Наставник - сайт Открытых уроков. Учителя Казахстана. Образование в Казахстане
.
.
Жалаң және жайылма сөйлем -

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақ жоспары | Предметы | Бастауыш сыныпқа арналған ашық сабақтар Загрузок: 0 | Просмотров: 4612 | Размер: | Автор: Нартай4540
. Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы мағлұмат беру, сөйлемнің жалаң, жайылма болып бөлінуі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту, сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйрету. Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы сөздік қорын арттырып, сауаттылығын, ойлау жүйесін дамыту.
Тәрбиелік: Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі:ойқозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, ана тілі, бейнелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ережелер, интерактивті тақта, сюжетті суреттер, кеспелер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар бүгін айдың қай күні?
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыстың нешінші айы?
Жылдың нешінші айы?
Ендеше менің сұрақтарымды мұқият тыңдаңдар,толықтырып жауап беріңдер.
Психологиялық дайындық:
Мұғалім Оқушы
Екі көзің не үшін керек? – Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек? – Елге көмек беру үшін!
Құлақ деген не үшін керек? - Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Жүрек деген не үшін керек? – Жауларымнан қыңбау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек? – Ақиқатты айту үшін!
Ал аяғың не үшін керек? – Шетте жүрсем, Туған жерге қайту үшін!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Үйге қандай тапсырма берілгенін кім айтады?Әр оқушыға сурет бойынша жазып келген сөйлемдерін оқыту.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту: Кеспе тарату
1)Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
-Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз.
2) Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
- Екіге. Тұрлаулы, тұрлаусыз
3)Бастауыш дегеніміз не?
- Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөздерді бастауыш дейміз. Бастауыштар кім? Кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтарға жауап береді.
4) Баяндауыш дегеніміз не?
- Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздерді баяндауыш дейміз. Баяндауыш не істеді? Неғылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
5)Бастауыштан кейін не үшін сызықша қойылады?
- Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.
6)Тұрлаулы мүшелерді ата?
- Бастауыш, баяндауыш
7) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
- Сөйлемдегі бастауыш баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз.
8)Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?
- Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері деп аталады.
9)Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?
- Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.
Мысалы: Қонақтар төрге отырды.
Не істеді? - отырды, Кім отырды? – қонақтар, қонақтар қайда отырды? – төрге.
IY. Жаңа сабақ:
Интерактивті тақтада үш бұлт шығып тұр.

Сендерге қай бұлт ұнайды?
1 Бұлт – көк түсті, жайбарақат қалыпта.
2 Бұлт – ашық көгілдір, көзі күлімдеп тұр.
3 Бұлт – қара көк, ашулы.
Сендерге ұнаған бұлт (2) Балалар шапалақтайды.
Бұлт күлімдеп тұр. - Бұл жай сөйлем.
Біздің интерактивті тақтада тағы бірнеше қонақтарымыз бар екен.
Негеш: жай сөйлем мен оның түрлері туралы білсем дейді.
Білгішпек: - бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай сөйлем жалаң және жайылма болып екіге бөлінеді.
Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз «Жалаң және жайылма» сөйлемдер.

Мақсатын оқып беремін.
Экранға назар аударайық. Тәуекел, елтаңба, сіздер, белдік.
Асты сызылған буындар жиынтығынан еліміздің алда келе жатқан ұлттық мерекесінің атын құрауға болады. Ол қандай сөз екен?
Тәуелсіздік.
-16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
Яғни тәуелсіздік күні мерекесі келе жатыр екен. Еліміз тәуелсіздігін қай жылы алды?Тәуелсіздік күні қай күн? Биыл тәуелсіздікке неше жыл?
Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері өсіп –өркендеуде, дүниетану пәнінен өткен едік, әлемде теңгесі жоқ бас қаламыз Астана біздің мақтанышымыз «Әлем Қаласы» деген атаққа ие болды.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Тәуелсіз елімізді дүние жүзіндегі ең алдыңғы 50 елдің қатарына қосып, ең ірі елдермен терезесін теңестіруге ұмтылуда.
Тәуелсіздік еліміздің жүздеген жылдар бойғы арманы еді. Тәуелсіздікке қазақ халқы оңай жетті ме? Жоқ, Елі үшін, жері үшін күрескен қазақтың қандай батырларын біз ана тілі пәнінен өтіп жатырмыз.
Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай, Махамбет, Исатай, Жақия, Амангелді, Бауыржан Момышұлы, Әлия мен Мәншүк, Қайтар Рысқұлбеков т.б.
Биыл Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы 100 жасқа толды.
Қайрат Рысқұлбеков желтоқсанда өз өмірін құрбан еткен қазақтың қайсар ұлы, «Халық Қаһарманы».
Біз ана тілі пәнінен Қайрат туралы қандай әңгіме оқыдық, Қайраттың соңғы сөзін кім жатқа айтып береді?
«Ол ақын болар ма еді?»
А)Көркем жазу минуты
Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ Қ қ
Қайрат
Білгішпек тің тағы айтары бар екен:
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейміз. Қайрат- батыр. Қайрат күресті.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Қайрат – қазақтың қайсар ұлы. Қайрат тәуелсіздік үшін күресті.
Ә)оқулықпен жұмыс
79-жаттығу «Жоғалған сөздер» ойыны.
Интерактивті тақтадан сөздерді оқып,сөйлемдер құрау,сөйлем мүшелеріне талдау.

Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді.
Түн ұзарды. Мұғалім сыныпқа кірді.
Динара қуанды.

Құралған жалаң, жайылма сөйлемдерді тиісті пойыздың вагонына орналастыр.
81-жаттығу. Дәптермен жұмыс
Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.
Оқушылар батырмен кездесті. Жолаушылар аялдамаға жақындады.Ұстаз жаңа сабақты түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты.
Оқулықтағы сөйлеммен жазған сөйлеміңді қатар оқы, оқулықтағы қандай сөйлем?
Жалаң сөйлем дегеніміз не?
Жазғаның қандай сөйлем? Жайылма сөйлем дегеніміз не?
82-жаттығу. Топтық жұмыс
1-топ жалаң сөйлемдерді жазады: 2-топ жайылма сөйлемдерді жазады.
Күн жылынды. Ұшақ биікке көтерілді.
Бау байланды. Айман мені кітапханада күтеді.
Керек –жарақтың бәрі бар.
Әжем шұлық тоқыды.

Y Сабақты қорыту: Ребус шешу.

Тіл – қылыштан өткір. Жайылма сөйлем
Математика сабағымен байланыстырып берілген мақалдардағы цифрларды сөзбен оқиық:
1.Піл к3-ті
Піл к3-ті емес
Тіл к3-ті.
2.6-н балдақ қол сәні,
Әшекей т10 сәні.
3.4-еу түгел болса, төбедегі келер,
6-ау ала болса, ауыздағы кетер.
YI. Сабақты бекіту:Біздің бүгінгі сабағымыз Тәуелсіздік күніне арналды осы Тәуелсіздіктің нышаны болып есептелетін ҚЫРАН құс сендердің алған білімдеріңді тексеру мақсатында қауырсындарына сұрақтар қыстырып келіпті, соған жауап беріңдерші:
Жұмбақ
Өзім сөзден тұрамын
Аяқталған ойды құрамын. (сөйлем)
1)Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
2) Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?
3)Бастауыш дегеніміз не?
4) Баяндауыш дегеніміз не?
5)Бастауыштан кейін не үшін сызықша қойылады?
6) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?
7 )Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?
8)Жай сөйлем деген не?
9)Жалаң сөйлем дегеніміз не?
10)Жайылма сөйлем деген не?
Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
Қонақтарымыз да риза шығар деген ойдамын.Бүгінгі ерекше сабақта ерекше білімін көрсетіп көзге түскен оқушыларды бағалайын.
YII.Үйге тапсырма беру: 80-жаттығуды жазып, сөйлем мүшелеріне талдау, жалаң, жайылма сөйлемдерді ажырату. Ережелерді қайталау.

1)Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

2) Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

3)Бастауыш дегеніміз не?

4) Баяндауыш дегеніміз не?

5)Бастауыштан кейін не үшін сызықша қойылады?

6)Тұрлаулы мүшелерді ата?

7) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

8)Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері деп аталады?

9)Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?
Скачать методички (классные уроки) для учителей по разным предметам: история, литература, физика. Как провести урок с учеником, вам поможет грамотно составленный план урока. Занятия по математике, литературе, физике, информатике, химии, психологии.
.