Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Зерттеу тақырыбы: Сындарлы оқытудағы тәсілдердің тиімділігі -

Зерттеу тақырыбы: Сындарлы оқытудағы тәсілдердің тиімділігі

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4277 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Мусабекова Ботакөз Дабылқызы
Ж. Қыдыров атындағы №54 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылы
Зерттеу тақырыбы: Сындарлы оқытудағы тәсілдердің тиімділігі

Қазіргі таңда әлем жылдам өзгеруде. Неге? Әлемді жаһандану кезеңінде деуге болады.Өйткені ғылым мен техниканың шапшаң дамып жатқан заманы болып жатырғанын байқап отырмыз.Біздің өсіп келе жатқан жас өспірім ұрпақтарымыз ұялы телефон мен интернет желісінсіз жүре алмайтын дәрежеге жеткен кезі.Сондықтан біз бала қолынан оқулықты көре алмаймыз.Ендігі таңда бала қолына баспадан шыққан оқулықты ұстатып, оны жан-жақты тәрбиелеу- мұғалім еңбегінің өзекті мәселесіне айналғаны шындық.Сондықтан мұғалім заман талабына сай өзгеруі қажет. Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіл әлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: " Болашақта өркениеті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін- білім".(Елбасының халыққа жолдауынан) Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын ХХІ ғасыр дағдыларының моделі болып табылады.
Қазіргі таңда білім саласында өзгеріс енгізілуде. Қарқынды өзгеріс білім саласындағы жалпы мектептерде мұғалімдер үшін де ең бастысы, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» Осы мақсатта Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің «сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курстарына мұғалімдерді қатыстыру арқылы оқыту мен оқу жүйесін жан жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.
Жеке тұлғаға және нәтижеге бағытталған білім беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу-бүгінгі күн талабынан туындап отырған педогогика ғылымының міндеттерінің бірі.
Бұл мақсат күрделі болуымен қатар, көп еңбек етуді талап етеді.Дегенмен мұғалім тиімді тәсілдерді дұрыс қолданылған жағдайда сыныпта, мектепке өзгеріс енгізе алады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады.Мектеп қабырғасынан шыққан оқушы біреудің көмегіне мұқтаж болмай,өз проблемасын өзі шеше алатындай шәкірт болып тәрбиеленуі керек.Білім беру саласында ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Бағдарламада көрсетілген 7 модульді қолданысқа енгізу, оның нәтижесіне қорытынды жасау терең зерттеуді керек етеді. Бағдарлама нәтижесі мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер – қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен диалогтік әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі.
Оқушы белсенділігінің әсерін арттыру үшін қолданылатын әдістерді-интерактивті әдіс деп атайды.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқаруда оқушылардан модельдеуді және қатысушының дағдысын дамыту,яғни бүгінгі демократиялық қоғамға қажетті болуын талап етеді.
«Интерактивтік»деген сөз энциклопедияда көрсетілген,итеракция деген ұғымнан шығады.Ал интеракция жеке индивидтің,жұптың,топтың өзара біріккен әрекеттке бір-біріне алма-кезек әсер етуі.Интеракция әрекет барысында,әсіресе диалог сөзге үйретуде субъектілердің белсенділігін,оларды шығармашылық ниетін және бірігіп әрекет етуге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Интерактивті оқыту әдісінің ең бастысы,жауаптың өзінен де мәселені шешу үдерісінің маңызды немесе маңыздырақ екенін түсінуі.Интерактивті әдістің мақсаты тек қана ақпарат беру ғана емес,оқушының өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастырумен байланысты.
Интерактивті әдісті белсенді қолданып жүрген мұғалімдер тиімді оқыту,тек қана өзара әрекеттер үдерісінде болатынына сенімді.Олар оқушылардың талқылау кезінде оқып және естерінде сақтайды деп есептейді.
Жұппен немесе шағын топтағы өзара әрекеттердің тиімділігі мынада:
1)оқушы,өз көзқарасын сынып алдында айтпаса немесе тек мұғалімге ғана айтса,өз идеясымен шағын топтағы құрдастармен бөліседі.
2)оқушылар өзінің керемет көзқарасынан да басқалардың өз көзқарастары болатынын біледі.
Топтық жұмыста оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді.
