.
.
№1 жалпы орта білім беретін мектеп Жалғау
Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1929 | Размер: | Автор: Нартай4540Сабақ жоспары
Тақырыбы: Жалғау
Қазақ тілі 2 «А» сынып
Орындаған: Биманова Қ
Тақырыбы: Жалғау
Мақсаты:
Білімділігі: Қосымшаның бір түрі жалғауды жаттығу арқылы білгізу.
Тәрбиелілі: Адамгершілікке тәрбиелеу.
Дағды: Сауатты, көркем жазу, түсініп орындау.
Көрнекілігі: Тірек – сызбалар, сауалнама, жеке суреттер, ребус, альбом.
Пән аралық байланыс: Ана тілі, дене, еңбек, бейнелеу, математика, дүниетану.
Түрі: аралас сабақ
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өтілгенді пысықтау.
Қайталау үшін: 1. Түбір және қосымша туралы ереже айтқызу, сурет арқылы сөйлем құру, жалғауларды атату.
2.Сауалнама 1-6
1/ а, 2/ә, 3/б, 4 /б, 5/ә, 6/а.
Туынды сөзді тап
а/ өнерлі ә/ өнер б/ ән
Түбір сөзді тап
а/ ботақан ә/ бота б/ қобызшы
Жұрнағы бар сөзді тап
а/ домбыра ә/ арба б/ ойыншық
Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а/ та-бал-дыр-ық ә/ таб-ал-ды-рық б/ та-бал-ды-рық
Бір буынды сөзді тап.
а/ дала ә/ құрт б/ көже
2 буын, 4 әріп, 5 дыбыстан тұратын сөзді тап.
а/ қияр ә/ тақия б/ сақина
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз: Спорт-денсаулық кепілі. Қазақстандық чемпиондарды атату – тен, нан, дан, ден, нен жалғаулар екенін айту.
Тақтамен жұмыс: 1-жаттығу: тан, ның, ге, бен.
Ауызша және өз бетімен орындату. 2-жаттығу
Сергіту сәті: Ребус
5. Жеке жұмыс 3-жаттығу бойынша мәтін құрастыру, жалғау жалғап сөзді жазу: Анасының, Сәуленің, күні, дастарханға, гүлдер, анасы.
Ауызша. 5-жаттығу, тақтаға түбір сөз жазғызу: көп, ешкі, көк.
ІҮ. Үйге тапсырма.
4-жаттығу, ережелерді қайталау.
Ү. Сабақты бекіту.
1. Ребус шешу.
2. Шығармашылық жұмыс.
1). Еңбек... нан... – тәтті
Жалқау... жан... – тәтті.
2) Ата... сөз... – ақыл... көз... .
3) Ас ата... – нан.
3. Терме диктант. Туынды сөздерді теріп жазу.
Анам маған қамқоршы. Роза Рымбаева – әнші. Құмырсқалар – еңбекқор. Бұл – тойхана. Әкем – аңшы. Күй атасы – Құрманғазы.
Логогриф:
Жолда тасалар ...
Бар ма іздеп ...
Әзірше күн ...
Барар жер әлі ... .
Шарада.
Бірінші буыны – құс, екінші буыны түс.
Шешуі: қазақ
Қазақ тілінің сөздік қоры өте бай. Тіліміздегі сөздердің түбірі мен қосымшасын меңгере білейік.
«Шашу» ойыны.
ІҮ. Бағалау, мадақтау.
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.