.
.
Қостанай облысы Жұрнақ
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1661 | Размер: | Автор: Нартай4540Аманкелді ауданы
Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Аубакирова Гүлмира Кеңесқызы, бастауыш сынып мұғалімі, 2- сынып
Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта өтілген жұрнақ жайында алған білімдерін пысықтау; жаттығу жұмыстарын орындау арқылы алған білімдерін толықтыру. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ойлауын, тілін дамытуға ықпал ету, жетілдіру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, татулыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, жеміс ағашы
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру
Сәлемдесу
Оқушыларды сабаққа даярлау
Қажетті құралдарын тексеру
Психологиялық ахуал
Қазақ тілі-
Атаң, Анаң,
Қуат алар Отан да одан
Дүниеде ешбір асыл
Тең келмейді қатар оған
Тіл ұстарту,
Тіл сындыру-
Сөз сиқырын,
Кілтін білу
Елмен елді елдестірер
Естелікке ұмтылдыру.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу
«Асық ойыны» арқылы өткен сабақты пысықтау.
Туынды сөздерді тауып, түбірі мен жұрнағын табу.
ІІІ. Негізгі бөлім
- Балалар, мына ертегіге назар аударайық. Біз білмейтін шексіз бір елде Сөздер өмір сүріпті. Ол ел Түбір деп аталынған екен. Дүниеде сөз біткеннің бәрі сол елде, кең сарайда тату- тәтті бірге тұрыпты.
Бір күні сөздер өзара бір нәрсеге келісе алмай сен ұзынсың, сен қысқасың, сен көпшілсің, сен көпсің деп бастары сыймапты. Мұны естіген хан оларды жинап алы: «Сендер өз мағыналарына қарай бөлініңдер.
Сосын әрқайсысыңды бөлек үй қылып қоямын - депті». Сөйтіп олар өздерінің белгілеріне қарай бөлінініп, оларға ұқсас ат беріледі.
Ендеше мінезі бірде былай, бірде былай болып, сөздердің мағынасын өзгертіп отыратын елді- мекенге сапар шегеміз.
Ол үшін алдымен ребус шешіп алайық. Ребус шешу арқылы «Жұрнақ» сөзін шығару.
- Балалар, бүгінгі сапарымыз сәтті болуы үшін тапсырмаларды орындап, түрлі кедергілерден дұрыс өтсек сол елдегі киелі де сиқырлы жеміс ағашынан дәм татамыз. Сиқырлы ағаштың алмасын алу сіздерге байланысты.
Ендеше біз «Жұрнақ» ауылындамыз.
Олай болса бізді қонаққа алғашқы үй күтіп отыр екен. Ол үйге кірмес бұрын алдымен тапсырмаларды орындап алайық.
1- жаттығу.
Жұмбақтың шешуін тауып, туынды сөздерден түбір мен қосымшаны ажырату.
Ақ шатырлы бір қала,
Суда жүзіп жүр дара. (Кеме)
Шатырлы- түбірі- шатыр, жұрнағы- лы.
2 – жаттығу.
Киіз үйдің екінші тапсырмасы.
Көп нүктенің орнына –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін қой.
Алматыда бокстан болған жарысқа еліміздің барлық қалаларынан оқушылар келді. Айбек жарысқа келгендерді таныстырып үлгерді: мен – астаналық, Ерлан – алматы..., Үсен – ақтау..., Айбар – атырау..., Сержан – шымкент...., Ернұр – тараз..., Арман – өскемен...., - деп айта бастады.
3 – жаттығу. Өлеңді жатқа айт. Туынды сөздерді тап.
Құлыншақ.
Құлын, құлын, құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Құйрығында құндызы,
Маңдайында жұлдызы.
Сергіту сәті.
Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды,
Ағаштарды сілкіді.
Қуанғаннан билей берді.
Жұрнақ ауылының келесі үйі.
4 – жаттығу. Көшіріп жаз, туынды сөздерді тап.
Көпшілік алдында әдепсіз сөйлеме. Бақытты болғың келсе – жаман әдеттен аулақ бол. Инабатты, сыпайы бол.
Ой шақыру.
Әдепті
ұқыпты білімді инабатты ақылды
5 – жаттығу. «Өз үйіңді тап» ойыны
Түбір сөз . Туынды сөз
Жұлдыз
Домбырашы
Сауысқан
Ақылды
Балалық
Таулар
Теңізші
Ішінен таңдап алынған сөздерге сөйлем құрау.
IV. Қорытынды. Сөзжұмбақ шешу.
1.
Ж Е Л Т О Қ С А Н
Ұ Қ Ы П Т Ы Л Ы Қ
Р А Д И О
Н А Н
А Л Т Ы Н С А Р И Н
Қ О С Ы М Ш А
1. Қыс мезгілінің алғашқы айы.
2. Оқушы бойынан табылатын жағымды қасиет.
3. Байланыс торабының бірі
4. Ас атасы
5. «Кел, балалар, оқылық!»- деп оқуға шақырып алғаш мектеп ашқан ағартушы педагог
6. Түбірге жалғанатын бөлшек.
- Жарайсыңдар, балалар! Осылайша біз Жұрнақ ауылына да жеттік.
V.Үйге тапсырма. 6 - жаттығу . 133 бет.
VІ. Бағалау . Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды мадақтап, сиқырлы жеміс ағашынан алмалар тарату.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.