Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
«Жаңбыр» - Қабдікәрім Ыдырсов. -

«Жаңбыр» - Қабдікәрім Ыдырсов.

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 2557 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сеитова Гульмира
Шымкен қаласы, №50 А.Байтұрсынов атындағы
көпсалалы мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: «Жаңбыр» - Қабдікәрім Ыдырсов.
Сабақтың мақсаты: а) Білімдік мәні – Оқушыларға табиғи құбылыс, оның өзгерісі туралы ұғым қалыптастыру.
ә) Тәрбиелік мәні – Табиғатты қорғай білуге, жанашырлыққа, әсемдікті сезіне білуге үйрету.
б) Дамытушылық мәні – Сөздік қорын молайту, тілін дамыту, сөйлемдерді өз ара байланыстырып, ойды жүйелі жеткізуге, мәнелеп оқи білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Сызбалар мен бүктемелер, Венн диаграммасы үлестірмелі қима қағаздар, деңгейлік тапсырмалар мен тестік жұмыстар.
Сабақтың әдісі: Эвристикалық, проблемалық әдіс.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, ән күй.
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу тазалыққа көңіл бөлу, балалардың көңілін сабаққа аудару.
ә) Қайталау кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
- Балалар, казір жылдың қай мезгілі?
- Ал күннің ше?
- Дұрыс, таңертеңнен кейін қай мезгіл келеді,
- Содан кейін ше?
- Жарайсыңдар! Кеш демекші, үй тапсырмасы кеш жайлы емес пе еді! Қалай еді, кім айтады?
Оқушылар әңгімелеп өтеді.
Оқушыларға авторлар жайлы сұрақ береді.
- Балалар, енді осы жазушы ағалардың кеш жайлы шығармаларын салыстырып өтейікші.
Оқушылар екі шығармадағы сөйлемдерді салыстырып өтеді

Дөң басы өзгеше көңілді

Салқын леп тұнық Аспан жерге төніп
ауада білінеді жақындап жымдасқандай

Кешкі дөң басында

Қызыл күн күннің зәрі
ұясына кіріп барады ұзынша бұлт қайтып әлсізденеді
қызыл күнді ентелеп тұр

Мал ауылға беттейді
Самал жел еседі Сиырлар сауғанша асық
Адам жануарлар
тыныс алады Кеш Гүлдердің иісі мұрын
Құлын тайлар жарады
балаша ойнақтайды Сауыншылар шелектерін
дайындайды

- Балалар, енді біз кеш мезгілінің түскенін толық біліп алдық кешкі мезгілге тиісті халқымыздың ырым – тиым сөздерін еске түсіріп айтып өтейікші:
1. «Кешке ұйықтауға болмайды».
2. «Кешке суға бармайды»
3. «Кешпен таласып кір жумайды».
4. «Кешке тырнақ алуға болмайды».
В) Ал енді кеш мезгіліне байланысты салған суреттеріңді әңгімелеп беріңдер.
ІІ. Жаңа материалмен таныстыру.
А) Психологиялық дайындық.
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып бір тұрып
Біз демалып алайық
- Балалар бүгін біз сендермен Қабдікәрім Ыдырысов ағаның «Жаңбыр» атты өлеңімен танысамыз.
Қ. Ыдырысовтың өмірі мен шығармашылық жолын қысқаша баяндап өту.
ә) Қызығушылығын ояту.
- Балалар жаңбыр дегеніміз не?
- Жаңбыр көбінесе қай мезгілде жауады?

Күн салқындайды Ауа тазарады

Өзендер мен көлдер жаңбыр Шаң басылады
суға толады
Егіс өседі
Күн күркірейді Дала көгереді

Б) Ой шақыру.
«Жаңбыр» атты өлеңді жатқа мәнерлеп оқу мағынасын түсіндіру. Плакатқа салынған сурет бойынша әңгімелеп шығу.
В) Мағынаны ашу.
А) Өлеңнің бірінші шумағында ақын нөсер алдындағы аспанды қандай адамға ұқсатады? Неліктен?
Ә) Табиғаттағы өзгеріс жөнінде кай шумақта айтылған?
Б) Нөсер алдындағы қарбалас тірлік туралы не делінген?
В) Ақын қандай көңіл күймен жазған деп ойлайсыңдар?
Г) Жаңбырдан кейінгі бала қуанышы жөнінде не айтылған?
Оқушылар қима арқылы жауап береді
Д) Ой толғау.

Өлең шумақтары арқылы оқушыларды топқа бөліп эмблемаларын тапқызу.
1. топ
Найзағай жарқылдап
Сатырлап нөсері
Қар еріп далада
Бәйшешек гүлдеді
жауабы: Көктем, эмблемасы кемпірқосақ.
2. топ
Көк ала кілем
Жасыл шөп
Тамылжып иісін аңқытты
Кеуде толып жас иіс
Тән мен жанды балқытты
жауабы: Күз эмблемасы гүл.
3. топ
Бұлт. Тұман
Сары жапырақ жауады
Сары құйын ұйтқыған
Сапырады ауаны
жауабы: Күз эмблемасы жапырақ.
Үш топқа жаңбырдың пайдасы, зияны және жаңбырдан кейінгі табиғаттың өзгерісі туралы тапсырма беру.
2 Шығармашылық жұмыс.
Әр бала өз қабілетімен деңгейіне қарай тапсырмалар орындайды.
а) Шығарма жазу
ә) Әңгіме құрау
б) Диафильм жасау
в) Сурет салу
г) Өлең шығару
д) Ертегі құрастыру
Қортынды жасалып бағаланады.
- Балалар бүгін біз қандай табиғи құрылыспен таныстық?
- Жаңбырлы күнгі ауа райы қандай болады екен?
- Сендерге ондай күн ұнайды ма?
Үйге тапсырма беру: а) Өлеңді әрі қарай өрбіту.
ә) «Нөсерде», «Жаңбырлы күн» деген тақырыптарда шығарма жазу тапсырылады.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.