.
.
Оразалы Ақмарал Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2764 | Размер: | Автор: Нартай4540Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі
Пәні: Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қ.Жұмағалиев «Мен соғысты жек көрем!»
Сабақтың мақсаты: а) өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру, мазмұнын түсініп, өз сөзімен айта білуге баулу.
ә) тіл байлығын дамыту, бейбітшілік туралы түсінігін кеңейту. б) жас ұрпақтарды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, еліміздің саясатын қолдауға, ерлікке, достыққа адал болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, слайдтар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау
Н.Айтовтың «Алтын сөз» өлеңін жатқа айту
- Бата берген атасы көпке не тіледі?
- Балаға кім бол деп тілейді?
- Ата сөзі қандай сөз?
- Қандай бата сөздерін білесің?
3. Жаңа сабақ
Слайд көрсету. Ұлы Отан соғысы туралы деректер. Соғыс туралы әңгімелеу.
- Соғыстың жаман екенін ұқтық. Енді осы апатқа қарсылығын өзінің өлең жолдарымен білдірген ақындарымыздың бірі – Қайрат Жұмағалиев ағамыз.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қ.Жұмағалиевтің «Мен соғысты жек көрем!» өлеңі
Сабағымыздың мақсаты – өлеңді мәнерлеп оқи отырып, мазмұнын ашу.Өз Отанымызды сүюге, ерлікке,достыққа адал болуға баулу.
Слайд. Автор Қ.Жұмағалиев туралы мағлұмат.
Қ.Жұмағалиев – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы. Ол 1937 жылы, 16 – қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Бесқұдық ауылында дүниеге келген. «Туған өлкем», «Таба нан», «Кәмпит туралы баллада» атты т.б. шығармалары бар.
4. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу, мағынасын ашу. Іштей, тізбектей оқу
5. Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс Қасірет – басқа түскен уайым, қайғы.
Жырақ – шалғай, алыс, қашық.
- Балалар, әр тапсырманы орындағаннан соң батырларымыздың құрметіне мәңгі алауға гүл шоқтарын қойып отырамыз.
6. Шығармашылық жұмыс
Сынып оқушыларын үш топқа бөлу.
1. Оқу орталығы – өлеңді тізбектей оқиды.
2. Жазу орталығы – өлеңдегі ұйқасып тұрған сөздерді теріп жазады.
3. Шығармашылық орталық – ұйқас сөздерді пайдаланып, өлең құрастырады.
Слайд. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.
1. Оқу орталығы – өлеңнің мазмұнын айтады.
2. Жазу орталығы – бейбітшілік, батыр, туған ел туралы мақал – мәтел жазады.
3. Шығармашылық орталығы – бейбітшілік туралы сурет салады.
Слайд. Мәңгі алауға гүл шоқтарын қою.
Слайд. Ойын «Сөзден сөз тудыр»
Бейбітшілік сөзінен жаңа сөз тудыру.
Бейбітшілік – Бейбіт, шіл, кіл, тік, тік, шік, кіші, ішік, кілт, бейіт, іл, ілік, екі, тіл, іш, етік, шет, шеті, ет, еті, біте, тіке, бет, тек, кет, білік, білек, бекіт, Бекіш, бел.т.б.
Слайд. Мәңгі гүл шоқтарын қою.
Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта қандай өлең жолдарымен таныстық?
- Ұлы Отан соғысы қай жылдар аралығында болды?
- Өлеңдегі балалардың тілегі не?
- Өзің қандай тілек тілер едің?
Слайд.
- Қара бұлтқа оранбасын Күн көкте,
Барлық халық бейбіт өмір сүрмек де!
Отанымның бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұста, құрметте! – деген ақын ағаларымыздың өсиет сөздерін есте сақтап, сол Отан үшін қаза болған батырларымызды бір сәт еске алайық!
Батырларды бір сәт үнсіздікпен еске алу
Слайд. Көгершіндер ұшыру
- Сабағымызды еліміздің тыныштығы үшін «Бейбітшілік сақталады» әнімен аяқтаймыз.
Ән «Бейбітшілік сақталады»
Бағалау
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, мағынасын ашу.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.