Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалқы және жалпы есім» -

Жалқы және жалпы есім»

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 1756 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосындағы Құрық орта мектеп-
гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Таңқаев Аманбай Әбітұлы

Қысқа мерзімді жоспар 11.02.2014 ж. Таңқаев Аманбай Әбітұлы Қазақ тілі 2- сынып
Сабақтың тақырыбы «Жалқы және жалпы есім»
Сабақтың мақсаты Білімдік: жалқы және жалпы есімдер туралы түсінік ала отырып, жаттығулар орындай отырып, білімдерін жетілдіреді Дамытушылық:білімге деген қызығушылықтары оянады Тәрбиелік: топтық жұмыс жасап, достық қарым-қатынаста бір-біріне көмектеседі, сыйластық қалыптасады

Күтілетін нәтиже

Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірінен ажыратады. Жалқы есімнің бас әріппен жазылуын есте сақтайды. Постер қорғауға жаттығады. Кері байланысқа үйренеді.

Сілтеме Қазақ тілі -2 сынып, «Атамұра» баспасы, электронды оқулық- қазақ тілі пәні үшін
Сабақта қолданылытын материалдар: Оқулық, стикрлер, А-4, кесте, жетондар, электронды оқулық, тірек сызбалары, плкаттар,монитор.
Сабақта қолданылатын әдістер: Топтық жұмыс, түсіндіру, АКТ, талдау және СТО технологиялары
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру бөлімі (3 минут)
Оқушыларды түгендеу. Оқушылар шөже, ал мұғалім қораз бейнесіне еніп «Шөжелер» би қимылы арқылы топқа бөлінеді (І топ жан-жануарлар мен аңдар, ІІ топ ыдыстар, ІІІ топ жеміс-жидектер)
Үй тапсырмасын тексеру (7 минут)
332- жаттығу, зат есім ережесі (үш топқа мысалдар келтірту) Үй жұмысын және өтілген материалдарды пысықтау барсында тірек сызбасы арқылы жұмыстар жүргізу. Топтық жұмыс: Монитор арқылы бірнеше сурет көрсету ( музыкалық сүймелдеумен) Сол суреттердің атын есте қалу бойынша жаздырту.
Жаңа сабақ (6 минут) Жалқы және жалпы есім. Оқушыларға 333-жаттығуды ауызша орындату арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашу және мысалдар келтіру. Ереже шығарту.
Бекіту (8 минут) Көркем жазуға «шөжелер» сөзін жаздыртамын.
334- жаттығуды біреше рет оқытып алған соң жатқа айтқызу. 335-жаттығудағы сөздерді пайдаланып сөйлем құрату
Сергіту сәті (2 минут) АКТ қолдану «Ква-ква»
Оқулық пен тақтамен жұмыс (5 минут) Тақтаға 336 жаттығуды орындатамын , талдау жасатамын
Тұжырым жасау (5 минут) Электрондық оқулық арқылы мәтін ішіндегі жалқы есімдерді тапқызу(Оқушылар тыңдайды, есте қалған сөздерді табады)
Шығармашылық жұмыс (4 минут) Үш топ берілген тапсырма бойынша постер қорғайды(жер-су аттары, адамға байланысты және жалпы есім)

Сематикалық карта бойынша жұмыс (3 минут) Оқушының аты-жөні____________________________________
сұрақтар

сөздер Кім? Не? Кімдер? Нелер? Жалқы есім Жалпы есім
Нағашылар + +
Шаналар + +
Қойшы + +
Астана + +
Гүлдана + +

Қорытындылау Бағалау
Үйге тапсырма Кері байланыс (2 минут) Сабақты сұрақ- жауап әдісі бойынша қорытындылау, оқушыларды бағалау,үйге ереже жаттап келу және жалқы есімге үш сөйлем жазып келу. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін ортаға салады.

Ашық сабақтан көрініс

Оқушылар шығармашылық жұмыстарын қорғауда

Оқушылар еңбектену үстінде

Сергіту сәті
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.