қай мезгілі ?
- Күзде ауа райы қалай болады ?
- Күзде пісетін қандай жемістерді білесіңдер ?
- Ал енді, балалар, мына себетке қараймыз. Қандай заттар ?
- Себеттегі әр түрлі жемістер.
- Қане, әр қайсысының атын атайық.
- Алма, алмұрт, ананас, жүзім, банан.
Бұлардың барлығы күзде пісетін өсімдіктер. Қане, жемістердің атын атап, буынға бөлейік.
Мысалы: алма – ал-ма, ал-мұрт т.б.
Ал енді, ойын ойнайық. Көзді жұмып тұрып себеттегі жемістерді сипап сезу арқылы анықтап, ойын сипаттату.
- Қане, Арман, кел бір жемісті ала ғой.
- Банан.
- Дәмі тәтті.
- Бұл тропикалық өсімдік, бізде өспейді.
- Алма қызыл, дәмді, одан тосап, сусындар дайындауға болады, ағашта өседі.
Осы жемістер адам ағзасына пайдалы және әр түрлі витаминдер береді екен. Адамның өсіп жетілуіне жақсы көмектеседі.
Дәптермен жұмыс.
Осы жемістердің атын жеке-жеке жаздыру.

Сергіту жаттығуы.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Ал енді мына буыннан сөз құраймыз.
Алма, жүзім, шие.
Жалқаулықты тастаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Ырғағымен әуеннің,
Жаттығуды бастаймыз.
«Өрнекті аяқта» жаттығуын орындату.

VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.
- Сонымен қандай заттармен (жемістермен) таныстық ?
- Жемістер қайда өседі ?
- Жемістерден не жасалады ? т.с.с.

VII. Енді, балалар, мына ребусты шешсек бүгінгі өткен жемістердің аты шығады. Тез ойлап табайық.
Жемістердің атауына байланысты жұмбақтар жасыру.
Оқушылардың өздері білетін өлеңдер сұрау.

VIII. Үйге тапсырма. Дәптерге жеміс суретін салып келу және оны сипаттап келу. Жұмбақ, өлең жаттап келу. Бағалау. Оқушыларды мадақтау.

Қостанай облысы
Арқалық қаласы
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.