.
.
Күні:14.04.2012 Жаңбырлы күні. Б,Майлин
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1884 | Размер: | Автор: Нартай4540Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Жаңбырлы күні. Б,Майлин
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Бейімбет Майлин туралы мағлұмат бере
отырып өліңнің мазмұнын ашу.
Міндеттері:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқуға, өлең бойынша талдау жасауға
үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрістерін, таным
белсенділіктерін, сөздік қорларын дамыту:
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, табиғатты сүюге,
тапқырлыққа, намысшыл болуға тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, тренинг, талдау, сахналау, сурет салу,
ән айту, кесте толтыру т.б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, дәптер, оқулық, қалам
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі, музыка, бейнелеу
Барысы:
1: Ұйымдастыру кезеңі: Тренинг «Тілек гүлдері»
2.Сахналау: Үйге берілген Талшыбық мәтіні бойынша көрініс көрсету;
3.Қызығушылықты ояту: «Жасырын сурет» әдісі
4.Мағынаны тану: «Әңгіме кестесі» әдісі
5.Сергіту сәті
6:Ой толғаныс: «Бірігіп сурет салу» әдісі
7.Бағалау
8.Қорытынды
9.Үй тапсырмасы
Өтілу барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі
- Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі біздің ерекше сабағымызға интерактивті тақта, кітап, дәптер, қалам, және әрине көтеріңкі көңіл – күй керек. Осы талғандардың бәрі бүгінігі біздің аудиториямызда барма?
- иа
Бізге сабақ өтуге мүмкіндік бар екен. Ендеше сабағымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық.
Тренинг: «Тілек гүлдері»
- Мен сендерге әр түрлі гүлдер таратамын. Сендер сол гүлге бүгінгі сабаққа, бір бірлеріңе айтар тіліектеріңді жазыңдар. Бұндай гүлдер келген қонақтарға да беремін.
- Осы жазған тілектерің бүгінгі сабақта көрініс тапсын деп, сабағымызды бастаймыз. Ал тілек гүлдерімізді бойтұмар ретінде партаның оң жағына қойып қояйық.
II. Сахналау
Үйге берілген Талшыбық мәтінінің желісі бойынша көрініс көрсету;
-талдау
III.Қызығушылықты ояту:
- Балалар тақтада ненің суретін көріп тұрсыңдар?
- Жыл мезгілдері
- Жыл мезгілдерін атайықшы?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Осы көктем мезгілі туралы қандай өлең шумағын білеміз?
- Егер сендер көктем туралы өлең айтсаңдар, жыл мезгілдерінің астында жасырын сурет бар, сол тақтаға шығады.
(Жазғытұрым өлеңін бір оқушы айтады)
- Рахмет балалар. Сендер кеөктем турвалы өлең біледі екенсіңдер. Сендердің білімдеріңнің арқасында біз жасырын сурет арқылы бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтадық.
- Бүгінгі тақырыбымыз Б.МАйлин. Жаңбырлы күні
(Сабақтың мақсатын айта кету)
IY. Мағынаны тану:
Бейімбет Майлин туралы түсінік беру;
Бейімбет –Қазақтың аса ірі жазушысы, ақыны. Ол 1894 жылы Қостанай обл. Таран ауданында туған. Ауыл мектебінен сауат ашқан, кейіннен Троицк қаласында медреседе, УФА қаласында Ғалия медресесінде білім алған. 1938 жылы Жазықсыз жазаға ұшырап, өмірден ерте кеткен.
Өлеңмен жұмыс:
-Мұғалім мәнерлеп оқиды;
-Түсіндіреді;
-Оқушылар тізбектей оқиды;
Балалар бүгін біз Б.Майлиннің Жаңбырлы күні өлеңімен таныстық, енді осы өлеңге талдау жасайық. ОЛ үшін «Әңгіме картасы» парағын толтырайық
1 топқа:
1.Өлеңнің аты?
2.Авторы Кім?
3.Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?
4.Жаңбыр жауар алдында аспанда қандай өзгеріс болады?
2 топқа:
1. Өлең не туралы?
2. Б.МАйлин кім?
3. Жаңбыр жылдың қай мезгілінде көбірек жауады?
4. Жаңбырдың қандай түрлерін білесіңдер?
Y. Сергіту сәті:
Жұмбақ шешу
Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Өрінен мен түскенде,
Өңі кірер даланың. (жаңбыр)
Тренинг: «Мені жалғастыр...»
Оқушылар әннің бір шумағын айтады, қонақ мұғалімдер жалғастырады.
КЕлді көктем далаға,
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала
.............................. (мұғалімдер жалғастырады )
YI. Ой толғаныс:
«Бірігіп сурет салу» әдісі
Тапсырма: Жаңбырдан соң табиғатта болатын құбылысты суреттеу:
Салған суретін қорғау ( 1 топ: кемпірқосақ, 2 топ: гүл, көбелек, күн )
YII.Бағалау:
Семинар сабаққа келегн оқушыларға сыйлық ретінде баға беремін.
«Жақсы»-
«Өте жақсы»
YIII.Қорытынды:
- Балалар сабақтың басында жасаған бойтұмар гүлдерімізді қолымызға алайық. Гүлімізде қандай тілек жазылған?
- -Ендеше, болашақтағы өмірлерің бүгінгі сабақ секілді белсенді, қызықты, пайдалы әрі мағыналы болсын деп менде тілек айтамын.
Талаптарыңа рахмет,
Ең бастысы * ынта
Ал білім мен ұғымды
ЖЫЛДАР БОЙЫ ЖИНАРСЫҢ
Қоңырау соғылды
Кезек келді ойынға
САбақтан үйренгеніңді
Тырыс есте сақтауға!
IX.Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу:
Көктем тақырыбына эссе жазу
С.Оразалин атындағы орта мектеп
Өткізген: Н.Ешпанов
Аралтоғай селосы
2012 жыл
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.