.
.
Сабақтың тақырыбы: Өзендер. Көлдер және тоғандар Өзендер. Көлдер және тоғандар
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1958 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік міндеті: өзендер , көлдер және тоғандар,олардың айырмашылығы,
шаруашылықтағы пайдасы туралы түсінік беру, еліміздегі өзендер
және көлдермен таныстыру.
Дамытушылық міндеті: оқушылардың сана-сезімін, ойлау қабілетін дамыту,
салыстыра білуге үйрету.
Тәрбиелік міндеті: айнала қоршаған табиғаттың қыр-сырын танып білуге, есте
сақтауға, өмірде пайдалана білуге баулу
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: тест тапсырмалары, ауызша баяндау, сұрақ-жауап әдісі,
картамен саяхатқа шығу,Венн диаграммасы,мәтелдің мағынасын ашу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың өту барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі:
-Оқушылармен амандасу;
-оқу құралдарын дайындауы;
2.Үй тапсырмасын сұрау:
-Жауын-шашын.Жер асты суы.Құдық
-Тест тапсырмалары арқылы тексеру:
1.Судың 3 түрлі күйі:
А)мөлдір,сұйық,түссіз;
ә)сұйық, қатты, бу;
б)ерігіш,қатты,жылы
2.Су өткізбейтін жер асты қабаты:
А)құм Ә) қиыршықтас Б) саз
3.Жауын-шашын түрі:
А)бұршақ Ә) тұман Б) бұлт
4. Жаңбыр бұлтына айналатын бұлт түрі:
А) шарбы бұлт Ә)будақ бұлт Б)қабат бұлт
5.Құдықтың тереңдігі:
А)Жер бедеріне байланысты;
Ә)Жануарлар қажетіне байланысты;
Б)Су қабатының орналасуына байланысты
-Оқушылардың бірін-бірі тексеріп, бағалауы
-Жауын-шашын бұлт өзен,көлдердің булануы
ІІІ.Жаңа материал:
А)Жұмбақтар шешу:
Келеді алыстан Ауыл сыртында сайда,
Ашулы арыстан. (Өзен) Жатыр үлкен айна. (Көл)
Ә) Өзендер (слайдтан көрсету)
-Өзендердің негізгі бөліктері: жылға,бастау,сала,саға;
-Жазық жердегі өзендер;
-Таулы жердегі өзендер;
-Өзендердің шаруашылықтағы пайдасы.
Б)Көлдер және тоғандар (слайдтан көрсету)
-Көлдердің көлеміне қарай түрлері;
-Көлдің анықтамасы;
-Көлдің тұщы және тұзды болуы, шаруашылықтағы пайдасы;
-Жасанды көлдер;
В)Қазақстанның физикалық картасы арқылы өзендер мен көлдерге саяхатқа шығу.
-Картада өзен, көлдер қандай түспен берілетіндігін еске түсіру.
-Теңіз және көлдер: Каспий, Арал, Балқаш, Жайсан көлі. Балқаш көлінің басқа көлдерден ерекшелігі.
-Өзендер: Жайық, Сырдария, Есіл, Ертіс, Іле.
Г) –Ал, енді өзіміздің облыс орталығы Ақтөбе қаласының ортасынан қандай өзен ағып жатыр?
-Елек өзені туралы жазған мәліметін оқыту.
-Ал, Шалқар қаласында қандай көл бар?
-Шалқар көлі туралы жазған мәліметін оқыту.
ІV.Сабақты қорытындылау:
- Өзен мен көлді салыстыру: айырмашылығы және ұқсастығы.
- «Су анасы- бұлақ» мәтелінің мағынасын аштыру.
V.Оқушылардың білімін бағалау.
VІ.Үйге тапсырма: Өзендер.Көлдер және тоғандар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.