.
.
Сабақтың тақырыбы: Жайықтың Қадыры Жайықтың Қадыры
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1797 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақтың мақсаты: оқушыларды ақын,жазушы Қ.Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық
қызметімен таныстыру, оның өлеңдері арқылы поэзияны сүюге,
қадірлеуге тәрбиелеу, әрбір өлеңінен адамгершілік, туған жер,
ақыл- ой, арман белестері бар екендігін сезіндіру, ой- өрістерін
дамыту
Сабақтың барысы:
- Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгінгі өткелі отырған «Жайықтың Қадыры» атты
поэзия сағатымызға қош келдіңіздер!
Тіл таба біл, бауырым, уақытпенен,
Егемендік келіспес қамытпенен.
Сәті түсіп тұрғанда ел болып қал,
Енді айналып келмейді бақыт деген, - деп жырлаған, қазақтың атақты классик ақыны, поэзия Пайғамбары, халық жазушысы Қадыр Мырза Әли- біздің қадірлі жерлесіміз. Ол ҚР-сының алғашқы әнұранының авторларының бірі.
Ақжайық өңірі қашанда ақынға да, азаматқа да ежелден кенде болмаған. Әр ақыны мен азаматының өз биігі бар. Қ.Мырза Әли ақындық жағынан да, азаматтық жағынан да ел тарихында биіктен көрінген, халқының сый- құрметіне бөленген қайраткер.
«Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі. Өзін білмесе де, сөзін біледі»,- деп белгілі жазушы, мемлекеттік, қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев тегін айтпаған.
Шынында да Қ.Мырза Әли өмір бойы қолынан жүйрік қаламы түспеген үлкен дарын, үлкен талант иесі.
Ақын өзін «Өмірбаян орнына» атты өлеңінде
Бәрін тез-тез болады деп кім күткен!
Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.
Мырзалының үміт артқан өлгенше,
Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.
Жүз демейтін- түсінеді жөнді ұққан,
Жалғыз едім мен бір ірі сомдықтан.
Жалғыз едім өспей қойған атадан,
Жоғалуға қақым жоқ- ты сондықтан.
Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім,
Білдім соның жүректерге жетерін,- десе, ал айналасындағы ортасы мен жанұясын
Ағайын жоқ ертелі- кеш андыздар,
Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.
Бар аздаған жолдастарым, достарым,
Олар да сол мен секілді жалғыздар.
Бар айтпақшы, жарқылдаған жарым бар,
Үш ұлым бар, құдай берген дарын бар.
Момын да емен, көне кетер қорлыққа,
Асау да емен, ала қашып арындар – деп жырға қосады.
Қадыр Ғинаятұлы Мырза Әли 1935 жылы қаңтардың 5 жұлдызында Жымпиты ауданында дүниеге келген. Қадырдың балалық шағы сұм соғыс жылдарына тұстас келген. Ол балалықтың тәтті балын да татып үлгермеді. Соғыс, жоқшылық, қайғы- бала Қадырды тез есейтті. Бұл жылдар туралы Қадыр былай есіне алады: « Мені сиыры бар үйден шайға сүт алып келуге жібереді. Тостағанымды көрсетпей, артымда тығып ұстап тұрам. Келе ғой демесе, шығып кетем » дейтін.
«Балалықсыз балалық» өлеңін мәнерлеп оқу.
Алғашқы еңбек жолын аудандық комсомол комитетінде пионер және мектеп бөлімінің меңгерушісі болып бастаған жас ақын, жұмыс басты болып жүрсе де шығармашылықтан қол үзбеді. Облыстық «Екпінді құрылыс» газеті (қазіргі «Орал өңірі») алғаш ақынның «Бейбітшілік көктемі» атты өлеңін жариялап, Қадыр Мырза Әлидің творчестволық тұсауын кеседі.
«Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады». Айдынова Айдана
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы Қ.Мырза Әли 1958 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін, аспирантурасын бітіреді. «Балдырған», «Жұлдыз» журналдарында біраз жыл өнімді еңбек етті. Ақынның алғаш өлеңі «Пионер» журналына жарияланса, «Көктем» атты өлеңдер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Содан бері күні бүгінге дейін елуден астам поэзиялық, прозалық және әдеби сын кітаптары шықты. Қ.Мырза Әлидің көптеген өлеңдері мектеп оқулықтарына енді.
«Дала» Муратова Г.
«Арман мен Ақыл» әні ЕсетоваГ., Жүнісов М.
Ақынның ерекше қасиеті – бұл аса мұқияттылығы, оның жеке кітапханасында арнайы картотека бар, бұл- көп оқитындығы. Өз ісіне аса жауапкершілікпен қаратындығы. Ақын өтірік айтқанды, уәдеге тұрмағанды, жауапсыздықты, жалақорлықты жек көреді.
