Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Зерде» танымдық ойыны -

«Зерде» танымдық ойыны

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 3088 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: «Зерде» танымдық ойыны

Сабақтың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру. Жалпы оқу бағдарламасымен қатар, дүниетану және ойлау қабілетін ұштау. Сонымен қатар, ұлтымыздың тарихын, салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпынхасихаттау. Тез және дұрыс шешім қабылдауға баулу. Оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту.
Көрнекілігі: топ аттары жазылған ьқағазда, әріптер жазылған кітаптар, интерактивті тақта.

Сабақтың жүрісі:
1.Ұйымдастыру.
-Кіріспе сөз. Бүгін біз сіздермен «Зерде» танымдық ойынын өткіземіз. Бүгінгі білім сайысына 3-сынып оқушылары қатысқалы отыр.
Сыныпты екі топқа бөлеміз.
1-топ. «Білімділер»
2-топ. «Ойшылдар»
Әр топ мүшелері ұрандарын атап, өздерін таныстырады.
«Білімділер» тобының ұраны: «Білімдіге –дүние жарық, білімсіздің күні-кәріп»
«Ойшылдар» тобының ұраны: «Оқу – білім бұлағы, білім-өмір шырағы»
Ойын ережесімен таныстыру. Әділқазылар алқасын сайлау.
Ойын 5 айналымнан тұрады.
1-айналым– «Білгенге маржан».
Топтарға оқу бағдарламасының аясында әзірленген 10 сұрақ қойылады. Топ әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан алады.
1.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3ке қатаң, ұяң, үнді)
2.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселерді ата. (тамақ, ауа, су, жарық, жылу)
3.Барлық сатып алынған заттар бағасының қосындысы не деп аталады? (құны)
4. Үш биді ата (Қазыбек, Төле, Әйтеке)
5.Адам денесінің негізгі тірегі не? (Қаңқа)
6.Қабанбайдың шын аты кім? (Ерасыл)
7.45-тің 5-тен бір бөлігі нешеге тең? (9-ға)
8.Негізгі сөйлем мүшесі не? (бастауыш)
9.Қандай? Қай сұрақтарына жауап беретін қай сөз табы? (сын есім)
10.Абылай ханға Төле бидің қойған аты кім еді? (Сабалақ)
2-айналым. «Әліппе»
Қазақ әліппесінен кез келген бір әріп беріледі. Топтар 1 минут ішінде сол әріптен басталатын сөздерді парақшаға жазуы тиіс. Адам аттары мен жер-су, қала атаулары есепке алынбайды. Нәтижесінде барынша көп жазған топ жеңіске жетіп, осы кезеңде 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

3-айналым. «Құрастырма сурет» Бұл айналымда топтарда суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Топтар суретте жасырылған затты табуы керек. Қай топ бірінші тапса, сол топ кезеңнің жеңімпазы атанып, 5 ұпай алады. Жеңілген топ ұпай алмайды.

4-айналым. «Математик» Топтар кезекпен 1 минутқа созылатын ойын ойнайды. Топтың мақсаты 1 минут ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыш шешу. Барынша көп математикалық есеп шешкен топ кезеңде жеңіске жетіп, 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды.
«Білімділер» «Ойшылдар»
4* =44 18: =2
*30=120 *2=20
14* =42 300: =60
*70=210 *3=300
21* =40 4* =32
15: =5 *8=40



5-айналым. «Суретті жұмбақ».
Бұл кезеңде жүргізуші бір жұмбақ оқиды. Оның шешуі кітапта жасырылған. Топ жұмбаққа дұрыс жауап беруі тиіс. Қай топ бірінші дұрыс жауап береді сол топ 5 ұпай иеленеді. Жеңілген топ ұпай алмайды. Бөлмеде бір топ бала отыр . олар көңілді кеш ұйымдастырып, сөз жарысын жүргізуде. Бір кезде әңгіме қазақ әдебиеті төңірегінде өрбіді. Аяқ астынан балалар қызылкеңірдек болды да қалды.
- Қазақтың ұлы жазушысы кім? – деп сурады
- Абай, - деп жауап қатты
- Дұрыс, бірақ ол ұлы ақын ғой, деп келіспеді
Олар ұзақ дауласты. Ақыры жауабын мына сурет арқылы шешті.
Сөреледегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы шығатындай етіп. Тек 3 кітаптың орнын ауыстырып орналастыр. Тесте сақтайтыны «Ә» әрпін орнынан қозғамау керек.



Бесінші кезеңнен кейін ойынның жалпы есебі анықталып, бағдарламаның жеңімпазы анықталды. Жүргізуші топтарды марапаттап, жеңімпаз топтың көшбасшысына арнайы Кубокты табыстайды
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.