.
.
Пәні : Дүниетану Сыныбы : 4 А, В күні : 20. ХІ.2014 Өзен және көл
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4810 | Размер: | Автор: Нартай4540Тақырыбы : Өзен және көл
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері жайында бастапқы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық : Оқушылардың өзен мен көл туралы дүниетанымын, танымдық қабілетін, өзен
мен көлдерді пайдалану және сақтау жайында пікір, сенім қалыптастыру.
Тәрбиелік : Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға, өзен мен көл суларын
ластамауға,қорғау туралы экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі : Интерактивті тақта,Қазақстан картасы, жұмбақтар, тірек-сызбалар
Түрі : Жаңа білімді игерту
Әдісі : Түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс : Ана тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру кезеңі
а/ сәлемдесу, сынып тазалығы
ә/ оқушыларды түгелдеу
б/ Оқушыларды 2 топқа бөлу
в/ оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ. Психологиялық дайындық
Табиғат сен - тіршілік тұнып тұрған,
Сен - күнсің, көтеріліп күліп қырдан.
Сен - көлсің, сен өзенсің, сен ормансың,
Адамға сұлулықты сен ұқтырған – деп сабағымызды бастайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Жер асты сулары /түсінік /
1. Жер асты сулары қалай пайда болады? Жерасты сулары дегеніміз жердің терең қабатында су бар.Адамдар артезиян құдығын немесе қолдан жерді 3-4 метрге дейін қазып құдық жасайды.Одан алынған суды ішуге ,шаруашылыққа пайдаланады.
2. Адам өміріне шипалы сулардың маңызы қандай?
3. Тұщы су қайда кездеседі? Өзенде
4. Жер бетінің қанша бөлігі су қабатында және қаншасы құрлықта? Су қабаты -3/2, құрлықта – 3/1 бөлігі
ІУ. Ой қозғау «Адасқан бұлттар » ойыны
Келеді алыстан
Ашулы арыстан. 3*6 = 18 Ауыл сыртында сайда
(Өзен) 5*5 = 25 Жатыр үлкен айна. / көл /
2-1 = 1
4*6 = 24
6*5= 30
7*4 = 28
Оқушылардан «Адасқан бұлттар » ойыны арқылы жұмбақ және математиканы байланыстырып берілген таблицаны сұрап сабақты ашып алу
У. Жаңа сабақ
- Жарайсыңдар балалар біз бүгінгі сабақтың тақырыбын таблицаны және жақын арада туған күн иелерін бар екенін біліп бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Өзен және көл деп бастаймын.
-Балалар Өзен дегеніміз - өзі салған арнамен ағатын су ағыны. Өзеннің ағып шығатын жері оның бастауы деп аталады. Өзендердің негізгі бөліктері: жылға, бастау, сала, саға; олар екіге бөлінеді. Жазық жердегі өзендер, Таулы жердегі өзендер. Тау өзендері тік жартасты терең болып келеді. Жазық жерлермен ағатын өзендердің ағысы баяу, жазық жерлердің өзендері терең емес және олардың ені бірнеше километр болады.
Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар. Ертіс, Іле, Орал, Еділ өзендерінің бойымен кішкене кемелер жүзеді. Сырдария, Тобыл, Қаратал, Бұқтырма өзендерінің бойымен терең жерлерінде ғана жүзе алады. Бұл өзендерде балықтардың құнды тұқымдары тіршілік етеді. Тұщы судың бір көзі өзен. Ертіс өзенінің бойында Өскемен, Семей, Павлодар қалалары орналасқан. Өзендерде стансалар салынып, су күшінен электр қуаты өндіріледі. Өзен басқа бір өзенге,көлге,теңізге,мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан,еріген қар мен мұздықтардан,қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Көптеген өзендер қыраттар мен таулардан басталады. Бірақ төмен қарай ағып келе жатқанда оған өзгеде жылғалар,өзен-бұлақтар мен су көздері қосылады.
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдер жазықтарда да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрл і болады. Үлкен көлдер теңіз деп аталады.
Өзендер сияқты көлдер де жаңбыр суынан қорекетенеді. Көл суы буланады және өзенге бастау болады. Көл суы ағынды және ағынсыз болады. Ағынсыз көлдің суы тұзды болып келеді. Ағынды көлден өзен ағып шағады. Көлге тұз жинақталады, ол өзен суымен бірге ағып кетеді. Сондықтан ағынды көлдің суы тұщы болады. Көлдің шаруашылықта пайдасы зор.
Дүние жүзінде ең терең және ең таза көл-Байкал. Тереңдігі -1637 м Арал теңізі бұрын аумағы жөнінде дүние жүзі көлдердің арасында 3-ші орын алатын. Бұл күнде оның суы азайып кетті. Аралдан кейінгі ірі көл –Балқаш. Балқаш көлінің су бір жартысы тұщы, бір жартысы тұзды болып келеді. Көлдердің ең үлкені –Каспий ауданы 371000 шаршы км
УІ. Сызбамен жұмыс
Біздің Қазақстанда қандай өзендер бар?
ертіс есіл сырдария каспий балқаш
іле тобыл
зайсан арал
Нұра торғай Шу
Марқакөл камбаш
Оқулықпен жұмыс
Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту
Картамен жұмыс
Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.
- Өзен мен көлдердің шартты белгілерімен таныстырып өту.
- Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.
- Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.
- Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.т.б
Дәптермен жұмыс
Оқушылар картадан өзен мен көлдерді теріп жазу
Сергіту сәті
Тамшы болып тамайық
Арықпен бірге ағайық
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық
Бу болып аспан төрінде
Бұлттар санын құрайық
Бұлттан жаңбыр сөгілер
Жер әлемге төгілер
Үлестірме қағаздар
Өзен, көлдерді не үшін пайдаланады?
туризм егістікке
емдік бағытта балық аулайды
жүк тасымалдау үшін бау - бақшаға
мал суарады электр энергиясын өндіру үшін
Топпен жұмыс
Өзендер Ұқсастығы Көлдер
Өзі салған арнамен ағатын су Екеуі де су, адам тіршілігі үшін қажет. Көл өзен сияқты бірнеше км жерлерге ағып бармайды Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар
Қорытынды : Жылға деген не? / сайдың түбінен шыққан бұлақ суының ылдиға қарай ағуы /
- Өзен қалай пайда болды? / Жылғалар бір-бірімен қосылып өзенді құрайды /
- Біздің облысымызда қандай өзен, көлдер бар екен ? арал теңізі, сырдария өзені, камбаш көлі
Бағалау. Оқушыларды жинаған балықтары мен тамшылары арқылы бағалау
Үйге тапсырма : Өзен және көл мазмұндау. Іздену арқылы ең, ең,ең..... өзен, көлдерді жазу
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.