.
.
Тақырыбы: Жж дыбысы мен әрпі Ж ж дыбысы мен әрпі
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1715 | Размер: | Автор: Нартай4540Білімділік мақсаты: Оқушыларды Ж дыбысы мен әрпімен таныстыру. Ж дыбысы бар сөздерді оқыту, жазғызу. Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру. Басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Логикалық ойларын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыта отырып, дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік, жұмбақ, ребус (суретті жұмбақ) шешу
Технологиясы: дамыта оқыту стратегиясы
Көрнекілігі: Ж әрпінің баспа және жазба түрі, интерактивті тақта, кеспе әріптер, суреттер, Ж әрпінен басталатын мақал-мәтелдер.
1. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа.
2. Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.
3. Жақсы сөз – жарым ырыс.
4. Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Оқушылардың ұраны: Сабаққа біз даярмыз
Жалқаулықты қоямыз
Жақсы оқып әрқашан
Кілең бестік аламыз.
Мұғалім: Бір, екі, үш
Сынып іші тып-тыныш
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабағымызды бастаймыз.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақтағы Ғғ дыбысын қайталатуда
а) «Сандар арқылы сөзді тап» ойынын ойнату.
1 2 3 4 5 6 7 8 9
Б Ғ А Ж С Т Л Ы М
1 3 7 2 3
Б А Л Ғ А
5 3 2 3 6
С А Ғ А Т
6 3 2 3
Т А Ғ А
1 3 2 3
Б А Ғ А
3 2 3
А Ғ А
4 3 2 3
Ж А Ғ А
ә) Өткен әріптер бойынша «Әріптерді сөйлет» ойынында балалар әріптерді айтып, олардың дауысты және дауыссыз дыбыстар екенін атап, олардан сөз құрап, өз үйлеріне апарады.
3. «Қоңыз бен құмырсқа» әңгімесін айту арқылы жаңа сабақты бастау.
Құмырсқа қоңыздың алдынан шығады. Қоңыз ж-ж-ж деп орманнан келе жатады.
Құмырсқа:
- сәлем, қоңыз!
Қоңыз:
- ж – ж – ж, сәлем, құмырсқа!
Құмырсқа:
- қайдан келесің?
Қоңыз:
- ж – ж – ж, балаларыма тамақ әкеле жатырмын!
Олай болса, балалар қоңыз қалай дыбыс шығарады екен?
«Ж-ж-ж» деп, олай болса бүгін біз «Жж» дыбысымен танысамыз.
Дыбыстату: «Жж» дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк түспен көрсетеміз. «Жж» дыбысы сөздің басында, ортасында жазылатынын айту.
1) Ж – ұяң дауыссыз дыбыс
2) Жасалуына қарай - тіл алды дауыссыз
3) Айтылуына қарай – ызың дауыссыз.
«Ж» әрпінен басталатын сөзжұмбақтар шешу.
1. Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады (жұлдыз)
2. Аспай піскен.
Қайнамай түскен (жеміс)
3. Жазда тұрып жоғары
Күзде жерге қонады. (жапырақ)
4. Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (жұмыртқа)
Тіл дамыту жұмыстары бойынша жұмыс жүргізу.
Жа-жа-жа Менің атым Қожа
Жу-жу-жу Желбірейді ту
Таза болсын су
Сен қолыңды жу.
«Ж» сөзтуымын жүргізу.
1. Ең ыстық мезгіл.
2. Төрт түліктің бірі.
3. Қыс айы қай айдан басталады?
4. Күзде сарғайып түсетін не?
5. Жазда жапырақтың түсі қандай?
6. Тілінде «уы» бар не?
7. Адамның аты
«Ж» әрпінің жазылуын көрсету.
Бірінші элементі - үлкен жолдың ортасынан сәл төмен қаламымызды қойып, солдан оңға қарай доға сызықты үлкен жол ортасынан айналдырып, төмен тартамызда, жазу жолының төменгі сызығына тигізе доға сызықты сәл көтереміз.
Екінші элементі – жазу жолының жоғары сызығының доға сызықпен қиылысқан тұсына қаламымызды қойып, оңға қарай үлкен жол ортасына дейін көлбеу сызық түсіреміз де, бұрыш жасай отырып, сызықты төмен қарай жазу жолының сызығына дейін жалғастырып, оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының үстіңгі сызығына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – бастапқы нүктенің тұсынан екінші доға сызықты оңнан солға қарай жүргіземіз.
Кіші әрпінің жазылуы.
Бірінші элементі – жазу жолының ортасынан қаламыңды қой. Солдан оңға қарай жоғарғы сызыққа тигізе доға сыза отырып, төмен тартамыз да сызықты астыңғы сызыққа тигізе солға қарай иеміз.
Екінші элементі – доға сызықтың ортасына қаламыңды қойып, жоғары сызыққа дейін көлбеу сызық жүргіземіз. Сызықты төмен астыңғы сызыққа жеткіземіз де оңға қарай бұрыштап көлбеу сызықты жазу жолының ортасына дейін көтереміз.
Үшінші элементі – енді осы сызыққа қосылатындай етіп, солдан оңға қарай жолды толтыра тағы да доға сызық сызамыз.
Дәптермен жұмыс. Тілашар дәптеріндегі (43-бетте) Ж әрпінің бас және кіші әрпін үлгі бойынша үстінен бастырып қолдарын жаттықтыру.
Сергіту сәті. Шеңберге тұрып айту.
Топ-топ-топ –топ басайық,
Жалаудан күн жасайық
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтың 48-бетіндегі буындар мен сөздерді оқушыларға кезек-кезек оқыту.
«Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан әріптерден сөз құрайды
Бекіту.
«Ұйқасын тап!» ойыны арқылы кеспе әріптерден сөз құрап, талдау.
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - … (жүзім)
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті,
Шағып қара таңдап,
Оның аты – … ( жаңғақ)
Құйрығы он қарыс,
Бұл айбатты … (жолбарыс)
Қорытындылау.
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» тақырыбында сюжетті сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Үйге тапсырма.
«Жж» әрпін жазу. «Үйде» мәтінін оқып келу.
Мадақтау.
Оқушыларды бүгінгі сабаққа назарларын аударып қатысқандарына алғысымды білдіріп, әрбір оқушының сабаққа қалай қатысқанын айтып, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.