Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
. 4-сынып Ана тілі.
Сабақтың тақырыбы: «Өзен» Ы.Алтынсарин.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:оқушыларға Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқыта отырып,оқу дағдысын қалыптастыруБаланың ой-өрісін ,қиялын, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Өлеңнің мазмұнын түсіне білуге,өлеңдегі жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіріп,мағыналық байланысына қарай ретімен әңгімелеу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылылығы: оқушыларды әдеби шығарманы сүйіп оқуға баулу.Тақырыпқа сай мәселелерге сын тұрғысынан ойлануға мүмкіндік туғызу,дамыту.
Тәрбиелілігі: суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап,аялауға өзін қоршаған табиғатпен тығыз байланысымыз бар екенін ұғындыру.Табиғат берген байлықты қорғауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі:баяндау,сұрақ-жауап,түсіндіру.
Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті,интерактивті тақта,ребустар,карта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылар назарын сабаққа аудару.Балаларды шаттық шеңберіне шақыру.
Көңіл-күйіміз қандай? Тамаша.Ауа-райы қандай? Тамаша. Сабаққа дайынбыз ба? Ия.
Оқушыларды әр түрлі түстерді таңдау арқылы 3-топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.Білімді жан-жақты сұрау, тексеру.Бөлімге арналған сұрақтар мен тапсырмалар (Жазбаша орындау,ауызша айтып беру.)
Жаңа материалды игеруге дайындық(« ребус шешу. «Өзен» өлеңі.
-Балалар мына тақтаға зер салып қараңдаршы.1-ден 4-ке дейінгі ұяшық берілген.Сол ұяшықтың артында жасырылған сұрақтар бар.Сол сұраққа жауап берсек ,бүгінгі тақырыпқа байланысты сурет шығады .Әр топтан оқушылар жауап береді.
1-сұрақ. Ы.Алтынсарин кім?
2-сұрақ. Ы.Алтынсарин қай жылы мектеп ашты? 1864 жылы 8-қаңтарда мектеп ашты.
3-сұрақ. Қандай әңгімелерін білесіңдер?
« Таза бұлақ,»Әке мен бала», «Ананың сүті», Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш», «Асан мен Үсен» Өсиет», «Екі шыбын», «Баланың айласы».
4-сұрақ. Қандай өлеңдерін білесіңдер? «Кел,балалар,оқылық», « Өнер ,білім бар жұрттар» «Жаз», «Өзен»
4 Жаңа сабақ. «Табиғат менің өз үйім» тарауы Ы.Алтынсаринның «Өзен» өлеңімен басталыпты.
Олай болса,бәріміз оқулыққа зер салып қарайықшы.
Өлеңді мәнерлеп оқу.Мазмұнын айтып беру.
Сөздік жұмысы: Қынарда-жағасында.
Жанабында-маңайында.
Әр топтан 1 оқушыға оқытып,мазмұнын айтқызу.
Сергіту сәті:
Сабақты дүниетану мен байланыстыру.3-топқа 2-сұрақтан беріліп,.оқушылар жауап береді.
1.Өзен қайдан пайда болады? ( Тау мұздықтары, жер асты сулары,батпақ көлдер,қар,жаңбыр .)
2.Өзеннің қандай түрлері бар? ( Тау өзені,жазық өзені)
3. Өзен қай кезде тасиды? Оны не дейді? ( Тасқын дегеніміз-аса күшті жаңбырдан ,қар мен мұздықтардың еруінен су деңгейінің көтерілуі.)
4.Қазақстанның өзендерін ата.( картамен жұмыс) ( Есіл,Нұра,Сырдария,Іле,Ертіс,Жайық,-бұлар үлкен өзендер.)
5. Қазақстандағы ең ұзын өзен қайсы? ( Ертіс- 4248 км)
6. Біздің обылыстағы өзен аты?
5.Дәптермен жұмыс:
Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 3-топқа мақалдар беріледі. Жалғасын тауып , мағынасын түсіндіріп, дәптерге жазады. 1-топ- Бір кісі қазған құдықтан............ 2-топ- Сыйлап берген ........ тәтті. 3-топ-.......... да сұрауы бар.
6.Жаңа сабақты бекіту:
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік жаман бауырым.
Судың біздер біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.,- деп сабағымызды аяқтаймыз.
7.Оқушы білімін бағалау.8. Үйге тапсырма беру.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.