Интерактивті әдістемеде,сабақ өткізудің басқа әдістемелеріндегідей топта қарым-қатынас жасауды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін көптеген тәсілдер бар.Соның бірі «Ұқсастықтар мен айырмашылық»бұл тапсырмада оқушылар мәтін бойынша ұқсастық пен айырмашылық салыстырылады.Ол затта қандай белгілердің бірдей екендігі және қандай белгілердің әртүрлі екендігі (олар немен ерекшеленетіндігін)жазуға нұсқау беріледі.Ал «Ранжирлеу (сап түзеу)»бұл тапсырмада оқушылардан мәтін немесе өлең бойынша біраз ой,пікірқарастыруға және маңыздылығына қатысты немесе әрқайсының басқалармен салыстырғандағы құндылығын анықтауға болады. «Сәйкестіктерді іздестіру»тәсілінде оқушылардан сөздің немесе сөзтіркестердің сәйкестілігін анықтау талап етіледі,бұл тапсырманы оқушыларға қиын мәтінмен жұмысты бастардың алдында беру ұсынылады.Бұл түсінік оқушылардың қабілетін қорыту мақсатында беріледі.«Рейтинг»тәсілінде оқушылардан бағалау түрінде берілген мәтіндегі бірқатар тапсырмаларды және олардың рейтингінің критерилерін қарастыру болып талап етіледі. «Жіктеу»тәсілінде мәтінде оқушылар критерилерге сай берілшен бірқатар тапсырмаларды жіктеуге тапсырма беріледі. «Жалпылау»тәсілінде оқушылар мәтінде берілген тапсырмада түйінді тұстарды анықтап және әртүрлі тәсілдермен әдіптеп жазуы керек. «Дұрыс/Дұрыс емес»тәсілінде оқушылар берілген тапсырманы орындағанда негізгі идеяға мұқият қарайды және олар дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтайды.
«Дұрыс немесе өзгертуді қажет етеді.»осы тапсырманы орындағанда оқушылар негізгі ойды қарастырады және олардың дұрыстығын шешеді.Егер дұрыс болмаса,олар ұйғарымды ол дұрыс болатындай етіп жазуы керек. «Артықшылықтар мен кемшіліктер»мұндай тарсырмада оқушылардан бір құбылысты басқасымен салыстыру және бірқатар идеялардың кешіліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі. «Салдарларды анықтау»бұл тапсырманы орындағанда оқушылардан мәтінде берілген нақты әрекеттердің нәтижесін ойластыруды талап етеді.«Сіз қалай ойлайсыз?»бұл тапсырманы орындағанда оқушыларға ойлану керек,қалай,олардың көзқараыс бойынша,неге осылай болу керек.Біз қарапайым сұрақ қоюдың орнына бірнеше көзқарасты ұсынамыз.Осыдан кейін оқушылар өздеріне қайсысы жақын екенін шешуге тырысады. «Зерттеу және есеп»тапсырманы орындау үшін оқушылар мәтінді жақсылап түсініп оқып,алған соң,тобы бойынша сол мәтінге зерттеу жүргізеді.Топта мәтіннің негізгі идеясын табады. «Рөлдік ойын»бұл тапсырманы орындауда бірінші топ бойынша мәтінді оқып,талқылап,ақылдасады.Екінші мәтінді топ бойынша рөлге бөліп оқиды.Сосын мәтін бойынша рөлдік ойын ұйымдастырады.Ойын соңында әр қатысушыға кері байланыс жүргізеді.
«Миға шабуыл»бұл тапсырмада оқушылар тақырып бойынша өз идеяларын ұсына алады.Барлық оқушылардың айтқан идеялары сынсыз қабылданады. «Пікірсайыстар»оқушылар бір тақырып бойынша қойылған мәселені «иә жоқ қарсы»шешуі зерттеледі.Осы тәсілдерді сыныпта пайдалана отырып,оқушыларды диалог арқылы жұпта,топта жұмыс жасағанда оқу белсенділігі,жауапкершілік сезімдері,достық қарым-қатынастары,өзін-өзі реттеулері,бағалаулары,сыни тұрғыдан ойлаулары дамиды.
Айта кетсем осы тәсілдер «Интербелсенді»оқуға негізделген деуге болады.
Интербелсенді оқу/оқыту әрекет көмегімен және әрекет арқылы үйрену,үйрету болып табылады.Мұндай ұстаным қомақты нәтижелерге жеткізетін ең тиімді жүйе деп есептелінеді.Бұған дәлел деуге болады оқушы жадында бірнеше мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады .Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций былай деген екен: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын,көрсетсең-есте сақтармын,ал өзіме жасатсаң-үйренемін!»
Баланың бойында терең ойлану,өз идеялары мен әрекеттерін талдау,
бағалау,пікірталастарға қатысып өз ойы мен пікірін дәлелдеу,басқа балама пікірді ескеруі және шешім қабылдауы,қиын мәселелерді шешуі бала сол күнгі білімді есте сақтайды.
« Оқу-адамды білімді болуға,әңгімелесу тапқырлыққа,естігенді жазып отыру-дәлелдікке тәрбиелейді»,-деген екен Ф.Бэкон.Оқу материалын оқып үйрену кезінде оқушылардың таным белсенділігі жоғары болатынсабақ қана білімнің сапалы көрсеткішін береді.Ол үшін осы аталған әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануы мұғалім шеберлігіне байланысты.
Мен өзімнің тәжірибемде сабақтың тиімділігін арттырудың бір жолы,оқушыларға танымдық тапсырмаларды,тиімді әдістерді көп қолдануға тырыстым.Ойын тәсілдері арқылы бастауыш сынып оқушыларымен сабақты ұштастырып отыру керек.Ойнау барысында балалардың дербес ойлау мүмкіндігіне көңіл қоя білу қабілеті дамиды.
Менің ойымша ,әр мұғалім«сындарлы оқыту теориясына» бағытталған деңгейлік бағдарламасында айтылғандай түрлі тәсілдерді күнделікті сабақта қолданса , ғана еңбегінің жемісін көреді.Сондықтан жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.Яғни, бала жан-жақты дамыған, білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын, өзіне сенімді, отанының әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат болуы тиіс.Жан-жақты дамып,өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын болады.
Пайданылынған әдебиеттер:
1.Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару Алматы-2014жыл
2.Кембридж университеті бағдарламасының негізінде тренерлердің тәжірибе алмасу мастер-кластары Алматы-2014жыл
3. «Мектептегі сі-әрекетті зерттеу»әдістемелік құрал Алматы-2013жыл
4.А.Әлімов.Интербелсенді әдістеме 2013жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.