«Жарыс» Тасқынбаев А.
«Бөпем» Жарылғасова Ә.
Қ.Мырза Әли- қазақтың ең атақты ақындарының бірі. 1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы
«Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.
«Бірінші бестік» Көшербаев А.
«Тамаша» әні, орындайтын Алтынның анасы Майра
Қазақ поэзиясында Қ.Мырза Әли алғашында балалар ақыны ретінде кеңінен танылды. «Жаңғалақтар»(1960), «Тақпақ айтып, ән шырқайық»(1961), «Алуан палуан» (1962), «Кішкене Қожанасырлар»(1961), «Омар мен Құмар»(1963), «Сабақ»(1964) атты кітаптарында балалардың тек өздеріне ғана тән- қимылдары, әрекеттері, сөздері т.б. тапқырлықпен бейнелейді.
«Диктант» Қуандықов Ә.
«Күшігім» Еронқызы А.
Ақын жырлары қазақ балалар поэзиясына жаңа тақырыптар, тың кейіпкерлер, көркемдік өріс әкелді. Бұл өлеңдер бала психологиясын жазбай тануымен және нақты, тапқыр детальдар арқылы таныта білуімен, тәрбиелік- эстетикалық қуатымен ерекшеленді.
«Сүйікті пән» Болатова Ш.
«Әже туралы жыр» орындайтындар Есетова Г.,Айдынова А.,Жүнісов М.
Бұдан кейін де Қ.Мырза Әлидің қаламынан балаларға арналған көптеген кітаптар жарық көрді. «Мешін мен адам»(1968), «Ноян қоян», «Күміс қоңырау»(1970), «Шымыр жаңғақ»(1984), «Биік баспалдақ», «Ақыл аспанда», «Жоғарыла, жасқанба»т.б. ұзын саны 20-ға тарта балаларға арналған өлең жинақтарының жарық көруі- ақынның балаларға деген ықыласының айғағы.
«Күз» Рауханов Д.
«Балмұздақ» Есетова Г.
Қ.Мырза Әли өлеңдері- оқырманның өзін- өзі тануы мен тәрбиелеуге деген ықыласына сын. Қазақ поэзиясында Қ.Мырза Әли жырлары ойлылығымен, парасат әлемінің кеңдігімен айрықшаланады. Көптеген өлең жолдары қанатты сөзге, нақылға айналды. «Жүректен шықпаса, жүрекке жетпейді», «Адам боп баста туғанмен, Адам боп қалу көп қиын» т.б. тәрізді әлі күнге айтылып келе жатқан ойлы да қанатты тіркестер – соның мысалы.
«Менің атам» Исалиев А.
«Жалқаубек» әні орындайтын Қайырғалиева Алтын
Қадыр- шебер аудармашы. Талантты ақынның еңбектері бірнеше тілге аударылып, сонау шетелдіктер тарапынан өте жоғары бағаланды. Әлемдік әдебиет өкілдері Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Ғамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің, т.б. жырларын қазақ тіліне аударған.
«Менің әжем» Жүнісов М.
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен» Мұқанов Ө.
Оның әнге арнап жазған өлеңдерінің саны 200-ден астам. Өлеңдеріне Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов, М.Сағатов, М.Маңғытаев, Е.Хасанғалиев т.б. көптеген тамаша композиторлар ән шығарған.
«Сыған серенадасы» орындайтын музыка жетекшісі Шакенов А.
Ақын бір сұхбатында: «Поэзия мені асырады, ал мен оған не бердім, оны оқырман, келер дәуір айтар. Осындай тағдыр берген Аллаға алғыстан басқа айтарым жоқ. Көп көрдім, көп жүрдім, көп еңбектендім. Бір де бір күнім қаламсыз өткен жоқ. Достарым көп, дұшпаным аз болды...»- деген.
Қадыр шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекшеленіп, ғасырдан- ғасырға тарих көшімен ілесіп, ұрпақтан- ұрапққа жалғасып, мәңгі жасай бермек. Ақын К.Ахметова сөзімен түйіндесек: «Қадыр Мырза Әли- ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын, ар- ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін, қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын.»
Қадыр шығармашылығы- халқымыздың рухани- тарихи дамуындағы қайталанбас айрықша тарихи- көркемдік белес.
Назарларынызға Қ.Мырза Әлидің сөзіне жазған жерлес композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін Мәдениет үйі қызметкері, Өркеннің анасы Марзия апайдың орындауында ұсынамыз. Қабыл алыңыздар.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.